Заңдық жауапкершілік түрлерінің жіктелуіне қатысты әртүрлі тәсілдер бар. Олардың қатарына мынадай жіктемелерді жатқызуға болады:
1. Қолданудың негізгі мақсатына байланысты: жазалаушы және орын толтырушы ( айыппұлдық) жауапкершілік;
2. Құқық бұзушылықтың түрлері мен қолданылатын санкциялардың сипатына байланысты: азаматтық-құқықтық, қылмыстық , әкімшілік, тәртіптік, материялдық )мүліктік) жауапкершілік;
3. Санкцияларды қолдану тәртібі бойынша: соттық және әкімшілік жауапкершілік;
3. Санкцияларды қолдану тәртібі бойынша: соттық және әкімшілік жауапкершілік;
4. Құқық бұзу субъектісі бойынша: дербес және ұжымдық жауапкершілік;
5. Жауапкершіліктің туындау және оны іске асыру тәсілі бойынша: құқық бұзу фактісі салдарынан заңнан тікелей туындайтын жауапкершілік және құқық бұзу туралы істі мемлекеттік органдардың тексеруы кезінде заң негізінде туындайтын жауапкершілік.
Заңдық жауапкершілік түрлерінің ішінен негізгі ( басты) және қосымша ( екінші дәрежелі) жауапкершіліктерді бөліп қөрсетуге болады.
Заңдық жауапкершілік түрлерінің ішінен негізгі ( басты) және қосымша ( екінші дәрежелі) жауапкершіліктерді бөліп қөрсетуге болады.
Жауапкершіліктің салалық және мамандырылған түрлеріне бөлінуі негізгі жауапкершілікке жатқызылса, жауапкершіліктің дербес және ұжымдық түрлерге бөлінуі т.б. қосымша жауапкершілікке жатқызылады.
ҚР-ның « Жеке – кәсіпкерлік» туралы заңында жауапкершіліктің негізгі екі түрі қарастырылған: 1) мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілігі; 2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ( соның ішінде дара кәсіпкерлердің) жауапкершілігі.