Қазақстан Ресрубликасының Қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған арнайы тарау ( ерекше бөлімнің 7 тарауы) бар. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды екі топқа бөлуге болады: 1.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалатын қылмыстар;
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерімен жасалатын қылмыстар.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерімен жасалатын қылмыстар.
- Бірінші топтағы қылмыстарға келесілер кіреді: « Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау»: дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу,-үш жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не жүз айлық есептіккөрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- « Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету» Жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алтын айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір ылға дейінгі мерзімге ас бостандығынан айыруға жазалады.