Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (268 – бап) міндеттеме деп бір адам ( борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасау, не болмаса белілі бір әрекет жасаудан тартыну міндеттілігін айтамыз.
Міндеттемелер төменде берілген азаматтық құқықтар мен міндеттерден, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден туындайды.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1. Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
2. Заңдарға сәйкес азаматтық- құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;