№ 9 зертханалық жұмыс Қанықпаған көмірсутектер. Этиленді алу және оның қасиеттері.
Жұмыстың мақсаты: этиленді алу , реакция теңдеулерін жазу .
Жұмысқа керекті жабдықтар Реактивтер: концентрациялы күкірт қышқылы мен этил спиртінің қоспасы (1:4) , бром суы, калий перманганатының 2% -тік сода қосылған ерітіндісі , керамика түйірлері немесе пемза , мыс , алюминий сульфаттары.
: пробирка , спирт шамы , түтік , тығын ,штатив , газометр.
Этиленнің (этеннің) С2Н4 құрамында бір қос байланыс бар. Этиленнің құрылымдық формуласы: СН2 = СН2.
Этилен молекуласының құрылысын шарөзекті модельмен бейнелеуге болады. Этилен молекуласында әр көміртек атомы екі сутек атомдарымен дара байланыстармен байланысады және өзара қос байланыс арқылы жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |