Этилен молекуласының концентрациялы күкірт қышқылымен әрекеттесуі. Құрғақ пробиркаға 2 мл концентрациялы күкірт қышқылын құйып , этилен шығып жатқан түтікті ептеп қышқылы бар пробиркаға енгізсе , қышқыл этиленмен әрекеттесіп , түссіз сұйық қоңыр түске айнала бастайд ы. Нәтижесінде сірке этил эфирі түзіледі .Реакция теңдеуін жазыңдар . Бұл реакция өндірісте қаныққан көмірсутектерін қанықпаған көмірсутектерінен бөлу үшін ұолданылады .
Этилен молекуласының конценртациялы азот қышқылымен әрекеттесуі . Құрғақ пробиркаға 2 – 3 мл конценртациялы азот қышқылын құйып , оған этилен газын жіберсе , қышқыл этиленмен әрекеттесіп , қоңыр тарта бастайды , сол кезде пробирканың қатты қызуы мүмкін , сондықтан оны суға салып салқындату керек . Реакция нәтижесінде смола тәрізді күрделі қоспа түзіледі . Реакция теңдеулерін жазыңдар .