105.Қазақстандағы ҚАЙТА ҚҰРУ саясаты. КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды. М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді.Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.1987 жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері азайды.Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіні айқын болды. Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды.1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді.