90.Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы. Ф. И. Голощекиннің кіші қазан саясаты


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.Бейбіт құрысылқа көшудің қиындықтары



бет9/21
Дата26.12.2023
өлшемі74,92 Kb.
#143989
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
тарих 90-116

100.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.Бейбіт құрысылқа көшудің қиындықтары.
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін.1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді.Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады.Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет