90.Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы. Ф. И. Голощекиннің кіші қазан саясаты


МӘДЕНИ МҰРА мемлекеттік бағдарламасы:мақсаты мен негізгі кезеңдері



бет20/21
Дата26.12.2023
өлшемі74,92 Kb.
#143989
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
тарих 90-116

114.МӘДЕНИ МҰРА мемлекеттік бағдарламасы:мақсаты мен негізгі кезеңдері.
Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады.Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді.2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірістіОның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған.«Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу.Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия,этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру;«Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленуде.Мемлекеттік бюджеттен мәдени мұраны жүйелендіруге, сақтауға және дамытуға маңызды құрал бөлуге қарастырылған. Бірінші кезеңінде 2,7 млрд.теңге, екінші кезеңінде – 4 млрд. аса, үшіншіге – 5 млрд.аса қаражат бөлінді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру,сақтау және қалпына келтіру.Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалышатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген,ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады.Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді. Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында – Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ,Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша-бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені.Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды.Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақроманын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды.Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет