91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


Дамудың туа біткен ақаулықтар (ДТБА) келесі түрлерге бөлінеді



бет3/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Дамудың туа біткен ақаулықтар (ДТБА) келесі түрлерге бөлінеді:

А) оқшауланған (бір мүшеде орналасқан, мысалы стеноз); б) жүйелі (бір мүше жүйсімен байланысты, мысалы хондродисплазия); в) көпшілік (екі мүше жүйесінде және одан да көп).

Этиологиясы бойынша ДТБА келесі түрлерге бөлінеді: а) тұқым қуалайтын;

Б) экзогендік;

В) мультифакторлық (көпфакторлы, яғни тұқым қуалайтын және экзогенді факторлар қосындысы): тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар гендік, хромосомдық және геномдық мутациялардан пайда болады, олардың әсері эмбрионалдық дисморфогенезге әкеледі.

Экзогенді туа біткен ақаулар органогенез кезінде тератогендік факторлардың әсерінен пайда болады.

94. Тератогенез. Мүше немесе жалпы ағза түзілуінің бұзылыстарының формалары. Агенезия. Аплазия. Туа біткен гипотрофия т.б.

Сыртқы орта факторларының немесе генетикалық өзгерістер әсерінен ДТБА-ның дамуын мен пайда болу үдерістерін тератогенез деп атайды.

Мүшенің немесе тұтас мүшелер жүйесінің түзілуіндегі бұзылыстар келесі түрде көрініс береді:


  1. Агенезия- ағзаның туа біткен толық болмауы (жүрек, аяқ-қол).



  1. Аплазия – тамырын сақтай отырып, ағзаның туа біткен болмауы .



  1. Туа біткен гипоплазия – мүшенің толық дамымай қалуы(бүйрек, құлақ).



  1. Туа біткен гипотрофия (гипоплазия) – жаңа туған нәрестенің немесе ұрықтың дене салмағының төмен болуы. Үлкен балаларда олар нанизмде (ергежейлілік, микросомия) көрінеді. 5. Туа біткен гипертрофия (гиперплазия) – жасуша көлемінің (гипертрофия) немесе жасушалар санының (гиперплазия) ұлғаюына байланысты мүшенің салыстырмалы салмағының немесе мөлшерінің ұлғаюы.



  1. Макросомия (гигантизм – дене салмағы мен ұзындығының артуы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет