91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


 Молекулалық биология ғылымы. Анықтамасы. Міндеттері. Даму тарихы. Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары



бет8/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
91. Ãåêêåëüä³? áèîãåíåòèêàëû? çà?û. ?ðû? æàïûðà?øàëàðû. Ýêòîäåðì

1. Молекулалық биология ғылымы. Анықтамасы. Міндеттері. Даму тарихы. Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары. 
Өткен ғасырдың ортасынан бастап қазіргі заманға дейінгі биологияның жаңа бағыттары екпінді дамыды . 1953 жылы Дж . Уотсон және Ф. Крик алғаш рет ДНҚ - ның молекулалық құрылымын ашты . Бұл жаңалық генетикалық процестердiн молекулалық механизмдерін зерттеуге үлкен мүмкіндіктер бердi және тірі табиғат объектілерін зерттеуде биологтардың , физиктер мен химиктердің күшін біріктірген биологияның жаңа бағыты болып табылатын – молекулалық биологияның қарқынды дамуына түрткі болды . Цитологияның , биохимия мен генетиканың көптеген мәселелерін шешуде молекулалық тәсілдерді қолдана алу мүмкіндігі осы жаңа бағыттың дамуына ықпалын тигізді . Барлық тірі жүйелерге тән және барлық тірі организмдердің негізгі бірлігі болып табылатын клеткаларды құрайтын молекулалардың құрылымы мен функциясын талдауда дәлдігі жоғары физикалық және химиялық әдістерді жасап шығару , оларды жетілдіру мен қолдану молекулалық биологияның әрі қарай дамуына үлкен әсер етті . Биологияның барлық салаларында молекулалық деңгейдегі зерттеулер жүргізіле басталды . Бірақ тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздерін , гендердің табиғаты мен ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалайтын белгілердің берілу механизмдерін зерттеу саласындағы жұмыстар молекулалық биологияның Fылыми жұмыстарының өзегіне айналды . Генетикалық ақпарат ұғымы молекулалық биология мен молекулалық генетиканың негізгі түйіні болып табылады . Бүгін біз бактериялардан сүтқоректілерге дейінгі ( адамды қоса ) организмдердің толық геномының нуклеотидтiк реттілігін анықтауға бағытталған геномдык зерттеулер саласындағы үлкен жетістіктердің куәгері болып отырмыз . Түрлі организмдерден алынган көптеген гендер бiр - бiрiмен сәйкестендіріліп , бұл гендердің организмдегі ауру тудыру кезіндегі рөлінтүсінуде елеулі табыстарға қол жетті . Қазіргі кезде молекулалық биология алуан түрлі қолданбалы ғылым салаларында өз орнын алды деп сенiмдi түрде айтуғ болады . Әсіресе ғылыми прогресс медицинадағы зерттеулерде айқын байқалады . Рекомбинантты ДНҚ технологияларын қолдану адамның көптеген ауруларына жауапты жеке гендерді бөліп алып , оларды сипаттауға мүмкіндік берді . Бұл тек адам ауруларының молекулалық негізі туралы бiздiң фундаменталды білімімізді жоғарылатып қана қоймай , медицинаның жаңа саласы – молекулалық медицинаның қалыптасуына себеп болды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет