_______________________________________ әнімен 1-жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деп бүгінгі «Білім күніне»
арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
2-ші жүргізуші: Мектеп, сап түзе! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!
1-жүргізуші:
Бірінші қыркүйек күнімен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ең, қарсы алды мектебің,
Сүйкімді қоңырау үнімен.-деп мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді қошеметпен мектепке шақырамыз.
(Музыкамен мектепке кіреді)
Өмірдің бейбіт бағы гүл Асудан асып асқарлы Мінекей, биыл тағы бір, Жаңа оқу жылы басталды.
Сондықтанда назарды, Солар жаққа бұрайық Балдырғандарды базарлы, Қарсы алып, қол ұрайық! Ортаға мектеп табалдырығын жаңа аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді қарсы алайық!
Өлеңі-ақыл, өзі-аңыз, Абай біздің бабамыз. Өсиетін сондықтан санамызға жазамыз. Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, Деген сөзін Абайдың, жиі жиі ашып көр!
Сәлем, саған мектебім Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие- Ой санама еккенің!
Қуаныш бүгін мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы, Жан досым, саған мың сәлем!
Өмірімнің көктемін, Сенде өткізем мектебім. Алтын ұя мектебім, Армандарым көп менің!
Мектепке алғаш барғанда, Ұстаздарды мақтаймын! Сенімдерін ақтаймын, Біздіңкіндей мектепті, Әлем шарлап, таппаймын!
Бақытты болып жүргенім, Сенің арқаң ұлы Отан. Елім-менің тірегім, Құшағыңда гүл атам!
Барлық адам тең дейді, Еңбек етсең, ер дейді. Тегін білім аласың, демалысқа барасың. Қорға дейді баланы, қорға дейді ананы, Ел тиегі жазылған, Біздің Заң ең әділ Заң!