Қоғамға қызмет ету арқылы Патриотизм яғни патриоттылыққа да баулыйды



Дата14.10.2023
өлшемі17,69 Kb.
#114051
түріСабақ

Қоғамға қызмет ету арқылы студент рухани жағынан өсіп тәлім тәрбие жағынан үлкен тұлға бола алады.Біз қәзір осы сабақ өту арқылы көптеген нәрселерді үйреніп жатырық.
Балалар үйіне барғанда сәбилер үйіне барғанда өз өзімізді қалай ұстау керектігін, және де әрбір аузымыздан шыққан сөзге мән берумізді салғырттықпен қарамауды Ағай үйретті.
Біз кейбір сөздердің сол балалардың көңіліне тиетіндігін олардың көңілін аулауды үйрендік.
Қоғамға қызмет ету арқылы Патриотизм яғни патриоттылыққа да баулыйды
Жанашырлыққа өз еліңе деген халқыңа деген сүйіспеншілігіңді одан сайын арттырады.
Психология ғылымы көп деген жерлерде өз пайдасын тигізеді.Адамдармен жұмыс жасау сөйлесу барысында психология ғылымы арқылы олардың айтқанынан гөрі көп нәрсені ұғамыз деп ойлаймын.
Шүкіршілік етуді шынайы шүкіршілк етуді үйренеміз деп ойлаймын.
Мейлі ол студент оқудан қиналып жүрсін степендиясынан айырылып қалуы мүмкін,
Сол бір тағдыры қиын адамдарды көріп сол бір студент сол күніне шүкір етіп үйренеді.
Жобаның мақсаты – білім алушы­лардың сана-сезі­міне адамгершілік, қоғамға қа­жет­тілік, қайырымдылық сияқ­­­ты адами құндылықтарды ұя­ла­ту, студенттердің өмірге де­ген белсенді ұстанымын қалып­тас­тыру. Студент жас­­тарды во­­лон­терлық қызметке тарту. Мұндай жоба арқылы студент­тер қоғамның әлеуметтік мәселе­лерін көріп, шешу жолдарын үйре­неді әрі әлеуметтік мекеме­лерде іс-тәжірибеден өтеді. Яғни, атал­ған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мү­гедектер үйінде, сон­дай-ақ басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжі­рибе жүзінде қолдануды үйренеді.
Студенттер лекциялар мен прак­тикалық сабақтарға қа­ты­сып, қоғамдық ұйымда ал­ған білімдерін тереңдетіп, басқа­лардың игілігі үшін әлеуметтік пайдалы жұмыстарды орындайды. Нәти­жесінде студенттер қоғамдық пайдалы іс-әрекет тә­жірибесін ұғынуға және ал­ған білім­дері мен іскерліктерін көр­се­туге мүмкіндік алады. Волон­тер­лық жұмыс нәтижесінде оқу үде­рісін нақты мекемеде іс-тә­жірибемен ұштастыру мүмкін­шілігі пайда болады.
Жастарды тәрбиелеу және оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті. Қазіргі таңда білім беретін оқу орындарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – жастардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әлеуметтік әлеуетін дамытуға ерекше жағдай жасау. Біздің арнаулы оқу орнындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызметі – жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенді әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға, қазіргі замандағы қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесіне, әлемдік және отандық мәдениеттің дәстүрлеріне бағытталған тұлғаның үйлесімді дамуы және қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет