Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №4 (49). 2009 95
сыңары лексикалық мағына береді, екінші
сыңары оған грамматикалық мағына
қосады.
Үшіншіден, аналитикалық формалы
етістік өзінің екінші сыңарының абстракты
мағынасы арқылы ұқсас күрделі етістіктен
ажыратылады.
Төртіншіден, күрделі етістік тілде сөз
жасау тәсіліне жатады, аналитикалық
формант сөз түрлендірүші морфемалардың
қатарында тілдегі түрлі грамматикалық
категориялардың көрсеткіші болып табы-
лады. Мысалы, алып кел, алып бар, алып
шық сияқты күрделі етістіктер – тілдегі
лексикалық
бірліктер,
олар
ешбір
грамматикалық категорияның формасы
емес. Ал, келсе игі еді, келсе екен, келгім
келеді сияқты аналитикалық формалы
етістіктер қалау рай мен модальдылық
категориялардың аналитикалық форма-
сында тұр.
Сонымен қатар күрделі етістік басқа
түбірлер сияқты грамматикалық мағына
беретін көрсеткіштерді өзінің соңғы
сыңарынан соң қабылдайды: алып кел-се,
алып кел-гісі келеді, алып кел-іп еді, алып
кел-е сал т.б. Ал аналитикалық формасын
жасайтын аналитикалық формант сөз
түрлендірүші басқа қосымша сөзден
қандай орын алса, ол да сондай орын ала-
ды. Күрделі етістіктің соңғы сыңарынан
соң
жалғанатын
етіс
жұрнақтары
аналитикалық
форманттың
алдынан,
түбірден соң тіркеседі: айтқыза салу,
оқыта бері, жуына қой. Сол сияқты
барлық
сөз
тудырушы
жұрнақтар
аналитикалық форманттан бұрын орнала-
сады: жас-ар-а қой, өзге-р-е сал.
Қазақ тілінде етістіктің аналитикалық
формасы деп негізгі етістікке қосымша
мен көмекші сөздің тіркесуімен жасалған
форманы айтамыз. Сөздің аналитикалық
формасын жасаушы аналитикалық фор-
манттар – етістіктің грамматикалық
категорияларының көрсеткіші. Олар арқы-
лы жасалған аналитикалық формалы
етістіктер де сол категорияның пардигма-
сына енеді. Сондықтан аналитикалық
формалы сөздер морфологияның объектісі
болып табылады. Етістіктің аналитикалық
форманты деп қосымша мен көмекші
етістіктің бірлігінен тұратын, категория
мағынасын білдіретін күрделі морфоло-
гиялық көрсеткішті атаймыз. Қазақ тілінде
жетпістен аса аналитикалық формант бар
/2, 30/.
Н. Оралбаеваның «Қазақ тіліндегі
етістіктің аналитикалық форманттары» ат-
ты құнды еңбегінде етістіктің аналити-
калық форманттар төмендегідей түрлермен
беріледі:
1. Қимылдың өту сипаты категориясының
аналитикалық форманты –қимылдың қалай
жасалғанын,
қимылдың
басталуынан
аяқталуына дейін өту процесін суреттеп
береді. Мысалы: келіп қалды, келе қойды,
келіп қойды, келе берді…
2.
Қимыл-
тәсілін
білдіретін
аналитикалық форманттар.
1. Қимылдың жасандылығын білдіретін
аналитикалық форманттар ( -ған бол, -ген
бол): көрмеген бол, қалжыңдаған болды.
2. Жетімсіз қимылды (прерванность дей-
ствия) білдіретін аналитикалық форман-
ттар (-а жазда): құлай жаздады, ұра жаз-
дады.
3. Қимылдың бағыт-мақсатын (целеуст-
ремленность
действия)
білдіретін
аналитикалық форманттар (-п бер, -п ал):
бітіріп бер, оқып ал.
4. Қимылдың ерекше ынтамен жасалуын
білдіретін аналитикалық форманттар (-п
бақ): Дегенмен Нүркен шыдап бақты.
5. Қимылдың
немқұрайды
жасалуын
білдіретін аналитикалық форманттар (-а
отыр, -е жүр, -а сал): сөйлей отыр, айта
отыр, оқи отыр.
6. Қимылдың күтпеген жерден жасалуын
білдіретін аналитикалық
форманттар (-а қой, -а кет, -а қал):
елеңдей
қалды,
қадала
қалды,
жабыса кетті, отыра кетті.
7. Қимылдың қысқа, батыл жасалуын
білдіретін аналитикалық форманттар (-п
таста, -п жібер, -п түс, -п қал): қағып
тастау, итеріп жібер.
8. Қимылдың
ерекше
қарқынмен
(күшпен)
жасалуын
білдіретін
аналитикалық форманттар (-п кеп жібер, -
п кеп қал): лақтырып кеп жіберді, періп
кеп қалдым.
9. Қимылдың
созылуын, қайталануын
білдіретін аналитикалық форманттар (-е
|