98 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы.
№4 (49
). 2009
Аналитикалық формалы сөздің құрамында
бір ғана дербес сөз болады, сөйлемді
құрастырушы сөз ретінде дербес сөз алы-
нады да, оған тіркескен көмекші сөз оның
лексикалық мағынасын өзгерту қызметін
емес, оған грамматикалық, лексико-
грамматикалық мағына беру қызметін
атқарады. Аналитикалық формалы сөздің
құрамындағы көмекші сөз өзінің ішкі
лексикалық мазмұнынан айырылып, тек
дыбыстық
құрамын
ғана
сақтап
(бірсыпырасы оны да сақтамай), тілде
грамматикалық қызметке ауысқан /4. 451/.
Көрсетілген мысалдардан біз қытай
тіліндегі толықтырғыш мүшелер қазақ
тіліндегі кейбір аналитикалық формадағы
етістіктермен және күрделі етістіктермен
де сәйкестігінің бар екенін анықтадық.
Алынған ауқымды тақырып жан-жақты
зерттеу мен ізденуді қажет ететіндіктен,
бұл тақырып біздің келешектегі зерттеу
жұмысымыздың нысанасы болып табыла-
ды.
***
1.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
грамматикалық сипаты. А., «Рауан», 1998
2. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің
аналитикалық форманттары. А., 1975
3. Антонян К. В. Морфология результативных
конструкций в китайском языке. М., «Мура-
вей», 2003
4. Ярцева В.Н. Предложение и словосочетание.
Вопросы грамматического строя. М., 1955
Достарыңызбен бөлісу: |