№96 (18305) 28 тамыз 2015 ж ж±ма конституцияѓА – 20 жыл



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі18,78 Mb.
#7731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Махаббат ЖАРБОСИНА,

ҚМПИ-дің І курс студенті.

Айтолқын 

 

АЙҚАДАМОВА



«Отан  отбасынан 

басталады» деп жатамыз. 

Жанұяның береке-бірлігі 

мен жарасымдылығына 

не жетсін. Мына сурет-

ке  қараңызшы.  Жанға 

жылу  береді.  Томпиған 

балаларын  алдарына 

қондырған ата-а-

на  қандай  бақытты. 

Әр  адамның  бар  бай-

лығы  отбасы  емес  пе. 

Отбасының  амандығы, 

үй ішінің қызыққа, қу-

анышқа  толы  болуы 

маңызды. Ырыстың ұй-

ытқысы  бола  білген  әр 

шаңырақ  шайқалмай, 

бейбіт елде ғана бақыт-

ты  балалардың  күлкісі 

естіледі.  Былдырлаған 

бала  –  ертеңгі  ұрпақ. 

Елдің келешегі. Ендеше 

басты  құндылығымыз 

жанұяда  шаттықтың 

нұры шексіз болсын.

С у р е т т і   т ү с і р г е н 

Бағдат АХМЕТБЕКОВ:



«Қостанай таңының» танымдық-тағылымдық, көңілашар қосымшасы

Бүгінгі санда:

Қарындасым

13-бет

Қазақтың 

бет-бейнесі 

– қолөнер

14-бет

«Сұлтанның» 

жігіттері ерледі

15-бет

Бес мезгіл азан 

шақырылғанда 

ұлитын ит

17-бет

Жұма

№17

28 тамыз

2015 ж.

Отбасы бақыты — ел бақыты



ШАҢЫРАҚ

«неке мен отбасы, ана мен әк

е және 

бала мемлекеттің қорғауында бо

лады»

(ҚР Конституциясы, 27 бап)



12

28 тамыз  2015 жыл

«Өлеңге әркімнің де бар таласы...»

Абай.

wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww

wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

Бір жиналыста Сырбай Мәу



-

леновтың баяндамасына ак

аде-

мик Мұхаметжан Қаратаев 



мін 

таға сөйлей келіп:

– Мен Сырбай балдыз болған

 

соң әдейі батыра айтып тұрм



ын, 

– депті. Сонда Сырбай:

– Мұқа, бұл балдыздар мен

 

жезделердің  жиналысы  емес



 

қой, – деген екен.



Төте жауап

Белгілі  сатирик  Жүсіп  Ал

-

тайбаев біраз уақыт жұмыссыз



 

жүріп  қалады.    Бұрын  басшы

 

қызметтерінде істеген Жүсек



ең 

Қазақстан компартиясы орталық

 

комитетінің үгіт-насихат бөліміне



 

барады. Жағдайын айтады, 

жұ-

мыс сұрайды. Бөлім меңгерушісі:



– Облыстық газетке редактор

 

болып Ақтөбеге барыңыз, – 



дей-

ді.


Жүсекең көнбейді.

Бөлім меңгерушісі:

– Онда Ақмолаға қалайсыз? 

– дейді.


Сонда Жүсекең:

– Төбеңе бармай отырғанда, 

молаға барады дейсің бе? – де

-

ген екен.



 

Жанбайтын пьеса

Серке  Қожамқұловқа  бір

 

драматург жаңа пьесасын оқ



ып 

беріпті. Пьеса Серағаңа ұнам

ай-

ды. Неге нашар екенін Серағаң 



бүкпесіз дәлелдеп береді. 

Дра-


матургтің ұнжырғасы түсіп, 

үй-


іне келеді де, пьесасын жаны

п 

тұрған пешке атып ұрады. 



Қап-

тала түптелген қалың қағаз оңай

-

лықпен жана қоймайды. Онсы



-

зда іші удай ашып қимай тұрған 

драматург  мұны  өзінше  ы

рым 


етіп, «япырмай, отқа жанб

ауы-


на қарағанда осы пьесам 

тегін 


емес-ау!» деген ойға қалады.

Осы  көрініс  есінен  кетпей

 

жүрген  ол  бірде  Серағаңа 



жо-

лыққанда болған жайды ай

тып 

береді ғой. Сонда Серағаң:



– Шырағым-ау, пьесаң жылан

 

қарағы жоқ көлкіген су болса 



отқа 

қайтып жанбақ! – деген екен.



Қолаң шаш

Жаңа  қалам  ұстап  жүрген

 

жас  жазушылардың  бірі  Ғ



абит 

Мүсіреповтен:

– Ғабе, қолаң шаш деген не? 

– деп сұрапты.

Сонда  қолаң  шаштың  не

 

екенін білмеген жазушысымаққа



 

Ғабең жақтырыңқырамай бір 

қа-

рапты да:



–  Қолаң  шаш  деп  осы  күні

 

жапон  шампунымен  жуыл



ған 

шашты айтады, – деген екен.



Гәп қайда

Өзбек  халқының  әйгіл

і 

жазушысы  Асхат  Мұхтар 



әде-

би-көркем  «Шығыс  жұлды

зы» 

журналының бас редакторы бо



-

лып қызмет істеп жүрген ке

зін-

де Алматыға келіпті. Ол ке



зде 

«Жұлдыз» журналының бас 

ре-

дакторы Сырбай Мәуленов ек



ен.

– Сырбай, осы сенің «Жұл

-

дызыңның» тиражы керемет 



көп 

қой... қалайша көбейтіп жүрсің? 

–  дейді  Асхат  әріптесінен 

сыр 


тартып.

Сонда Сырағаң:

– Асеке, біз жұлдызбыз ғой...

 

Батысқа  да,  шығысқа  да, 



тіпті 

күнгей мен теріскейге де нұры

-

мызды шаша береміз. Сірә, 



оқы-

рманымыз  да  сол  себепті 

көп 

шығар. Ал сіздер тек шығы



сқа 

ғана  нұр  шашқан  жұлдыз

сы-

здар... Меніңше, гәп осында! 



– 

деп әдемі әзілмен жауап беріпті.

Деген екен...

Ой ағымы

Ағалықтың ауылына кіргелі,

Ауырлады бір мысқылдай жүгім де,

Ауыр ойлар мазалап-ақ жүр мені,

Тұңғиыққа тартып кетер түбінде.

Ғаламаттар ғаламторда ғажайып,

Ауық-ауық ауытқулар білінер.

Арқа қағар абзал аға азайып,

Ізет білмес іргеде жүр інілер.

Ел намысы бәрінен де қымбаттау,

Ел үмітін ары таза ұл ақтар.

Жауаптары екі ұштылау, жұмбақтау,

Сығалайды санамнан сан сұрақтар?

Өмір заңы түсінгенге тым қатты,

Таңырқатар жайттар бар-ау, о тоба-ай

Ойлы басты ойландырар жұмбақты,

Ойсыз бастар шешіп жатыр оп-оңай!

Абай ҚАЖИ.

Әулиекөл ауданы.

Айтылмаған 

ойлар...

Көк аспанның көрдің бе күрсінгенін? 

Күрсінгені  –

Ол менің тылсым демім. 

Бейуақта күркірін естігендер, 

Күңіренген жаным деп білсін менің!

Естідің бе желдердің өксігенін? 

Ол да менің өкініп, өксігенім. 

Байқаймысың, биіктер бөгет болса

«Неге бұлай болды?» деп тепсінемін.

Тамашалап теңіздің шайқалғанын, 

Көрер едің, нені мен айта алмадым? 

Көрер едің қатыгез жартастардың, 

Теуіп-теуіп толқынды қайтарғанын.

Мұхиттардың байқасаң мұңайғанын, 

Қалай өтті білер ең жыл, айларым. 

Білер едің, неліктен күліп тұрып, 

Көңілімді көрінеу ылайладым.

Ну орманым, сыңсыған құрақтарым, 

Жылғаларым, жылаған бұлақтарым,

Кешіріңдер, тұп-тұнық сезімім бар, 

Айта алмадым ақтарып бірақ бәрін.

Күннің көзі көрінген анау менің –

Адамзатты жылытқан алау демім. 

Сонау көк пен осынау аралықта.

Айтылмаған ойларым бар-ay менің...

Ойтұма

Паң келбетті, хан келбетті, керім дала, кең дала, 



Қайталанбас ерліктердің куәсі – тек сен ғана!

Жылнамашыл жондарыңнан ғасырларға жалғасқан

Тарихыңды көрдім-дағы тілгілеген алдаспан,

Қаламымды қолыма алдым,

Адуынды,

Сақ бабамдай садағына жармасқан!

Кетілген мынау көңілдің күйін қозғап құр, 

Аруана-тірлік аңырап, неге боздап тұр?

Болмайтын болды-ау –

жазықты бойлап, ойды өрлей

Тарпаңдай тулап, шапсам деп едім бой бермей.

Сүрінсем құлап, жағаңда солып төзім гүл. 

Ақжайық-арман ағызып әкетсең өзің біл!

Беу, өмірім-ай, бәтуасіз болған аз күнгі,

Бір білген құлға «біссімілләсімен» мазмұнды.

Кетеді-ау қыдырып дәруіш-ғұмыр пенделік, 

Қаңбақтай қураған, төбеден төбеге сенделіп.

Жоғалып сонда бір, жебемен жолдап сәлемді,

Дүркіреп өткен, күркіреп өткен сақ, ғұндай.

Елеске құмар, егеске құмар әлемді,

Темүжін құсап, әуреге салар ма ед таптырмай...

 

*



Қағида мынау:

Келген екенсің ақын боп,

Алаңсыз өмір сүруге енді хақың жоқ!

Қатал әлемнің қабырғасында өлеңің

Қалуы керек қаныңмен жазған хатың боп.

Арының асау жақпаса... бұла қылығың, 

Дайын тұр, әне, мойныңа түсер құрығың.

Шындықты айтып, шамына тиіп тағдырдың, 

Көзіне тіке қарадың екен – құрыдың.

Шарпыған намыс, жалынды жүрек, от кеуде 

От бүркіп тұрған әлемге қарай беттеуде. 

Аспанға жеткен ақынның үні жердегі, 

Әлі де кердең кереңқұлақтарға жетпеуде.

Қылышын қысып әдетке басқан сол ескі 

Қаумалап келіп, қорқаулар ылғи кеңесті.

Ақынды азаптап ләззат алатын заманның, 

Қоғамы бұлдыр көк түтін жайлаған көмескі.

*

Бәрін де сүйіп, бәріне сеніп сол талай,



Құшағымды ашып қарсы жүгірдім байқамай.

Көзіме күліп, құшақтап тұрған жанның да, 

Қанжары барын қайдан білейін сайтан-ай..?

Мен бұған жатпын, маған да бөтен бұл әлем, 

Еркіндік керек, еркіндік қана сұрап ем. 

Қанатын қағып қараша қаздар қайтқанда, 

Қалдым деп тағы жүрегім жалғыз жылап ең.

Қараша қаздар қанатын қағып жоғалған, 

Қалықтап ұшқан сендерде сірә жоқ арман. 

Ұмытпа саған сезімін ертіп жүрегім, 

Қаңырап қалды хан моласындай тоналған.

Сенім деймісің, одан да қазір адамын. 

Кімге сенейін, сенетін кім бар қарағым..? 

Асыға күтсең алдамай жететін алдыңнан

Көктемге дейін өзіммен өзім қаламын...

Мөлдір шықтар

Ерте тұрып, мөлдір шықтар тергенмін ,

Мөлдір шықтан мөлдір мұңдар көргенмін. 

Ойланбастан бақытымды бергенмін, 

Алшақтаған, қашқақтаған қызықтан, 

Моншақтаған мұңымды артық көргенмін...

Айғай салып, арасынан аспанның ,

Уыстап ап моншақтарды шашқанмын. 

Кесірткедей суық тартса кейде өмір, 

Жылытам деп кеудеме әкеп басқанмын.

Мөлдір шықтар, мөлдір шықтар асқақ үн 

Неге, неге тағы жалғыз тастадың...? 

Сүйіп едім, сен жоғала бастадың 

Өмірлерің неге мұнша қас қағым...?

*

Тасымайтын жерлерде тасып алып, 



Жанға ашпаған сырымды ашып алып 

Мөп-мөлдір моншақ болған мұңдарымды

Жинай алмай жүремін шашып алып.

Жан баласы түсінбес қылық қылып, 

Ала берем әйтеуір былықтырып

Мен біреуге өлмейтін іс жасасам, 

Біреу мені алдайды күліп тұрып.

Мезі етіп арбаған, алдағаның, 

Оңаша қап өлеңмен жан бағамын 

Жылан болып жанымды ала ма деп, 

Қорқыт болып өзімше қамданамын.

Өмірлік досым шіркін елең болып 

Өлеңмен бір төсекте келем қонып 

Өлеңімді айғайлап оқи берем, 

Ең соңғы адам қалғанша керең болып.

Сен мені түсінбе! Түсін мейлі 

Ұнасын, ұнамасын ісім мейлі 

Менің жырым – жанымның жанайқайы 

Ол айғай ешқашан үзілмейді!

Данияр САДУАҚАС.


wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww

wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww w

w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

w

w



w

13

«Ананың көңілі балада,  



Баланың көңілі далада»

Халық мақалы.

28 тамыз  2015 жыл

Б

иыл  қысқы  демалыста  ауылға  кел-



генімде,қарындасымның соншалықты 

тез өсіп, өзгеріп кеткені қатты таңырқатты.  

Кеше ғана жолда келе жатқанымда оны көз 

алдыма тіптен басқаша елестетіп едім. Орта 

бойлы, толықша келген қара торы жүзді, әр 

кездегі ерке қалпында менімен таласа кету-

ге дайын тұратын өжет қыз. Шолақтау кел-

ген сүйкімді мұрны үнемі күлкі нышанын 

аңғартып, сөйлеген кезде жыбырлап тұра-

тын. Қақ жара өрген қалың қара шашының 

маңдай алды бұрымына қосылмай, бұйралана 

шоқтанып біткен. Ол кейде желбіреп көзіне 

түсетін. Осы бір көзіне түсе беретін «тентек» 

шашы  кейде  менің  зығырданымды  қайна-

тушы еді.Өз-өзімнен қарындасыма тиіскім 

келіп  кететін  де  аяқ  асты  ашу  шақырып, 

айқайлап ұрыса бастайтынмын. Шынымды 

айтсам, үйдегі уақытымның көбі қарында-

сыма шүйліге жүріп, үлкендік «ақыл» айту-

мен өтетін-ді. Оның бойынан әрқашан қызға 

лайық сыз міндер тауып, кінәлап ұрсушы едім. 

Ал ұрысқан кезімде, ол көзі жапақтап бәрін 

мойындап, үнсіз отыратын да менің жүзім-

де сәл жылылық пайда болған сәтте-ақ өзіме 

қосыла езу тартатын. Сол-ақ екен, мені қуақы 

қылығымен алдаусыратып, ептеп қана есікке 

жылысатын. Егер менен бұрын есікке жетіп 

үлгерсе, айтқан ақылымның түгелдей зая кет-

кені. Әлгінде жаудырап отырған қарындасым, 

тордан құтылған дала құсындай, ойнақшып 

шыға келеді. Маған қарап тілін шығарып:

– Мақтаншақ! Үлкен болғаныңа мақта-

насың  ғой,  брр...  –  деп  мазақтап,  сыртқа 

қаша жөнелетін. Ол уақытта мен жарылып 

кете жаздап, ызаға булығамын. Артынан қуа 

шығып:


– Келерсің, бәлем үйге! – деп жұдырығым-

ды түйемін. Кей кездерде оның күнделікті 

сабақтарын тексеріп қарап, сұраулар беріп, 

өзімше «емтихан» да алатынмын. Сұраула-

рым әрдайым сабаққа пәлендей қатысы жоқ, 

кездейсоқ  болушы  еді.  Егер  қарындасым 

жауапты дөп қайтара алмай қалса, ұрыстың 

басталғаны.  Бірақ  амал  не,  ұрсып  айтқан 

ақылымды күле тыңдап, жөні келсе мазақтап 

кете  беретін.  Әсіресе  осы  бір  тілін  шыға-

ратын  әдетті  қайдан  тапқанын  білмеймін, 

қанша айтсам да қояр емес. Міне, осындай 

ерке мінездерімен сағындырған сол өжет қа-

рындасым бүгін бір түрлі өзгеріп, жат болып 

кеткен тәрізді. Жүгіріп кеп құшақтай алар деп 

тұрғанымда, салмақты басып келіп, сабырлы 

амандасуы да, ойымдағыдай болып шықпады. 

Сонда да болса амандықтың соңынан:

– Қалай оқып жүрсің? Әлі емтихан ала-

мын, – деп үлкендік әдетіммен ескертіп қой-

дым. Ол сәл қызарып кетті де:

– Дайынмын, аға, – деді.

     Қарындасымның қазіргі жүріс-тұры-

сы да, сөйлеуі де,тіпті езу тартып күлгені 

де басқаша. Бойы сұңғақтанып, қара торы 

ерке жүзі ашаңданған, есейгендік пішін бар, 

ойнақтап тұратын отты көздері де байсал-

ды, ойлы қарайды. Шолақ мұрнының ұшы 

үшкілденіп, қырлана түсіпті. Жаңадан тіккіз-

ген қызыл драп пальтосы да өңіне жарастық 

беріп тұр. Бір сөзбен айтқанда, қарындасым 

тамаша сұлу қыз болыпты. «Қыз деген тез бой 

жетеді», – деп апамның талай айтқаны есіме 

түсті. Бірақ мен оның әсем сұлулығынан гөрі, 

тиісе кетуден тайынбайтын, ерке қылығын 

аңсап келген едім ғой. Ойлап қарасам, айт-

ты-айтпады,  қарындасым  бой  жететіндей 

жасқа келіп қалыпты. Енді бір айдан кейін 

тура он жетіге толады екен. Орта мектепті де 

биыл бітірмек.Үйге кіріп жайғасып отырған 

соң да бірнеше рет онымен бұрынғыдай сөй-

леспек болып оңтайланып едім, сөзіміз бай-

ланыспады. Бұрын қала жайын қайта-қайта 

сұрап, таңырқап, қызыға тыңдайтын қарын-

дасым бұл жолы менің жаңалықтарыма да құ-

мартқан жоқ. Тіптен салдарлы. Әр сөзден соң 

өзімнің сөз жалғап, әр нәрсені сұрай беруіме 

тура келді. Қай институтқа түсуге даярланып 

жүргендігін сұрағанымда:

– Білмеймін... әлі ойланамын, – деді ол 

лажсыз езу тартып. Онан соң ойын екі ұшты 

айтты: – Мүмкін ауылда қалармын...

Кешкі астан кейін қарындасым сабаққа 

даярлану үшін түпкі бөлмеге кетті де, біз апам 

екеуміз ас бөлмеде шай ішіп оңаша қалғанбыз. 

Апам алдымен менің институттағы хал-жай-

ымды, оқуымды қашан бітіріп, қайда жұмыс 

істеуге баратынымды тізбелеп сұрай бастады. 

Дәл осы жайларды апам бұрын да бірнеше 

рет сұрап біле тұрса да, бұл жолы әдейі сөз 

болсын деп отырғаны белгілі еді. Сондықтан 

бұрын  әлденеше  айтқанымдай,  оқуымның 

бітуіне әлі екі жарым жыл барын, мүмкін 

болса бітірісімен агроном болып өзіміздің 

ауылға  келетінімді  тағы  да  айтып  бердім. 

Ауылда болып жатқан жаңалық, өзгерістерді 

де сөз еттік. Апамнан естідім:орта мектепті 

бітірген біздің ауылдың бірталай жастарын 

колхоз ауыл шаруашылығының түрлі саласы 

бойынша мамандар даярлайтын техникалық 

курстарға, жоғары оқу орындарына түсуге 

даярлыққа жіберіп жатқан көрінеді.

– Әлгі, Дәукенің баласы Нұрланды білуші 

ме ең?


– Аса жақсы білмеймін, – дедім.

Менің  сыртта  оқығаныма  талай  жыл 

болғандықтан,  өзімнен  соңғы  балаларды 

жақсы білмеуші едім. Осындай демалыстарға 

келгенімде олар жұмыста болатын. Жасыра-

тыны жоқ, мен де өзімнен кейінгі жастармен 

танысып, істес болуды ойлаған емеспін. Тек 

кейбір үлкендердің осы апам атаған Нұрланды 

мақтағаны есімде. Естуімше ол өткен жылы 

орта мектепті бітірісімен өзіміздің ауылдағы 

электр станциясына жұмысқа кірген. Үш ай-

дай монтердің көмекшісі,онан кейін монтер 

болып істейді дейтін.

– Нұрлан қазір қайда істейді? – деп сұра-

дым.

– Станцияда тікіник дей ме, не деуші еді, 



соның көмекшісі. Жап-жақсы еңбек етіп, та-

бысы да мол, бір үйдің иесі боп қалған баланы 

колхоз енді үш жылдық оқуға жібергелі жа-

тыр, – деді апам жақтырмаған пішінде.

– Бет алды оқи бергеннің несі жақсы дей-

сің.


Мен апамның сөз төркінін түсіне қой-

дым. Ол кісінің ойынша, менің ауылға сирек 

келуім, өткен жаздағы практикамды басқа 

колхозда өткізуім - далада жүріп жатбауыр 

болып кеткендіктің салдарынан деуші еді. 

Көрші кемпірлермен сырласа отырып:

– Е-ей, көрші-і! «Ананың көңілі балада, 

баланың көңілі далада» деп бұрынғылар бекер 

айтпаған екен, – деп, талай күрсінгені есімде. 

Міне, Нұрлан туралы сөз қозғағанда көмейін-

де осы ойлар жатқан болар деп түйдім. Біреу-

дің баласында не жұмысы бар десеңізші.

– Оқығаны дұрыс қой, апа, – деп мен Нұр-

ланға шын тілектес екенімді білдірдім. Жау-

абым апама ұнамай қалды білем, бір шыны 

шәйді ішкенше, төмен қарап үнсіз отырды. 

Ескірген бәтес орамалымен тершіген маңдай-

ын сүртті де, үстіңгі жағын қымтап жабыл-

маған  терезеден  сырттағы  қараңғы  түнге 

қарады.


– Әлимаға қатты сөз айтып ренжітіп алып 

жүрме, – деді әлден уақытта, бағанадан бері 

айта алмай отырған сөздерін түйіндеп. То-

сын айтылған бұл сөзге мен не дерімді біл-

мей аңтарылып қалдым. Бұрын қарындасы-

ма ұрысқан кездерімде әсте арамызға түсіп 

көрмеген. Кей уақыт Әлима жылап кеп мені 

шағыстырғанда:

– Ештеңе етпейді. Өз ағаң ғой, сені жаман 

болсын дей ме, – деп жұбататын.

Ал апамның қазіргі сөз сыңайынан Әли-

маға алдын-ала араша түсіп отырғанын жақсы 

сездім. Менің ұрысуыма енді жол бермейтіні 

анық еді. Аз да болса көңілім кірбің алып 

қалғаңдай.  Қазбалап  ештеңені  сұраған  да 

жоқпын. Сұрағым да келмеді. Ертеңіне түсте 

қарындасым мектептен тұнжырап, өте көңіл-

сіз қайтты. Оныншы кластың сабағы ауыр тиіп 

жүрген болар деп, мазалаған жоқпын. Оқу 

құралдарын қойған жерден өзім барып оның 

күнделігін тауып алғам. Менің қимылымнан 

көз айырмай отырған Әлима бозарып кетті.

– Аға, иесінен рұқсат сұрамайсыз ба? – 

деді салмақпен, ақырын ғана. Ыңғайсызда-

нып-ақ қалдым. Сыр бермеуге тырысып:

– Мен сенің бөтенің емеспін. Рұқсат сұра-

у-сұрамауым міндет емес, – дедім. Мұнан әрі 

оған еш көңіл аудармастан күнделікті ақтарып 

қарай бастадым. Жаңа ғана бетіме ызғары теп-

кен ашуым қайтып, еріксіз ризалық білдіруіме 

тура келді.Күнделіктің алғашқы беттерінен 

бастап кілең "бестік" бағалар тізіліпті. Тек 

бүгін ғана физикадан «үш» алған екен. Қа-

рындасымның жабырқауын осыдан болар деп 

ойладым.

– Өзің алтын медальға каңдидат екенсің 

ғой, – дедім көңілін ауламақ болып. – Ештеңе 

етпейді, бір «үш» деген немене...

Әлимада үн жоқ. Сұп-сұр болып, орнынан 

қозғалмай отыр. Әлгінде көзінен байқалған 

қалжырау мен шаршағандық мұңға айналып-

ты.


–  Әлима,  саған  не  болған?  Әлде  біреу 

ренжітті ме?

Қарындасымның  сүйкімді  жұмыр  иегі 

діріл қағады. Мөлдіреген жас бетінен жол 

сыза сырғып барып, тамып-тамып кетті. Еш-

теңеге түсіне алмай, мен күнделігін орнына 

қоя  бергенімде,  арасынан  төртке  бөлінген 

сурет сырғып кеп, аяғымның астына түсті.

Еңкейіп ала бергенімде:

– Аға, өзіме беріңіз... Жаным аға... – деп 

жылап келіп, қолыма жабысты. Төртке бөлін-

ген жігіт суретін анықтап көре алмастан, қа-

рындасыма қайтып бердім. He дерімді өзім де 

білмедім. Екі күн өткенше қарындасым маған 

үлкен жұмбақ болды. Өзімді қапаландырған 

жайды сұрауға еш мүмкіндік болмады. Мен 

жанына жақындасам болғаны, ұялатын болу 

керек, әр нәрсені сылтауратып Әлима тайып 

отырады. Оның бер жағында маған шынын 

айтпайтындай да түр көрсетті. Тастүйін боп 

бекініп алғандай. Амалсыздан қолайлы бір 

кезді күтіп, сабыр етуіме тура келді. Түп-

кі бөлмеде оңаша кітап оқып отырғам. Күн 

сәскеден ауып қалған. Бір кезде терезе ал-

дынан жас жігіт пен аласа бойлы сары қыз 

өтті де, аздан кейін сыртқы есік қағылды.

Әлима көрші бөлмеде ыңылдай әндетіп 

жүріп ести қоймаған соң, шығып есік аштым. 

Мені күтпеген болу керек, қыз да, жігіт те қы-

сылып қалды. Екеуі қосарлана амандасты да 

Әлиманы сұрады. Үйде екенін айтып, ішке 

шақырғанымша болған жоқ, дабырымызға 

қарындасым да шықты. Алдымен маған қа-

рап қызарып кетті де, артынша есік алдында 

ыңғайсызданып тұрған жас жігітке бұрылды.

Спортшылардың  шолақ  тонын  киген  бой-

шаңдау, қара торы жас жігіт кінәлі жандай 

төмен қарап үнсіз тұр.

– Нұрлан сенен кітап сұрай келді, – деп 

жігіт үшін жауапты аласа бойлы сары қыз 

берді.  Кішірек  көздері  Әлимаға  жаудырай 

қиыла қарап имене, батылсыз жыпылықтай-

ды. Жүзінде жұмбақты бір сыр бар сияқты.

– Ал мен сенімен бірге сабақ оқығалы 

келдім.

Өз-өзінен дір-дір еткен қарындасым тісте-



не тұрып, әзер үн қатты.

– Қандай кітап керек? – сыбырлағандай 

ақырын сөйлеп. Енді сәл болса, жылап жі-

беретіндей көрінді. Нұрлан не дерін білмей 

сипалақтап, қолайсыз жағдайда қалды.

Қарындасымның осы сәттегі маған бір 

түрлі жат, оғаш мінез көрсеткенін ұнатқан 

жоқпын.


– Мұның қалай, Әлима, алдымен жол-

дастарыңды  үйге  кіргізіп,  сонан  соң  жөн 

сұрамайсың ба? Қане, Нұрлан, үйге кір, –деп 

осы жерде өзім өктемдік еттім. Нұрлан бөл-

меге кірген соң да қипалақтап, бірден отыра 

қоймады.


– Өте асығыспын. Қазір кетпек едім, –дей 

берді.


      Бұл сөзінің әлде маған, әлде Әлимаға 

арналғанын түсіне алмадым. Сонда да, өза-

ра қысылмай еркін сөйлессін деген оймен 

түпкі бөлмеге кіріп кеттім. Here екені бел-

гісіз көңілім тыныштық тауып отыра алатын 

емеспін. Есік пен төрдің арасыңда арлы-берлі 

жүрдім де қойдым. Күнбатыс жақтағы жалғыз 

терезеден әлсін-әлсін сыртқа қараймын. Бұл 

терезеден  ауылдың  батыс  жақ  бір  бөлегі 

және станцияға қарай баратын тас жол анық 

көрініп тұрушы еді. Осыдан екі жыл бұрын 

тас жолдың екі жағына мектеп оқушылары 

отырғызған жас теректер де бұл күндерде 

бой тартып, көзге ыстық көрінеді. Тас жолға 

қараған сайын, оқуға алғаш аттанған кезім 

ойыма түсетін. Анық есімде, анау төбенің 

күншығыс жағындағы жол бұрылысында ма-

шинаға отырғаным. Басқалармен бірге мені 

мектептес құрбым Сәуле де шығарып салып 

еді. Сондағы Сәуленің «қош!.. қош!..» деп ма-

шина соңынан телміре қарап ұзақ тұрғаны әлі 

күнге көз алдымда... Ол екеуіміз айлар бойы 

хат алысып тұрдық. Сәуле ауыл туралы, он-

дағы жаңалықтар жайында көп жазатын. Ал 

мен болсам «өзің көрген жоқсың, қаланың 

жаңалықтарын  қалай  жазамынды»  сылтау 

етіп, жауапты немқұрайды шолақ қайтарушы 

едім. Жеті айдан кейін менің ең соңғы хаты-

ма жауап келмеді. Мен де қайтып хат жаза 

қоймадым.  Осылайша  арамыз  үзілген  еді. 

Кейін ауылға келгенде естідім: Сәуле көрші 

колхозда тұратын біреуге тұрмысқа шыққан 

екен. Жүрегімде ауыр мұң пайда болды. Мен 

оны сүйетінімді сонда ғана сездім. Амал не?.. 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген ғой. 

Тек жастық шақтағы достықты еске түсірумен 

ғана тынғанмын. Сондағы Сәуле мені шыға-

рып салып, қоштасқан тас жол тереземнің 

алдында ескерткіштей болып қалған. Қазір 

сол жолдың үстінде тықыршық атқан қос атты 

шана әлдекімді күтіп тұр. Үстіндегі буып-түй-

ген жүгіне қарағанда, алыс сапарға жүретін 

жолаушынікі тәрізді. Онан арыда мұнарланған 

қысқы аспан буланған әйнек сияқты бұлыңғыр 

тартады. Біраздан кейін терезенің алдынан 

әуелі бұлталандай асығып аласа бойлы сары 

қыз, артынша іле-шала киінген қарындасым 

мен  Нұрлан  өтті.  Сағатына  қарап  қойған 

Нұрлан әлденені айтып, асықтырып барады. 

Әлима бағанағыдай емес,оның айтқандарын 

үнсіз тыңдауда. Бұлар сол жүріспен ешқай-

да  бұрылмастан,  әлгі  жол  үстінде  тұрған, 

жалғыз шанаға жетті. Ол жерде екеуі біраз 

тұрды. Әлима тұқиған қалыпта Нұрланның 

омырауын шұқылап тұр. Нұрлан болса сәл ең-

кейе бере басын тез көтеріп алады. Ат басын 

сіресе тартып отырған адам ақырындап жүре 

де бастады. Нұрлан біресе жүріп бара жатқан 

шанаға, біресе Әлимаға қарап жалтақтайды. 

Кенет ол маған қызғанышты да ерекше бір 

сезім тастап Әлимаға оқыс еңкейді де, шана 

соңынан жүгірді. Қос ат шананы алға сусытып 

ала жөнелді. Апамның әнеугүнгі айтқаны рас 

болды. «Қап, маған неге кірмей кетті, әлде 

ұялды ма екен?» – деп ойладым. Қарындасым 

сол орнында қыбыр етпестен шана соңынан 

қол бұлғап қала берді. Мүмкін, көзіне жас 

та келген болар. Маған «қош!.. қош!..» де-

ген сыбырлы үні естілгендей сезілді. Үйде 

тұрып  жүзін  көрмесем  де  қарындасымды 

қатты аядым. Қарап тұра беруге дәтім жетер 

емес. Күрсініп барып диванға жата кеттім. 

Шым-шытырық ойлар маза бермейді. Бар-

лығы да қарындасым туралы. Бөлмеге кірген 

апам, неге екенін білмеймін, мені ұйықтап 

жатыр деді ме, болмаса тыныштықты бұзғы-

сы келмеді ме, әйтеуір есік алдында біраз 

үнсіз тұрды. Жүзінде бұрын мен байқамаған 

әжімдер пайда болған. Жәйлап жүріп келіп 

стол үстіндегі кітапты ақтарды.

– Нұрлан оқуға кетті, – деді әлден уақыт-

та қапаланған көңілмен.

– Оқығаны дұрыс қой...

Бұл  жолы  да  апам  менің  жауабымды 

ұнатпады. Көп уақыт үнсіз отырды. Бір кез-

де терезе алдынан жүгіре басып қарындасым 

өтті де, екі иінінен алқына дем алып үстіміз-

ге кірді. Тіптен біз күткендей емес. Балғын 

жүзінде  қуаныш  ойнап  тұр.  Келген  бойда 

апамды қапсыра құшақтап, бір айналдыра 

билеп шықты... Апам ыңғайланып әлденені 

айтпақ болып еді, бірақ Әлима ырық бермеді.

– Апа, апатай, керегі жоқ, ештеңе айт-

паңызшы. Сіз қалай десеңіз де бәрібір, мен 

оған  сенемін,  сенемін...  –  деді  апамның 

құлағына жалынышты сыбырлап. Қарын-

дасымның сол баяғы ерке қалпына байсал-

дылық еніп, сұлулығына басқаша бір жара-

стық беріп тұр. Тек көзінде ғана жан білмес 

терең сыр бар тәрізді. «Алғашқы махаббатың 

сәтті болсын, қарындасым», –деймін іштей 

мен.


 

Сайын МҰРАТБЕКОВ

14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет