Ойлаймын, яғни өмір сүремін



Дата11.02.2023
өлшемі15,74 Kb.
#67022

Эссе
Ғылымның тарих пен философиясындағы менің мамандығымның рөлі.
 “Ойлаймын, яғни өмір сүремін”
Ғылымның тарих пен философиясындағы менің мамандығымның рөлін қарастырмас бұрын мен ең алдымен өз мамандығым жайлы айта кетуді жөн көрдім. Менің мамандығым көлік , көліктік техника және технологиялар қысқаша айтқанда механик. Маған мамандық таңдау қиынға соқпады себебі мен бала кезімнен техникаға әсіресе көлікке өте жақынмын. Көлікті жөндеу, жарамсыз бөлшектерін алмастыру тіпті оны тазалаудың өзі маған көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын. Бір жағынан бұл мамандыққа деген сұраныста қазіргі таңда өте жоғары. Олай болуына себеп қазір әрбір төртінші адамның жеке көлігі бар деп айтуға болады. Жәнеде сол көліктердің жартысынан астамы ескі көліктер. Ескі көліктер көп қадағалауды қажет етеді, көп істен шығып жатады. Сондай жағдайда менің таңдаған саламдағы мамандар көмекке келмек.
Философия жағына ойыса келсек бұл ғылым басқа ғылымдардың тамыры екенін айта кетуіміз керек. Философия жан-жақты ол технолоияда , медицинада және барлық жерде біздің өмір сүруіміздің өзінде философиялық мән бар. Философия адамға ойлауды үйретеді. Жәнеде ол арқылы біз өмірдің мәнін іздеуге тырысамыз. Алғаш философиямен танысқан кезімізді айту қиын себебі өз өмірің жайлы ойдың өзі философия болып саналады. Сол балалықшақтан бастап адам өз өмірінің мәнін іздеумен болады және сол жолда жүру арқылы философияға тереңдеп ене береді. Өз өмірін жақсарту және кемелдікке ұмтылу бұл ата бабаларымыздан бері келе жатқан үрдіс. Сол жолда сан мыңдаған кітаптар жазылды, ғылым түрлері пайда болды. Алғашқы адамдар оларды былай алғанда орта ғасыр адамдары мен қазіргі біздің өмір сүру дадымыз жермен көкетй деп айтуға келеді. Сонда өзгергені жаңа технологиялар, ғимараттар және әдет-ғұрыптар. Бірақта сол алдыға дамуға деген құлшыныс әлі сол қалпында деп білемін.
Мен таңдаған саланың философиядағы орынына келер болсақ. Адамдар өз өмірлерін жеңілдету үшін алғашқы технологияларды ойлап таба бастады мысалға арбаны алуға болады. Кейін келе ол ат арбаға айналды одан әрі от арбаға дейін дамыды. Осы даму кезеңдеріне философиялық тұрғыдан қарайтын болсақ негізгі мақсат өмір сүруді қайтсекте жеңілдету жатыр. Бірақта осы жаңа технологиялар мен бірге өмірімізге жаңа мәселелер кеді. Оларды шешу және күресу тағы философияны қажет етеді. Ол мәселелердің біразына тоқтала кетсек. Қазіргі таңда біздің еліміз үшін көліктік техника саласындағы басты мәселе ол – ескі көлік . Айналамыздағы көліктердің көпшілігі өкінішке орай ескі көліктер.
Ескі көліктер дегеніміз- бас артық шығындар, ауаны ластайтын түтін, жол-көлік апттары жәнеде халақтың жаңа технологиядан кешеуіл қалуы. Әрине ескі көліктердің түбегейлі жойылып кетуін қаламаймын бірақ олардың белгілі бір жерде тек сәндік мақсатта қолданылғанын қалар едім. Өкінішке орай қазір елімізде жаңа көлік алу үлкен мәселелердің бірі. Ұзын сонар кезек, төмен сапа, қымбат баға және таңдаудың жоқтығы. Басқа елдер електр қозғалтқышты көліктер мінгенде біз неге олардан қалған ескі тоқсаныншы жылдардағы көліктермен жүруіміз керек. Бұл мәселерді шешу үшін еліміздегі көлік өндіру саласына үлкен серпіліс, жаңа идеалар керек. Жаңа идеалар жақсы философиялық ойлардан келмек.
Философияның көліктік технология саласын қатысы қанша деп ойлауы мүмкін. Деген мен ойсыз белгілі бір философиясыз жасалған іс-әрекеттер қай саланы болмасын жарқын болашаққа жетелемейді.Тек терең оймен, нақты мақсатпен жасалған қадамдар біздің дамуымыздың кепілі болмақ. Сондықтан біз жастар философияға терең бойлай отырып өз саламызды дамытудың жолдарын іздеуіміз және сол жаңа идеаларды практикалық түрде өндіріске енгізуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет