Маргарин өнімінің жіктелуі және ассортименті
Маргарин асханалық, бутербродтық және өндірістік өңдеуге арналған болып үш түрге бөлінеді.
Асханалық маргарин- мал, өсімдік майлары, сүт, дәмдік, хош иістік ж.т.б. заттардың қоспасынан дайындалынған тамақ өнімі.Асханалық маргарин сүтті маргариннің бірі. Мұның құрамында 72, 75, 82% май болады, үйде тағамдарға, қоғамдық тамақтандыру орындарында кулинарлық, ұннан пісірілетін кондитер, нан өнімдерін дайындау үшін пайдаланылады. Жаңа, Сары майлы, Сүтті, Радуга, Солнечный сорттары бар. Асханалық маргаринді жоғары және бірінші сортқа бөледі.
Бутарбродтар дайындау үшін майлылығы 62 және 82 %-ік маргарин пайдаланылады. Экстра, Ерекше, Славяндық, Жеңсік, Шоколадты сары майлы сорттары бар. Славяндық сортына А витаминін қосады. Мұндай маргариндер тауарлық сорттарға бөлінбейді.
Өндірістік өңдеуге арналған маргариндерді майлылығығы 82, 82,5 % және 83 % . Кондитерлік маргарин – сүтті, сары майлы және қабаттамалы қамырға арналған болып шығарылса, нан өндірісіне арналып сүтсіз және сұйық маргарин түрлері өндіріледі. Мұндай маргариндер сауда орындарына түспейді Бутербродты маргарин - "Экстра", "Әуесқойлық", "Шоколадты кілегейлі" - үй жағдайында бутерброд жасау үшін және халықтық тұтыну өндірісінде қолдануға арналған; "Экстра" кондитер өнімінің кремін өндіру кезінде қолданады.
Маргарин сапасына қойылатын талаптар. Асханалық маргариндер жоғары және бірінші сортты болып өндіріледі. Маркалы және дәмдік қоспалары бар маргариндер сорттарға бөлінбейді.
Барлық маргариндердің дәмі мен иісі таза, сүтті сүт қышқылды хош иісі бар болуы керек. Маргарин консистенциясы 100С –да жеңіл еритін, біртекті, созылмалы, жылтыр. Бірінші сорттың жылтыры төмендеу болады. Маргарин түсі ашық-сары, құрамы біркелкі болуы қажет. Маргарин құрамындағы ылғалдың мөлшері 16-17 % -тен аспауы керек. Балқу температурасы 27 ден 320С ге дейін.
Маргаринді 75-80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Маргаринді өткізу мерзімі оның сақтау температурасына тәуелді. Өлшеніп сатылатын маргаринді –10-нан 0оС-қа дейін температурада 75 күн, 0-ден 4оС дейін температурада – 60 күн, 4-тен 10оС дейін температурада – 45 күн сақтайды. Пергаментке оралған маргаринді осы температурада сәйкесінше 45, 35 және 20 күн, ал фольгаға оралған маргаринді – 60, 45 және 30 күн сақталады.