Әбубәкір Шоқановтың шығармашылық ғұмырнамасы
Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған (7-сыныпқа арналған)
А.Байтұрсынұлы мысалдарының мазмұны
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Алуан-алуан ойға жетелейтін "Қайырымды түлкі", "Ала қойлар", "Үлес", "Қартайған арыстан", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен қыдыр", "Ат пен есек" мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын – әуез қосып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |