М.Дулатов публицистикасының XX ғасыр басындағы қоғамдық санада алатын орны қаншылықты зор болса, қаламгер шығармашылығында алатын орны да аз емес. Нақты уақиғаларға қатысты ақын ой сезімін мөлдірете жеткізетін, бейнелейтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек.
М. Дулатовтың алғашқы шығармасы «Оян, қазақ!» аталған өлендер жинағындағы батыл ой қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайларды шынайы суреттеу, теңсіздік пен қанаудың, надаедық пен зорлықтың негіздерін көрсету, іс-әрекет жасауға шақыру патша үкіметін қобалжытты. Кітап тәркіленді, автор куғындалды.
1910 жылы М.Дулатовтың екінші кітабы «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ қызы басындағы қайғылы жайды баяндайтын шығарма оқырманын тапты. Кітап 1914 жылы екінші рет баспа көрді.
М.Дулатовтың елдік сананы ояту мен қазақ мемлекетінің егемендігі үшін күресуі, «Алаш» қозғалысына қатысуы Совет үкіметін де үрейлендірді. Қуғын көру, турмеге қамалау, қаламгердің көркем шығармашылықпен айналысуына мүлде мүмкіндік бермеді. Сондықтан да М.Дулатов оқу-құралдарын жазу және аудармамен айналысты (қуғыннан оралғаннан кейін). Лермонтов пен Пушкиннен, Әбу Фирастан, Н.Ановтан аударған шығармалары бар.
М.Дулатов драматургия саласында да шамасына қарай еңбектенген. 1922 жылы «Балқия» атты 4 бөлімді пьеса жазған. Сол жылы Орынборда көркем өнерпаздар күшімен қойылып, үлкен табысқа жеткен.
«Бекітілді» №1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев А. Қ. Құсайынов атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1.Діни-ағартушылық бағыт. 2.Ағартушы-демократтық бағыт. 3.Азатшыл-демократтық бағыт. Бұл бағыттардың нақты айырмашылықтары, ортақ ізденістері. Әр бағыттың негізгі өкілдері, олардың шығармашылық ізденістері мен көзқарастарының басты ерекшеліктері болған. Бұл ағымдардан тыс сөз өнерінің саз өнерімен тығыз байланысты болғандығының тамаша көрінісін танытатын ақындар болған. Бұлардың ішінде Ә.Найманбаев, Мұса Байжанов, Балуан-Шолақ, Ақан сері т.б. шығармашылығына ерекше назар аударған жөн. Олардың шығармашылығының мән-мағынасы ерекше.
Діни-ағартушылар бағытындағы ақындар. Бұл бағытта әрқилы ақындар еңбек еткен. Творчествосының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық, көзқарастары сан алуан болғанымен, бұл ақындарға ортақ бірнеше басты белгілері бар. Бірінші, бұлардың негізінен діни мектептерде білім алған. Шығыс әдебиетін жетік біледі, соның дәстүрінен нәр алған. Діни тақырыптағы шығармалар мен діни ілімге қанық. Көбінің ірі медреселерде білім алып, ислами әдебиеттің арнасындағы қалыптасқан. Екінші, бұл ақындардың ауыз әдебиеті дәстүрін берік ұстанған. Кейбірінің (Шәді Жәңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы т.б.) бірыңғай қиссашылдық, нәзирашылдық, дәстүрлі мақсат тұтқан. Үшіншіден, шығармаларында өсиет-нақыл, дидактиканың мол болған, жалпы білімдік пен адамдық негізі дін сүю арқылы келетініне меңзеудің басым болған.
Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылардың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне ұланғайыр үлес қосқан. Шын мәніндегі кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет деңгейіне көтеріліп, өмір, қоғам, дәуір сырынке көлемде сипаттап, терең ашуға ұмтылған. Бұл ақын-жазушылардың алғашқы білімді қазақша жаңаша оқу жүйесінен алып, орысша білім-ғылым үйреніп, дүниелік әдебиеттен тәлім алған. Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың ағартушылыққа үндеумен қатар қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді көре білген. Қоғамдағы қайшылықтарды сынай отырып, әрқайсы әлқадарынша оны жоюдың өзіндік жолдарын ұсынған. Олардың қазақ жазба әдебиетін жанрлық тұрғыдан дамытуға сіңірген еңбектері бар.
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығының басты тірегі – ұлттық мүдде. Негізінде отаршылдыққа қарсы күрес идеясын европалық, саяси күрес тәсілімен ұщтастырған бұлардың өз шығармашылығында осы ой-идеяны уағыздаған. Ағартушылық, өнер-білім барлығы, ең алдымен, ұлт азаттығы үшін қызмет етуі керек деген байламды негізге алған. «Мақсаты тіл ұзарттып, өнер шашпақ» болған Абайдың ағартушылық, бағыттағы пікірлерін жаңа арна-азаттықпенұштастырған. Тапшылдық, жікшілдік мүделерді көздемей, ұлт тұтастығын саптауға ұмтылған. «Елім», «Жерім» деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы негізгі принциптерге айналдырған. Яғни бұл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығында «елшілдік» сипат басым болған.