Шешуі. Варианттарды қарастырайық: 10 ∙ 4 ∙ 3 = 120 120 + 10 = 130 Жауабы: 10 және 120 Толық шешетін болсақ: кіші үймедегі жаңғақтар – х; үлкен үймедегі жаңғақтар – у ⤇ 12х + х = 130 13х = 130 х = 10; у = 120 Жауабы: 10 және 120 vk.com/dostykteam Оқушылар топтарға бөлініп ойын ойнады. Егер әр топқа екі-екіден немесе үш-үштен бөлінсе, бір оқушы артық қалып қояды. Топтарға бес-бестен бөлінгенде артық оқушы қалмайтын болса, барлық оқушы саны ең кем дегенде нешеу болатынын анықтаңыз.
A) 31 B) 15 C) 55 D) 13 E) 25 Шешуі. Варианттар арасында тек 25 пен 55 саны есеп шарттарына сай келеді: 25 : 2 = 12 + 1 қалдық 25 : 3 = 8 + 1қалдық 25 : 5 = 5 55 : 2 = 27 + 1 қалдық 55 : 3 = 18 + 1қалдық 55 : 5 = 11 Бізге осы екі санның кішісі керек – 25 Жауабы: 25 vk.com/dostykteam Алтын сағатқа ойып жазылған жазудың алғашқы 5 әрпіне 476 теңге және әрбір келесі қосымша әрпі үшін 14 теңге төленді. 644 теңге төленіп жазылған адамның аты-жөні неше әріптен тұрады?
A) 7 әріптен
B) 11 әріптен
C) 19 әріптен
D) 17 әріптен
E) 12 әріптен Шешуі: 644 – 476 = 168 (қосымша әріптер үшін төленген ақша сомасы) 168 : 14 = 12 (қосымша әріптер саны) 5 + 12 = 17 Жауабы: 17 әріптен vk.com/dostykteam
Сабақтан кейін үшінші сыныптың оқушылары мұражайға барды. Мұражай кіреберісінде мұғалім оқушыларды үш қатармен сапқа тұрғызды. Ералы, Ибрагим, Әли үшеуі әр сапқа қатар тұрды да өздері алдынан санағанда 7-ші, артынан санағанда 5-ші қатарда тұрғанын білді. Мұражайға қанша оқушы барғанын табыңыз.
A) 30
B) 33
C) 35
D) 36
E) 24