қызыл түсті емес шарлар саны 15 ⟹ сары + жасыл = 15 жасыл түсті емес шарлар саны 17 ⟹ сары + қызыл = 17 2қызыл + 2сары + 2жасыл = 16 + 15 + 17 2(қызыл + сары + жасыл) = 48 қызыл + сары + жасыл = 24 24 – 15 = 9 Жауабы: барлығы 24, қызыл 9 vk.com/dostykteam
Марат, Қанат, Жанат, Болат және Самат киноға билет алу үшін касса алдына тізбектеліп тұрды. Жанат Қанаттан бұрын, бірақ Саматтан кейін тұр. Самат Мараттың қасында емес. Болат Жанаттың да, Саматтың да, Мараттың да қасында емес. Олар кезекте қалай тұрғанын анықтаңыз
A) Марат, Жанат, Самат, Қанат, Болат
B) Болат, Қанат, Самат, Марат, Жанат
C) Самат, Жанат, Марат, Қанат, Болат
D) Болат, Самат, Марат, Жанат, Қанат
E) Самат, Марат, Жанат, Қанат, Болат Шешуі: Самат Мараттың қасында емес деген шартқа В, D және Е варианттары қайшы келеді. Жанат Саматтан кейін тұр деген шартқа А варианты қайшы келеді. Есептің шарттарына сәйкес келетін жалғыз вариант - C Жауабы: Самат, Жанат, Марат, Қанат, Болат vk.com/dostykteam Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, транспортир және калькулятор сатып алды. Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес. Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль де емес. Кім не сатып алды?
A) Мәди - циркуль, Еңлік - транспортир, Ләззат - калькулятор
B) Мәди - циркуль, Еңлік - калькулятор, Ләззат - транспортир
C) Мәди - калькулятор, Еңлік - циркуль, Ләззат - транспортир
D) Мәди - калькулятор, Еңлік - транспортир, Ләззат - циркуль
E) Мәди - транспортир, Еңлік - калькулятор, Ләззат – циркуль Шешуі: Варианттарды талдайтын болсақ, есептін шарттарын тек А варианты ғана қанағаттандырады. Жауабы: Мәди - циркуль, Еңлік - транспортир, Ләззат - калькулятор