А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


«қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді  әртүрлі



Pdf көрінісі
бет38/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93
 
«қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді 
әртүрлі
 
топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және 
дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, 
ізгілендіру принципі де сақталады. 
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі 
тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады. 
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынды-
ғына қарамастан, жұмысын «оқушылык», «міндетті», I ші деңгей-
дің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан 
бастайды. 
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы 
білім
 
игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді бұл нақты 
пән
 
бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана 
меңгеріп,
 
үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні 
жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт 
үнемдеуіне себеп болады. Нақтырак айтсақ: 
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің 
кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең 
болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге 
асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың мини-
малды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан 
Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді 
және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме арту 
проблемасын шешеді. 
«Есепке алу» (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі 
нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес 
білімді
 
толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық 
(себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс 
орындап,
 
өткізбегенінше, келесі деңгейге
 
көшпейді). «Міндеті» 
деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері 
ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады. 
Олардың әрқайсысы деңгейлік тапсырмаларды орындауға мін-
детті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. 
Осылайша әр оқушы, әсіресе өзіне ұнайтын пәндерден, бір 
деңгейден келесі деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, 
өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік 
тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына 
айналады. Басқа пәндерден 1-деңгейлік тапсырмаларды толық 


88 
орындап отырса жеткілікті. Осы уақытқа дейін дайындалған 
жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш денгейде ғана берілген. 
Төртінші деңгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден 
озып келген жүйріктерінің жеке қабілетіне сай құрастыру 
мүмкіншілігін, сабақ беретін әр ұстаздың өз үлесіне қалтырдық. 
Әрдеңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін 
оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші 
деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші 
деңгей үшін - 15 ұпай. 
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыс-
тардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға 
және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі 
төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға 
есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, 
сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі 
жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе 
сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі: 
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқу-
шыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің 
тапсырмалары; 
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға 
қалауы бойынша одан да жоғары деңгейлік тапсырмаларды 
жалғастырып орындай беру; 
- т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады. 
Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тап-
сырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша 
дарынды оқушы орындай алады. 
Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті 
және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша 
жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек
 
бал 
жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта
оқыту принципі орындалады. 
Нәтижесінде, 
оқушылардың 
табиғи 
қабілеттері 
мен 
дарындылык қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы 
келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды: 
- әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады, 
әр тақырыптың бір денгейінің тапсырмалары міндетті түрде және 
дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда 
аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі; 


89 
- оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу», «үрейінің 
жойылуы»; 
- әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы (төрт 
деңгейлік тапсырмалардын сыныпта орындап үлгермегендерін 
үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта 
жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып 
бойынша қорытынды ұпай саны өседі) шешіледі. Бұл жерде: әр 
тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып 
отырады да журналды «бағамен толтыру жоспары» артығымен 
орындалады. 
- оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі 
(өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың 
жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле беруі); 
- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны 
қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі. 
Бұл оқушылар арасында, бір-бірінің үлгерім деңгейлерін 
бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, 
оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан 
жасалынатын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау 
мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. 
Сабақ оқушының дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының 
ұпайларын шығарумен аяқталады. Сонымен: 
технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму 
бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім 
қабылдай алатын, өзі-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші 
тұлға қалыптастыруға болады, өздігінен оқытудың осындай 
мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында 
тұрған басты мақсат - жаңа технологиясының талаптарына сай 
жаңа оқулыктар буынын жазу болып табылады. Мұндай 
оқулықтар мен
 
дидактикалық құралдардың бір ерекшелігі - 
олардың мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай бейімдеусіз-ақ 
компьютерге енгізуге болады. Себебі, бұл құралдардың 
құрылымы электрондық оқулықтардың құрылымына ұқсас.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеле-
неді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік 
ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт 
жүрегіне орын алады. Сондай техгологиялардың бірі әлемнің 18 
елінде сынақтан өткізілген «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту» технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау – сынау 


90 
емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адам-
дарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса 
дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйым-
дастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, 
белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. 
Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. 
Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалып-
тастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен 
қажеттісін алуға үйретеді. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, 
мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Оны төмен-
дегі сұлбадан көруге болды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет