Көктеуінде еңбек бар бір шыбықтың
Шәкірт жанын түсіндің,
шын ұғындың
Жанысбекова Гүлжан Адамбекқызы
- ТПТКның бас әдіскері. Колледждің жан-
тану – педагогикалық пәндер мен тілтану
кафедрасының орыс тілі, кәсіптік орыс тілі,
орыс әдебиеті пәндерінің оқытушысы. Бар
саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласы-
на арнаған Гүлжан Адамбекқызы бүгінде
ұжымының алдында шығармашылық есеп
беріп, өткеніне көз жібертіп, қазіргісін тілге
тиек етті. Артта қалған күндерді парақтай
отырып, өмір арнасының қалыптасуына
ықпал еткен аяулы әкесі Адамбек пен мен
анасы, ұстаздарын, құрбы құрдастарын
сағынышпен еске алып, талай суреттер мен
естеліктерді ойға оралтты.
Отбасында әке мейірімі мен ана әлдиіне
бөленген, тәрбиелі, мейірімді, жайсаң мінез
әдемі ару 1977 жылы Калинин атындағы
орта мектепті аяқтап, сол жылы Тамбов
мемлекеттік педагогика институтының
филология факультетіне оқуға түседі. 1982
жылы аталған білім ордасын ойдағыдай
аяқтаған Гүлжан Адамбекқызы, кіндік
қаны тамған киелі Калиновка топырағына
жас маман болып оралады. Орыс тілі мен
әдебиет пәнінің оқытушысы болған ол,
ұстаздықтың қыр сырына үйреніп, талай
шәкіртінің өмірлік арманына қанат бітіріп,
болашағына бағыт көрсетеді . Қоғамдық
жұмыстың алдыңғы шебінде жүретін осы
сұңғақ бойлы, әдемі қыздың жігерлі еңбегі
мен талпынысы, айтқан сөзінде тұратын
қайсар мінезі, шыншылдығы мен әділеттілігі
, оны биік шыңдарға жетелейді. Сөйтіп,
1984 жылы Қапал аудандық комсомол
комитетінің 3 хатшысы болып сайланады.
Аудан көлеміндегі қомақты істердің басын-
да жүретін жас қыз, 1984 жылы Коммуни-
стер Одағының мүшелігіне қабылданады.
Алдына қойған асқақ арманы, жүректе
жігері,
тынымсыз
еңбексүйгіштігімен
өзіне өзі қояр талап тілегі үлкен Гүлжан
Адамбекқызы 1986 жылы Талдықорған
құрылыс техникумының директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып
тағайындалады. Өзі сүйген кәсібі орыс
тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беруді
әсте ұмытпай, шәкірт жүрегінен ерек-
ше орын алады. Әріптестеріне баянды
еңбегінің арқасында ерекше мінезімен, та-
лап қойғыштығымен, еңбекқорлығымен,
жаңашылдығымен, шәкірттеріне деген ерек-
ше мейірім шапағатымен ұнай бастайды.
Содан болар, бұл қызметте 10 жыл тыным-
сыз еңбек етіп, 1996 жылы Талдықорған
индустриалды педагогикалық техникумы
мен құрылыс техникумының бірігуіне орай,
ТПТК ның қысқа мерзімді оқу курстарының
меңгерушісі қызметін атқарады. Бұл
қызыметті де байсалды, орнықты мінезді
қыз, 10 жылдан артық басқарып, талай
маман- әріптестерінің ұстаздық еңбекті
таңдауына ықпал етеді. Осы жылдары
қазақ тілі пәнінің оқытушысы мамандығын
қосымша игеріп, екінші жоғары білім алады.
2006 жылдан бастап 2013 жыл
аралығында ТПТК нің жалпы білім
бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып,
талай жақсы игі дәстүрдің қалыптасуында
өзіндік қолтаңба қалдырады. Студенттік
өмірдің есігін жаңа ашқан, балапан қанат
балғындардың біріне ана, біріне әпке,
біріне көке, біріне ақылшы ұстаз бола
білген Гүлжан Адамбекқызын колледж
түлектерінің барлығы да сағынышпен еске
алып, сұрап тұратынын көріп, естіп жүрміз.
Сабырлы мінезімен салмақты ойды бастай-
тын басшы, бірінші курс студенттерінің топ
жетекшілеріне де қояр талап тілегі өзгеше
еді. Аналық мейірім мен балаға тұлға
ретінде қарап, сырласып, қамқоршысы бола
білуде өзі үлгі бола білетін. Тіпті бітіріп
кеткен түлектердің: «Сендерге Гүлжан
Адамбекқызы орыс тілінен сабақ бер-
се, жолымыз болды деп есептеңдер» деген
сөздерінің өзін шәкірттің ұстазға берген
жоғарғы бағасы емей немене?
Адамгершілік
қасиетті,
жоғарғы
мәдениет пен ұштастырар әрбір сабағы
ұлағат пен руханияқа толы ұстаздың әр
сабағынан алар ләззат пен шабытта өзгеше.
Бала болмысын жанымен түсінетін Гүлжан
Адамбекқызы білімгер ғана емес, тәлімі
мол тәрбиеші, ақылшы, арман тұтар тұлға,
еліктіріп, баурап әкетер ұстаз, үлкен парасат
иесі.
2013 жылдан бастап, колледждің әдіскер
қызметін атқарып жүрген абыройлы ұстаз,
аяғының дірілі мен жүрегінің дүрсілін
сезініп тұрған жас маманның қанатының
қайырылмауына, талабының жойылмауы-
на ерекше назар аударады. Сабақтарында
жаңашылдықты дәстүрлі педагогикамен
ұштастырып, бала жүрегіне жол табуға
қанаттандыратын
пікірлері
көңілге
қонымды, ойға орамды.
Кейде, өмірін білім мен тәрбиеге арнаған
осы жанның бойына асыл мінездің бәрінің
орын табуы табиғатынан- ау деген ойға
қаламын. Гүлжан Адамбекқызы жайлы
пікір айтылатын ортада мен әрқашан: «Ол
– қыздардың төресі, ұстаздардың ұстазы»
дегенді қайталауды ұнатамын.
Келбетті келген, бойшаң, қимылы ширақ,
ойлы көздері күлімдеп тұратын Гүлжан
Адамбекқызының ұжымда ойып алар
өзіндік орны бар. Үлгілі ұстаз, жан жақты,
терең білімді, инабатты да ибалы, көркем
мінез бен тектілікті ұштастыра білетін кеш
иесін әріптестері құшағын гүлге толты-
рып, шығармашылық есепті ерекше сезімде
аяқтады.
30 қаңтар 2015 жыл
Политех жаршысы
2 бет
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім –
жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Біздің
халқымыз
ер-азаматты
шаңырақ иесі десе, әйел-ананы
отбасының
алтын
қазығы
деп
бағалаған. «Халық айтса қалт айт-
пайды»
дегендей,
ерлі-зайыпты
адамдарға арнап айтылған осы бір
тамаша теңеу ғасырдың тереңінен
толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен
шыққан болса керек. Биылғы жылғы
қысқы педагогикалық оқуымыз өз
жұмысын республикалық Ұлттық
байқау аясында өткізілетін «Мерейлі
отбасы» байқауын тілдерді дамыту
және қолдау комиссиясы мүшелерінің
ұйымдастыруымен жалғасын тапты.
Байқауды өткізудің мақсаты: от-
басы институтын, адамгершілікті,
руханилықты нығайту, жауапты ерлі-
зайыптылықтың маңызын тану;
ата-аналардың бала тәрбиесіндегі
жауапкершілігін арттыру;
отбасылық
құндылықтарды
құрметтей білуге, салауатты өмір сал-
тын кеңінен насихаттау; қазақстандық
отбасының жағымды имиджін наси-
хаттау;
отбасылық дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды сақтаудың өзіндік,
бірегей өмір құрылысының үлгісін на-
сихаттау.
«Мерейлі
отбасы»
байқауы
адамгершілік
құндылықтарды
жаңғыртуға және отбасы мен некенің
(ерлі-зайыптылықтың)
жағымды
үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін
арттыруға
бағытталған.
Байқауға
колледжіміздің ерлі-зайыпты отбасы-
лары қатысты:
1. А.Ж.Инсенов, С.Т.Нұрғазинова
2. В.А.Биттер, Т.П.Биттер
3.
Т.С.
Жуанышбаев,
М.Б.Ахметқалиева
4. Н.Балхашұлы, М.А.Садуақасова
5. Е.С.Мұхашев, М.Б.Мұхашева
Байқауға қатысушылар өздерінің
отбасындағы
бала
тәрбиесінің
ерекшелігі, тәрбие негізіне ата-
аналардың қандай қасиеттері жатады,
отбасында қандай отбасылық дәстүр
сақталған, отбасылық қатынастар
қандай қағидалардан құрылады,
тәлімгерлер,
педагогтар
мен
тәрбиешілердің әсері.
Отбасылық
өмірден
қызықты
сәттер,
отбасылық
фотосурет-
тер көрсетіп, отбасыларын жоғары
дәрежеде таныстырып өтті. Әр от-
басы өз қағидасымен ерекше көрінді.
Сонымен қатар «Отбасының өнері
өрлесін» кезеңінде отбасы мүшелері
өз өнерлерін паш етіп ән шашу тар-
ту етіп, байқауымызды қыздыра
түсті. Бәрінен де « Салтым менің
дәстүрім» кезеңінде көрсетілген
көріністер ерекше өтті. В.А.Биттер-
Т.П.Биттер,
Т.С.Жуанышбаев-
М.Б.Ахметқалиевалардың
отба-
сылары
көрсеткен
«Құда
түсу»
салты екі ұлт арасындағы құда түсудің
айырмашылықтарымен ерекшеленді.
Е.С.Мұхашев-М.Б.Мұхашевалар
отбасы «Құда түсу» салтын «Беташар»
салтымен жалғастырып көрермендерді
мағыналы сөздерімен тәнті етті.
Салт –дәстүріміздің А.Ж.Инсенов-
С.Т.Нұрғазиновалардың отбасылары
орындаған «Тұсау кесу» дәстүрі ерек-
ше аталып, ду- думан болды. Осылай-
ша байқауымыз біздерге тамаша бір
қуаныш сыйлады.
Байқауға қатысушы отбасылар
соңында түрлі атаудағы номинация-
лармен марапатталып, сыйлықтар тап-
сырылды.
Уа, адамдар
Жақсылықты
жақсылықпен
жалғаңдар
Игілікті, ізгілікті таңдаңдар
Өмір кілті қолдарыңда сендердің
Абайлаңдар
Тек түсіріп алмаңдар – дегендей,
отбасының бірлігі мен берекеті
ұрпақ тәрбиесінде өте қажет. Бұл - өте
қымбат ұлттық құндылық.
Преподавателем и воспитателем надо родиться; ими руководит прирожденный такт.
А. Дистервег
МЕНІҢ ОТБАСЫМ – МЕНІҢ БАҚЫТЫМ
М.Н.Садвакасова, эксперттік топ мүшесі
Талаптың мініп тұлпарын
З.Д.Есболатова, орыс тілі мен әдебиет
пәнінің оқытушы
Физика сабағында ойын элементтерін пайдаланудың ерекшеліктері
Физика сабағында ойын элеметтерін
қолдана отырып шығармашыл тұлғаны
қалыптастыруға болады.Қазіргі кезде
әлі де болса, орта мектеп оқушыларының
білімдеріне формализмнің элементтері
кездесуде.Физика
пәнінде
сту-
денттер табиғат заңдарын оқып,
білуі тиіс. Студенттердің білімге
ынтасының
болуы,
олардың
сабақтағы
белсенділігінің
артуы-
на білім сапасының жоғарылауына,
білім алудың пайдасын түсінудің
қалыптасуына мүмкіндік береді,жалпы
айтқанда оқу процесінің деңгейін
көтереді. Ойын-әрқашан кішкене
білім, кішкене білім бола отырып, ба-
ланы білім алуға еңбекке дайындайды.
Ойынды алданыш және көңіл көтеру
деп ойлайтындар қателеседі.Ойындағы
оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық
нәр береді, сабақты қызықты етеді,
оған эмоциялық бояу береді. Ойындар
қолданылған сабақтарда студенттер
белсенділік көрсетеді. Білімгерлер бір-
бірінің ойларымен, пікірлерімен алма-
сады, дәлелдейді. Ойын барысындағы
пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу ма-
териалдарын жылдам және жақсырақ
игереді,
қиындықтарды
бірге
шешеді. Физика сабақтарында ойын-
ды ұйымдастырғанда оқушылар бір-
біріне көмектеспейтіндей, бір-бірімен
бірігетіндей жағдай жасау керек.
Сонда сабақ тек білім беру қызметін
ғана емес, тәрбиелеу қызметінде
атқарады.
Мұндай
сабақтардың
өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-
бірімен сөйлесе білу мәдениеті,
тәртіптілік, топқа және бір-біріне
жауапкершілік сезімінің болуы,
менмендік және жалқаулықтан безу
қасиеттері қалыптасады. Оқытушының
басты мақсаты- сабақ мақсаты мен
қолданылатын ойынның мақсатын
ескере отырып, сабақтар мен сыныптан
тыс сабақтарда, оны орынды қолдана
білу. Р-411б тобында өткен бір ойын
сабағының ерекшелігін көрсету үшін
оқытушылардың назарына ұсынып
отырмын. Студенттің назары біріншіден
соған ауады, ал ойын барысында
ойынның білім беру мақсатының қалай
орындалатындығы байқалмай қалады.
Сондықтан, сабақтарда өкілетін ой-
ындар оқушыларға жәй сабақ ретінде
ғана емес, алданыш ретінде де емес,
қызықты жұмыс ретінде берілді. Ой-
ынды жүргізу үшін топ командаларға
бөлінеді. Команда құрамын қалаулары
бойынша жасауға болар еді, дегенмен
топ құрамы аралас және топтардың
күштері тең болуы керек.Үй тапсырма-
сын қайталау үшін «Есте сақта, жаз»,
«Экспресс баға» ойыны ойналды. Жаңа
сабақты түсіндіру кезінде «Жүйріктің
жүйрігі», «Кім жылдам?» ойыны ой-
налса сабақты қорытындылауға ре-
бустар және жұмбақтар шешілді.
Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан
жағдайда жақсы нәтижеге жетуге бо-
лады. Қазіргі оқытушы әрбір сабаққа,
тақырыпқа және әр топтың өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты оқытудың
әр түрлі әдістері мен формаларын
таңдай білуі қажет.
М.Б.Ахметкалиева, физика
пәнінің
оқытушы