1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж., Хронографтар дегеніміз кімдер?
Жылнамаларға тән сипат, қандай факторлармен анықталады?
Жылнамаларды ғылыми зерттеп, оларды жариялауда кімдерді атауға болады?
№22 дәріс Тақырыбы: Кино, фото, фоно және бейне фильмдер. Дәрістің мазмұны:
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтар тарихы жөнінде жарияланған деректемелер мазмұны жағынан да, түрі жағынан да әр түрлі. Бірінші тобы қазақ даласы мен оған жапсарлас жатқан жерлерде болып, көзімен көргендердің жазбаларынан, қазақтар және олар қатысқан оқиғалар туралы мәліметтер бар материалдардан тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, жоңғар билеушісі Цеван-Рабтанда болған Иван Унковскийдің күнделіктері мен жолжазба дәптеріндегі мәліметтер назар аударуға лайық. Бұдан біз қазақтардың жоңғарлар жаулап алған Жетісу жері, жоңғарлардың Ұлы жүздің рубасыларын бағындыруы туралы ақпарат аламыз. Онда ойраттар жетекшілерінің есімдері және жер-су аттары келтіріледі. Атап айтқанда, олар жаулап алған Шу, Талас, Сарысу, Хантау, Ұлытау, Арғанаты жерлері және бірқатар қалала: Әулиеата, Сайрам, Созақ, Құлан, Шымкент, Ташкент және басқалар бар. «ХҮІІІ ғасырдағы Сібір тарихының ескерткіштерінде» қазақтар туралы едәуір деректі материал бар. Қазақтар жоңғарларға қарсы күресу үшін Ресеймен одақ жасағысы келді. Мұндай келісімнің талаптары туралы 1716 жылы «Қайып хан мен бүкіл қазақ ордасының атынан» қазақ елшілері келегн Тобылда Сібір губернаторы М. Гагаринмен келіссөз жүргізілді. Бұл келіссөздердің материалдары, қазақтардың келесі, 1717 жылғы күресінің барысы, атап айтқанда Аягөз өзені жанындағы шайқас туралы мәліметтер, Әбілқайырдың 1718 жылғы патшаға жазған хаттары және басқа деректер, соның ішінде қазақ жасақтары туралы деректер қазақтардың сол кезеңде жоңғарларға қарсы күресінің нашар ұйымдастырылу себептерін ашып береді. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басында ғана қазақ авторларының тарих жөніндегі еңбектерін өмірге оралтып, қазақ шежірелерін жариялайтын мезгіл туды. Сөйтіп қазақ деректемелерін жаңа тарихи тұжырымдар тұрғысынан қарастыратын кез келді. Көшпелі қоғамның дәстүрі тарихи санасы шежіре шеңберінде қалыптасады. Ол көшпелілердің тарихи білімі құрылымындағы орталық өзек болып табылады, оның теориялық және қолданбалы маңызы тарамдалып, содан шығады. Бұл тарамдар шежіреде, біріншіден, нағыз генеологиядан, екіншіден, құрылым құрайтын ойдан шығарылған генеология ғана болып табылатын ирреалдық, үшіншіден, ежелден жеткен үн, «қария сөзі», «ескі сөз» – тарихи мифологиядан, сондай-ақ тарихи аңыздардан, эпикалық жырлардан – батырлар жырларынан, толғаулардан қалыптасып тарихи білімді құрайды. Көшпелі қоғамда тарихтың мағынасы мен мақсатын түсіну басқа өркениеттер мен халықтардағы мұндай ұғымнан ерекше. Мысалы, христиан және мұсылман дүниесінің тарихнамасында тарихи ақпарат жинақтау жүйесіндегі негізгі принцип тарихи уақыт санаты болса, көшпелілерде ол тарихи тұлға санатымен ауыстырылған. Шежіреде тарихты және тарихи оқиғаларды дараландыру өзекті мағына болып табылады. Тарихи уақыт санаты тарихи кеңістік санатынан кейінгі үшінші орынға қойылады, ал бірінші қатарға қайраткер тарихи тұлға шығарылған. Тарихи уақытты есептеу тиісінше генеологиялық ұрпақтар мен тарихтың ең ірі оқиғаларына сәкес жүзеге асырылады, өйткені бұл, өз кезегінде, он екі жылдық циклды жыл санау қажет етілетін ғарышнамалық түсініктерге байланысты.