Зерттеу міндеті – зерттелініп отырған ахуалдың бөлек аспектілерін зерттеуге бағытталған нақты бағыттар.
Зерттеу обьектісі – бұл жаратылыс немесе іс-әрекет, таңдап алынған оқиға мен жағдайдың ашылатын көзі.
Зерттеу пәні – зерттеу пәні субьективті сипатталады.
Зерттеу әдісі – нақтылы жағдайдағы таным құбылысы мен зерттеу нақтлығының тәсілдер жиынтығы. Әдіс мазмұны – зерттеуші әрекетінің ережелер жиынтығы мен оларды орындау талабы (салыстырмалы әдіс, жүйелі және тарихи анализ, диалектикалық әдіс және т.б.).
Теориялық негізімұнда жұмысты орындау барысында қолданылған дереккөздер тізімі көрсетіледі.
Ғылыми жаңашылдық мұнда қорғаудағы негізгі жағдайлар көрсетіледі. Істелінген жұмыстың және ғылыми тәсілге анализ жасалынады.
Жұмыстың маңыздылығытеориялық немесе практикалық «жолының» ашылуы. Кіріспе көлемі – мәтіннің 2-3 бет.
Қорғауға жіберілетін негізгі жағдайлар бұл автормен ашылып зерттелінген ахуал мәселесі.
Құжаттар анализі мен әдеби дереккөздеркіріспеде қысқаша беріледі.
Зерттеу құрылымы. Кріспенің аяқталуында дипломдық жұмыстың құрылымы жайында қысқаша сипаттама беріледі. Бөлім саны көрсетіледі, кіріспе, қорытынды, қосымшалар, қолданылған дереккөздер мен әдебиет тізімі көрсетіледі.
Кіріспе көлемі тарих бағытында жалпы мәтін көлемінен 5-7 % құрайды, немесе 4-6 бет.
Негізгі бөлім Жұмыстың негізгі бөлімі әр түрлі тараулардан тұрады және онда зерттеліп жатқан мәселенің теориялық негіздері мен қысқаша тарихы сипатталады, автор жүргізген байқаулар мен эксперименттер, одан алынған нәтижелер көрсетіледі, сондай-ақ нақты жиналған материалға объективті талдау жасалады.
Негізгі бөлімнің әрбір тарауы белгілі бір мәселені ашып, логикалық тұрғыдан алдыңғы тараудың жалғасы болып келеді. Тақырыпқа және оның жеке сұрақтарына терең теориялық көңіл бөлу қажет. Теориялық ережелер тәжірибемен дұрыс ұштасуы тиіс. Кесте, схема және графиктер қолдануға болады.
Жазылған ақпарат жоспарға сәйкес болуы тиіс. Әрбір тараудың соңында автор қысқаша қорытынды жасауы тиіс, бірақ тарау бойынша тұжырымдар қорытынды бөлімде қацталанбауы керек.