А. А. Костангельдинова Курстық жұмыс



бет1/9
Дата30.11.2022
өлшемі103,5 Kb.
#53666
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kazirgi kazak tilinen kurst k zhum st or ndau nuskaul g


Н.4.07.- 12


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті


кафедрасы
(кафедраның толық атауы)
Р.Ж.Қияқова, Л.Қ.Мусин, И.С.Каирбекова С.К.Жукенова
.
6В01707 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В02301– Филология
БББ студенттері үшін


Қазіргі қазақ тілінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Оқыту түрі: күндізгі


Көкшетау 2021




Қазіргі қазақ тілінен курстық жұмыс жазу бойынша
әдістемелік нұсқаулық Р.Ж.Қияқова, Л.Қ.Мусин, И.С.Каирбекова С.К.Жукенова
(автордың аты-жөні, тегі)

Әдістемелік нұсқаулық оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрылған және курстық жұмыс жазу бойынша талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтер оған кіреді.


6В01707 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В02301 – Филология БББ студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедра отырысында бекітілген.
№1 хаттама «28» тамыз 2021 ж.

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доц О.А.Жумагулова


Педагогикалық институт оқу- әдістемелік комиссиясымен келісілген.




№ 1 хаттама «30» тамыз 2021 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы
А.А. Костангельдинова
Курстық жұмыс – студенттердің өздік шығармашылық жұмысы, ғылыми-практикалық ізденісі, сол білімді практикада қолдану. Жұмысты орындау барысында студент теориялық материал бойынша білімін көрсетуі қажет, әдебиеттер тізімін білу және тақырыпқа анализ, қорытынды жасай білу керек.
Курстық жұмыс – бұл студенттің білімін тексеру. Курстық жұмыстар жалпы ғылыми және арнайы пәндерге байланысты жазылады. Курстық жұмыс дереккөздерді, анализдеу, жүйелеу және қорытынды шығаруды талеп етеді. курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің өздік жұмысының өрістеуін, әр түрлі бүгінгі ғылыми әдістерді қолдануын бақылау, әр қилы сұрақтарға тақырыпқа байланысты терең жауап беру.
І, ІІ курстарда курстық жұмыстар реферат тәрізді болып келеді, ал жоғары курстарда – зерттеу жұмысы. Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедра отырысымен бекітіледі және кафедрада қорғалады. Курстық жұмыс жетекші көмегімен ғылыми жұмыстың біртұтас фрагментін көрсетеді. Студенттер тақырыпты өздері таңдауы мүмкін немесе оқытушы-әдіскерлер өздері ұсынады.
І-ІV курс аралығындағы курстық жұмыстың бастапқы бөлімі кіріспеден басталып, соңғысы анализ, яғни қорытындыға дейін нақтыланып жазылады. Курстық жұмыстың тексі студенттің жыл бойына қаншалықты еңбектенгенін аңғартады. Курстық жұмыстың басты міндеті ғылыми жетекшісімен ұйымдастырылады.
Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Бұлардың дәл осы атымен аталуы міндетті емес.
Кіріспеде мыналар қарастырылады:

Қорытындыда:

  • жұмыстың қорытындысы қиындықтар мен проблемаларды кірістіреді;

  • автормен қойылған міндеттемелер берілген аядағы зерттеушілерге басты бағыт.

Курстық жұмысқа студент өзі аңдатпа жазуы керек (үш тілде). Курстық жұмыс стандартқа байланысты жазылады (сілтемелер көрсетілуі тиіс, әдебиеттер тізімі, басты бөлімдердің құрылымы, кесте, графиктер, т.б.).
Кіріспе бөлімінде таңдап алынған тақырыпқа қысқаша мазмұндама беріледі, өзектілігі, жаңашылдылығы, курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы, зерттеу мақсаты мен міндеті ашылып, әдебиет пен дереккөздеріне сараптама жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет