А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет78/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Оқу-білім, ӛнер тақырыбы қай ғасырда болсын ӛзектілігін жоймайтын 
мәңгілік дүниелер екені белгілі. Мектеп бағдарламасында кең орын алған 
тақырыптың бірі оқу-білім мен ӛнер тақырыбы. Әсіресе Абай шығармалары 
арқылы аталған тақырып кең қамтылған. Оның ӛзіндік себебі де жоқ емес. 
Абай ӛмір сүрген кезеңде оқу-білім, ӛнер тақырыбын қозғау аса маңызды еді. 
Қоғамдық сананы ояту Хакім Абайдың ең биік мақсатының бірі болды. Абай 
«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ӛкінішті кӛп ӛмір кеткен ӛтіп», 


171 
«Біреуден, біреу артылса», «Білімдіден шыққан сӛз», «Ӛлең – сӛздің патша-
сы», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек 
үшін», «Ӛзгеге кӛңілім тоярсың», «Кӛңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», 
«Құр айқай бақырған», «Құлақтан кіріп, бойды алар» сияқты ӛлеңдерінде
оқу-білім, ӛнер тақырыбын тереңнен қозғады. 
Абай кӛптеген шығармаларында ғылымның мәнін ашып кӛрсетеді, яғни 
«Ғылымсыз дүние жоқтығын», ғылымның «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» екендігін 
баса айта отырып, оған жетудің жолдарын да ұсынады. Ғылымға жетудің бір 
жолы — талап, еңбек екендігін 
«Еждиһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы» немесе: 
«Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге» — деп баса айта отырып, мақсатқа бағыт-
талған еңбектің ғана жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі 
мақсат — алған білімді ӛзіңе ғана жарату емес, сол үйренгеніңді басқаға да 
үйрету, яғни Абай сӛзімен айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің 
бәрі — тұл» — немесе — «Ӛзің үшін еңбек қылсаң, ӛзі үшін оттаған хайуан-
ның бірі боласың...», «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның 
баласы — бауырың» деп ӛнер, білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны 
келешек ұрпақ мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. «Ғылымды ақиқат мақсатпен 
білмек үшін үренбек керектігін» баса айтады. Абай «Ғылым таппай 
мақтанба» ӛлеңінде адамгершілік қасиеттерді:
«Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ — 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой — 
Бес асыл іс, кӛнсеңіз» — деп екі жікке бӛле отырып, саралап 
кӛрсетеді. Бұлар адамшылықтың екі жағы, адам қасиеттерінің екі қыры 
іспетті. «Адамшылықтың алды — махаббат, ғаділет, сезім. Бұл ғаділет, 
махаббат, сезім кімде кӛбірек болса, ол кісі — ғалым»— деп, ақын ғылым 
жолында да адамшылықтың жетекші екендігін аңғартады.
Адам жаратылысында жақсылықтың да жамандықтың да дәні бар. 
Адамның ӛзін сынға алуы, бойын билеуі — жақсылыққа жетудің де кепілі. 
Сондықтан да Абай: 
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бӛлек» – дейді. Ақын үшін ар, иман, әділет 
маңызды. Абай оқу-білім, ӛнер үйрену ӛмір атты құрылыста «кетігін тауып 
қаланудың» бірден-бір жолы деп біледі.
Түбінде баянды еңбек егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған ӛнер емес, 
Еңбектің бұдан ӛзге бәрі жалған, – деп, жастарға ӛнегелі жол сілтейді.
Абай ӛнер түрлерінің ішінде сӛз ӛнерін ерекше қастерлейді. 


172 
Ӛлеңге қойылатын биік талап пен талғамды «Ӛлең – сӛздің патшасы, 
сӛз сарасы» дей отырып, алғаш ӛлеңнің «қиыннан қиысқан» үздік ӛнер 
екенін саралап кӛрсетеді. «Қазаққа ӛлең деген бір қадірсіз» деп, сол заман-
дағы ӛнерді мал табудың амалына айналдырған топты сынайды.
«Туғанда дүние есігін ашады ӛлең, 
Ӛлеңмен жер қойнына кірер денең. 
Ӛмірдегі қызығың бәрі ӛлеңмен, 
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең», – деп ән құдіретін асқақтатады. 
«Мақсатым – тіл ұстартып, ӛнер шашпақ, Наданның кӛзін қойып, кӛңілін
ашпақ» деген ақын, ӛнер-білім туралы терең таным мен тың ой-түсінік 
қалыптастырды, үлгілі ӛрнек қалдырды.
Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде оқу-білім 
тақырыбын кеңіте түседі. Абай ғылым, білімді адамшылықтың негізі ретінде 
таныта отырып, кемел адам болу (толық адам) идеясын ұсынады. Абай ӛзіне 
дейінгі шығыс ғылымында белгілі болған адам болудың философиялық 
негіздерін түсіндіреді. «Мұны жазған білген құл – Ғұламаһи Дауани» деп 
шығыс ғұламасына сілтеме жасайды.
«Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде ғылымның қоғам мен адам 
ӛміріндегі мәнін «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» дей отырып, оған жетудің 
жолдарын ұсынады. Ғылым жолында мақсатқа бағыттылған еңбектің ғана 
жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі мақсат — алған білімді 
ӛзіңе ғана сіңіру емес, сол үйренгеніңді басқаға да үйрету, яғни Абай сӛзімен 
айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің бәрі — тұл» – деп ӛнер, 
білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны келешек ұрпақ мүддесі 
тұрғысынан түсіндіреді.
Абай Құнанбайұлының «Адамның кейбір кездері» ӛлеңі – ӛнердің 
сиқырлы жаратылысы жайлы толғам. Абай – сӛз ӛнерін терең зерттей айтқан 
ақын. Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы...», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек 
үшін», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол» сияқты бір қатар ӛлеңдерінде ақын 
ӛнер құдіретін зерделейді. Ӛлең жылтыр сӛзбен ғана шырайлы болмайтынын, 
әділет пен шынайылықты жеріне жеткізе айтқанда, құнарлы ой «сырты 
алтын, іші күміс сӛз жақсысына» айналғанда ғана ел кӛкейіне қонатынын 
түсіндіреді. Абай «Адамның кейбір кездері...» ӛлеңін шабытының шырқау 
кезі 1886 жылдары жазған. Кӛркем сӛз табиғатын түйсінген ақын шығарма-
шылық тұлғаның бірнеше қасиетін бағалайды. Ақынның ар таразысы – әлілет 
пен ақылы. Ақын қоғам ісіне кӛкірек кӛзімен қарап, халықтың арман-тілегін, 
мұң-зарын жеткізе алуы керек. Ақын заман абызы сияқты. Арғы-бергіні 
болжау, дӛп түсіп айту – тек ақындық шабыт қана емес, әділет пен ақыл 
жемісі. Ақынға жүректің кәусар тазалығы да қажет, рухтың алмас қылыштай 
ӛткірлігі де қажет деген ой түйеді. Ақын ӛлеңнің туу сәтін бойдан ӛткізіп, 
түйсіндіре сипаттай отырып, ақындықты «тәңірінің берген» кемел ӛнері деп 
таниды. 
Мектеп бағдарламасында Абай шығармашылығынан қамтылған ӛлең-
дердің біразы адамдық мұрат, «толық адам» тақырыптарын тереңдете түсе-
тін сүйікті ұлы Әбдірахманға арналған жоқтау ӛлеңдері. Абай сүйікті ұлы 


173 
Әбдірахманға бірнеше ӛлең арнаған. «Я, кұдай, бере кӛр...», «Алланың 
рахматын...», «Тілім саған айтайын...» ӛлеңдері айықпас дертке шалдыққан 
ұлына тағат таппай қиналғанда хат түрінде жазылған. Ӛлең ӛзегінде әкенің 
үміт, қайғы, зар үні қатар ӛріледі. Ал, «Кешегі ӛткен ер Әбіш...», «Тұла 
бойың ұят-ар едің...», «Талаптың мініп тұлпарын...», «Арғы атасы қажы 
еді...», «Жиырма жеті жасында...», «Орынсызды айтпаған...», «Бермеген 
құлға, қайтесің...» сияқты ӛлеңдері ӛмірден ерте үзілген сүйікті ұлының қаза-
сына айтылған әке азасы, жоқтау ӛлеңдері деуге болады. Әбдірахманға ар-
налған бұл ӛлеңдердің мағыналық ауқымы жоқтау ӛлеңдерінен әлдеқайда 
кең.
Автор ӛлеңде ӛз баласы дүниеден ӛткен сәттегі ауыр қайғысын, 
күйінішін ғана жеткізіп қоймайды, адам бойындағы асыл қасиеттерді
барынша жарқырата кӛрсетеді. Білімге құштар, талапты жастың ерте қиылып, 
жарқын істердің, халық игілігіне қажет дүниелердің ӛліп бара жатқанын 
күйіне жырлайды. Ақын Әбдірахман бойынан «толық адам» қалпына сиятын 
барлық қасиеттерді кӛреді. Адам барлық қасиетімен кемел, толық болуы үшін 
«қайрат», «ақыл», «жүрек» бірлігінің болуы шарт деп түсіндіреді.
Әбдірахманның «жүрегі жылы», «бойы құрыш», «туысы жаннан бӛлек-ті», 
«ғылымға кӛңілі зерек-ті» дей отырып, ақын Әбіштің бар қасиетімен кемел 
екендігін танытады. Әбдірахман тұлғасының кең ашылуы, ақынның ішкі
толғанысы мен қайғы қасіретінің терең екендігін айқындай түседі. 
Абай Құнанбайұлының «Талаптың мініп тұлпарын» ӛлеңі Әбдірахман 
қазасына арналған ӛлеңдер топтамасына жатады. Автор ӛлеңде ӛз баласы 
дүниеден ӛткен сәттегі ауыр қайғысын, күйінішін ғана жеткізіп қоймайды, 
адам бойындағы асыл қасиеттерді барынша айқын кӛрсетеді. Білім жолын-
дағы жастың жетекшісі – талап. Талапты жастың еңбекқорлығы қажыр-
қайраттың беріктігінде болса, адами қасиеттері әділетті сүюінен, ақыл, 
парасатының кемелдігінен деген ой қорытындысына жетелейді. Ақын 
Әбдірахман бойынан «толық адам» қалпына жататын барлық қасиеттерді 
кӛрсетеді. Адам барлық қасиетімен кемел, толық болуы үшін «қайрат», 
«ақыл», «жүрек» бірлігінің болуы шарт деп түсіндіреді. Әбдірахманның 
«жалғандыққа ермеуі», «кӛкірегін кермеуі» жүректегі иманның бекемдігінде 
деген түсінік тудырады. Ақын Әбіштің бар қасиетімен кемел екендігін 
танытады. Әбдірахман тұлғасының кең ашылуы, ақынның ішкі толғанысы 
мен қайғы қасіретінің терең екендігін айқындай түседі. 
Абайдың 1889 жылы жазылған «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» 
ӛлеңіндегі ой он жетінші қара сӛзімен мазмұндас. «Қайрат, ақыл, жүрек 
үшеуі айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті» деп ақын үш қасиетті 
ерекшелей отырып ӛзіндік болмысын ашады. Әр қайсысының ӛзіндік 
қасиеттері бар. Мысалы ақылдың нұрлы болуы, қайраттың ыстық болуы, 
жүректің жылы болуы «толық адам» болудың кепілі. «Жеке-жеке біреуі 
жарытпайды», үш қасиеттің Абай айтқан нұсқасы кісіде қатар болуы 
кемелдікке жеткізеді. Абай «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» дей отырып, 
адамға шыдамдылықты, сабырлқты дарытатын қайрат және ыстық жүрек 
бірігіп тұтасқанда ғана ғылымға қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды. 


174 
Алғашқы шумағы қара ӛлең ұйқасымен, кейінгі екеуі кезекті ұйқаспен 
жазылған үш шумақты шағын ӛлеңде терең мағына, философиялық тұжырым 
бар. Абай «толық адам» ілімін «Ғылым таппай мақтанба» сияқты білім, 
ғылым тақырыбындағы шығармаларында және Әбдрахманға арналған 
ӛлеңдерінде толықтыра түскен. 
Мектеп бағдарламасында Абайдың махаббат лирикасынан бірнеше 
шығарма қамтылған. «Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар» 
дегеніндей ақын махаббат тақырыбын тың ӛрнекпен, кӛркем айшықпен,
ӛзгеше мағына бере жырлаған. Абайдың махаббат лирикасының жаңалығы 
мол. Ақын ӛлеңдерінде қазақ аруының кӛркем бейнесін, образын сомдайды. 
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Білектей арқасында ӛрген бұрым» 
ӛлеңдерінде қазақ қызының кӛркем портретін, сын-сипатын, болмысын 
танытады. Абай махаббат тақырыбындағы ӛлеңдерінде адам басында 
болатын сезім-күйдің алуан белгісі мен кӛріністерін шынайы суреттейді. 
«Қыз сӛзі», «Жігіт сӛзі» ӛлеңдерінде махаббат ләззаты кӛбірек жырланса,
«Қор болды жаным», «Сен мені не етесің?», «Жарқ етпес қара кӛңілім не 
қылса да», «Мен сәлем жазамын», «Кӛзімнің қарасы» ӛлеңдерінде 
махаббаттың азабы, тауқыметі, сағыныш пен күйініш сезімдері «қуатты ойда 
бас құраған» шебер тілмен кестеленеді. Махаббатқа адалдық, қазақ әйелінің 
жанының тазалығы, жігіттің саналы, тұрақты болуы ақын ӛлеңдерінің 
идеялық мазмұнында айқын кӛрінеді. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» 
ӛлеңдері арқылы жастарға үлгі-ӛнеге, тәлім-тәрбие береді.
Абай лирикасында махаббат тақырыбы қазақ әдебиетінде ӛзіне дейін 
болмаған дәлдікпен, терең психологиялық күйде, тың сипатта жырланады.
«Қызарып, сұрланып» ӛлеңінде құмарлы екі ғашықтың жай күйі қалтқысыз 
қаз-қалпында, бастан кешкендей терең түйсікпен, сезімталдықпен жеткізіл-
ген. Махаббат жүректің ерекше күйі, жан ләззаты деп түйетін ақын, адам-
ның іс-әрекетін жүйелеп тұрған ақыл-ойдың да ұлы сезім – махаббаттың ал-
дында дәрменсіздігін кӛрсетеді.
«Жүйрік тіл, терең ой, 
Сол жерде қайда едің? 
Ғашыққа мойын қой, 
Жеңілдің, жеңілдің!... – дейді Абай. Абайдың махаббат тақырыбындағы 
ӛлеңдері құрылымы, құрылысы, ұйқас түрлері жағынан сан алуан болып 
келген. 
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» ӛлеңін Абай 1889 жылы жазған. 
Абай махаббат тақырыбындағы ӛлеңдерінде адам басында болатын сезім-
күйдің алуан белгісі мен кӛріністерін шынайы суреттейді. Адам жаратылы-
сының құралмағы «екі нәрседен: бірі – тән, бірі – жан» деп түсіндіретін ақын 
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» яғни ғашықтық сезім жүрек күйі, жан 
қажеті, «Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол» деп екіншісін кӛбірек тән 
қажетіне жатқызады. Ғашықтық «нұрына жан қуанатын», үміт үзілсе адам-
ның тұла бойын түгел дерт меңдегендей күй кешетін, ақыл-сананы, жан мен 
тәнді түгел жаулайтын сиқырлы сезім екенін түйсіне жырлайды. Ақын 


175 
ӛлеңнің бастапқы, соңғы шумағын қара ӛлең ұйқасымен, екінші шумағын 
кезекті ұйқаспен жазған.
Байқап отырғанымыздай мектеп бағдарламасына енген лирикалық 
шығармалардың тақырыбы алуан түрлі. Тіпті бір тақырыптағы шығарма-
лардың ӛзін тануда, танытуда терең пайым мен ізденіс керектігі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет