А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Лирикалық шығармалардағы пейзаж жанры



Pdf көрінісі
бет79/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Лирикалық шығармалардағы пейзаж жанры.
Мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың ішінде бір 
ғана пейжаздық ӛлеңдердің ӛзінің табиғаты бір-біріне ұқсамайтындай алуан 
түрлі. Мәселен, 5-сыныптағы И.Байзақовтың «Жазғы кеш» ӛлеңі таза 
пейжаз
1
. Кеш кӛрінісін тілдік бояумен салғаны айқын танылады. Шығарма-
ның ӛн бойында пейзаж кірпіш ретінде қаланады.
Кеш еді жаздың сұлу нұр тӛгілген,
Жібектей жерге жасыл гүл себілген. 
Кӛк шатыр, Қызғылт теңбіл тақталанып,
Жерге кеп алыс аспан тӛңкерілген. 
Шымқаған кӛкжиекте қызыл арай, 
Кӛтерген күн шапағын қызыл тудай. 
Тарауы сан жамырап, кӛкке самғап, 
Серпілген кӛк теңізі әрмен қарай. 
Иса Байзақов «Жазғы кештің» шапақты тууын «жасыл», «кӛк», 
«қызғылт», «қызғылт теңбіл» сияқты бояу ӛңдерінің атауымен кӛз алдымыз-
ға керемет кештің бейнесін әкеледі. Мұнда пейзаждық бейне түрлі бояулар-
мен, тұтас ӛлең мәтініне реңк беріп тұр. Оқушыларға пейзаждық элемент-
терді таныту, сӛзбен салынған суреттің бояуын сездіру үшін «Ӛлеңде қандай 
түс кездеседі?» «Жиі ұшырасатын қай түс?», «Ӛлеңдегі бұлттың түсі 
қандай?» деген сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Пейзажды нақты түстік 
реңкімен тани алған оқушы бұлттың түсі «қызғылт» екенін тап басып айтары 
анық. Ал дәл осы ӛлеңді сурет ӛнерімен ұштастырмауға болмайды. Дәл ӛлең 
мәтініндегі сӛзбен салынғанды суретте тап басып таба білу, тіпті ұсынылған 
кӛп суреттің ішінен ажырата алу қабілетінің ӛзі оқушылардың ӛнерді түсіне, 
түйсіне алу қабілеттерін дамытқан болар еді.
Оылайша пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мӛлдір, терең сырларын, сӛздің 
поэзиялық қасиеттерін жарқырата ашуға ұйытқы болса, екінші жағынан, 
шығарманың ішкі мазмұнын идеясын байытады.
Ал пейжаздық шығарма делінген Абайдың «Жазғытұры», «Жаздыкүн 
шілде болғанда», С.Торайғыроватың «Шілде» ӛзіндік ерекшеліктерімен ӛзге-
ше. Осыған қарап-ақ пейзаж жанрының ӛзіне тән белгілерін тануымызға 
болады.
Пейзаж кейде жаратылыстың кӛрінісін суреттейді, кейде кейіпкердің 
басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға қандай 
жағдайда болғанын кӛрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның тікелей 
1
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -102 б. 


176 
дамуымен қатынаста болады. Қандай пейзаж болсын бір нәрсеге негізделіп 
алынады. Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады. Мысалы 
Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» ӛлеңінде жаздың әдемі кӛрінісін 
суреттеумен қатар, адамдар әлемінің ӛмір тіршілігін қаз-қалпында кӛрсетеді. 
Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын 
кӛрсету үшін де қолданылады. 
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, 
Бұлттан шыққан шұбар күн,– деген үзіндіде Махамбеттің жай-күйін 
терең таныту үшін салыстырмалы түрде суреттейді.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» ӛлеңін алсақ, мұнда табиғат кӛрінісі 
мен адам сезімі сабақтастырыла ӛрілген: 
«Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп... 
...Келмеп пе едің жол тосып, 
Жолығуға аулаққа. 
Ӛлеңдегі алғашқы шумақты оқи отыра кӛз алдымызға табиғаттық әсем 
пейзажын елестетеміз.
Ӛлеңдегі кӛркем пейзажды құраушы элементтер: «Желсіз түн», «терең 
сай», «арналы ӛзен», «жарық ай», «қалың ағаш жапырағы» т.б. барлығы 
жанды әрекетте түн пейжазын кӛріктендіріп, адамның ішкі жан-дүниесімен 
астасып, табиғат пен адам бір тұтастықта бейнеленеді. Осылайша оқушының 
қабылдауына әсер етеді.
Кӛркем пейзажды беруде І.Жансүгіров шығармалары ерекше кӛзге 
түседі. Ақынның мектеп бағдарламасына енгізілген «Ағынды менің Ақсуым» 
ӛлеңінде ақынның туған жерге деген ыстық сезімі табиғаттың әсем бӛлшегі 
болып отырған ӛзен суына да жан бітіре түскендей болады. Ақсу ӛзенінің 
табиғи ерекшелігі ақын жасаған кейіптеу арқылы еркін ашыла түседі
1

...Тұнжыраған торғын түн 
Тӛндім сұлу суына 
Таңырқап тау, тас тамсанып, 
Жымиды жұлдыз мұныма. 
Сүмиген сүңгі сұрша тал 
Шомылды таудың суына. 
Таймаңдаған тайпақ ай 
Желегі ме, туы ма!? 
Шүйке шарбы бұлтты 
Қалақай қалды қылмиа. 
Аспанда, ай алтын құшағы, 
Қусыра қайың құшады... 
1
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 7 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -72 б. 


177 
Итмұрыны мӛлдіреп, 
Қабағын түйіп қоңыр күз. 
Қарағай, қайың қалтырап, 
Талда аңырап әнші құс, 
Таста суыр тантырап, 
Жазыла есінеп жапан қыр, 
Маужырар сұлап, балбырап, 
Даладан, таудан кӛшті нұр, 
Салбырап, сам жамырап... 
Тауды тұман бӛкселеп, 
Ӛзен тӛлі жамырайды... 
Бұл ӛлеңде шебердің назарына ілінген кӛркем детальдар «торғын түн», 
«тау-тас», «жұлдыз», «сүңгі тал», «тайпақ ай», «шарбы бұлт», «қалақай», 
«қайың», «итмұрын», «әнші құс», «суыр», «жапан қыр» т.б. «Жалғыз жазғы 
бір кеште жағалаған жағасын» ақынның назарына ілінген кӛркем бейне 
ақынның сезімімен жанды дүниеге айналады. Ақын кӛңіл-күйімен «жұлдызы 
жымияды», «қалақайы қылмиса», аспандағы ай алтын құшағымен сұлу 
«қайыңды құшады», қайың мен сәуле сүйіседі. Пейзажды жасауда суретші 
мен кӛркем сӛз шеберінің нысанындағы заттық элементтер ортақ болғаны-
мен, әр шебер оны ӛзінше түрлендіреді, ӛзінше бояумен әрлейді. Кӛркемсӛз 
шеберінің бояуы кӛркем бейне, кӛркем деталь. Кӛркем пейжаздың фонында 
автордың ішкі әлемі, сезімі, ой-түсігі мен ӛзіндік құндылықтары бедерлене 
түседі.
Ӛз шығармаларында пейзажды нысан етпейтін ақын-жазушы сирек. 
Бірақ сол кӛркем бейнені беруде әр қаламгердің ӛзіндік ерекшелігі байқа-
лады. Мәселен, 5-сыныпта ақынның «Шілде» ӛлеңінде.
1
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай, 
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай. 
Шайқалып таң желіне тербетілді.
Кӛкмайса кӛзі ілініп тұрған сондай. 
Асыл шӛп, жасық шықтың иісі аңқып, 
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып, 
Күлімдеп кӛктің жүзі кӛңілі шат: 
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.. 
Мақтанып қара түнде нұрын шашқан 
Айдың да ӛлеусіреп түсі қашқан.
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң, 
Бірі жоқ, тәмам жұлдыз бетін басқан... 
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -143 б. 


178 
Жайылып тӛрге қарай таңның ағы, 
Кӛрінді ауыл – ауыл маңайдағы. 
Қарайып, ӛрген сиыр түйеменен
Ауылдың малға толды әрбір жағы. 
Ыңыранып қой қотанда таңды кӛріп, 
Күн шықса, жайылысқа кетпек ӛріп. 
Тӛбеттер үй алдына жаңа жатты,
Түн бойы қой күзеткен, ұйқы бӛліп... 
Осы ӛлең шумақтарының әрқайсысында бір жанды қимыл-әрекет бар. 
Енді ғана «кел, шық» деп сібірлеп атып келе жатқан таң бейнесін беруде 
автор «торғайларға ән салдырып, бәйек қылса», «кӛзі ілініп тұрған кӛк 
майсаны тербеп оятып», «шығар күн үшін кӛктің жүзін күлімдетіп, кӛңіліне 
шаттық орнатса», «жердің буы мен кӛктің суының кӛкке қарай ұмтылуы», 
«қамыстар суда күйге билеп, құстар домбырамен ән салып» тұрса алғашқы 
шумақтарда, енді «шығарын сұлу күннің сезгеннен соң» «мақтаншақ айдың» 
түсі қашып, «тәмам жұлдыз бетін басқандығы» берілсе, келесі шумақтарда 
таң атқаннан кейінгі ауыл кӛрінісі беріледі: «ӛрген сиыр», «жайылысқа ӛруге 
дайын тұрған қотандағы қой» т.б.
Сонымен қатар пейзаждық бейнелерді беруде кез-келген ӛлеңде 
болсын не прозалық шығармаларда болсын этникалық дәстүрден ауытқымай, 
белгілі бір тұрмыс күйін суреттеуде ықпал етеді. Осы сӛзіміздің дәлелі 
жоғарыдағы «Шілде» ӛлеңінің соңғы шумақтарында «таяқты, жалаң аяқ 
шалдардың тұрып, үйге сүйкенген қойларды ұруы», «бір молданың шәугім 
ұстап тысқа шығып, арба айналуы», «ауылдағы қисайған қос секілді қара 
және дара үйге» «Әптиек» пен «Құрандарын» құшақтаған балалардың 
жиналуы тұтас бір ауыл тұрмысының таңертеңгілік қозғалысын, әрекетін кӛз 
алдымызға елестетіп отыр. Пейзажды құраушы заттық детальдарды кӛру бар 
да, оның ӛзіндік белгісін тану бар. Мәселен, «жасық шық» деген бір ғана 
заттық ұғымның ӛзінен терең мағынаны тануға болады. Неліктен басқа 
эпитетті емес, ақын «жасық» сӛзін қолданған? Бұл сӛзді тағы қандай тіркесте 
қолдануға болады? Жаздың түніндегі, әсіресе таң алдындағы шықтың
салқын болмай, жасық болуының ӛзі шілде айы түнінің қаншалықты жылы 
екенін байқата түседі.
Ал С.Сейфуллин ӛлеңдерінде табиғат кӛбінесе кӛтеріңкі кӛңіл-күй 
әсерімен суреттеледі:
Мен келем тау ішінде түнделетіп, 
Аймақты күңірентіп ӛлеңдетіп. 
Астымда ақбоз атым сылаң қағып, 
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп. 
Ақынның кӛтеріңкі кӛңіл-күйін ӛлеңнің ішіне ӛзі қосыла бойлай 
отырып, «түн ішіндегі тау» арқылы, сонымен қатар «астындағы ақ боз 
атының сылаң қағып, құлақтарын елеңдетуі» арқылы жеткізеді. 


179 
Лирик, кең құлашты ақынның 6-сыныптарға арналған оқулықта 
берілген «Далада» ӛлеңінде пейзаж бейнелерін алты жасар асаудың мінезін 
беруде салыстыра пайдаланған.
Ақырды асау- 
Жаңғырды дала. 
Тулады, орғыды асау- 
Дүбірлеп, күңіренді дала, 
Қиырсыз дала... 
Орғыды асау айнала- 
Дүбірледі айдала. 
Асаудың жүйіткіген мінезін әрі қарай жалғастыра отырып, ӛлеңнің ӛн 
бойына автор ӛзі енеді: 
Жаңғыртып кең даланы 
Салдым күшті дауыспен ән. 
Әніме қосылды: кең дала,
Аққулы-қазды шалқар кӛл, 
Қамысты-құрақты кӛк ӛзен... 
Ӛлеңнің құрылысында асау – кең дала, ақын – кең дала, яғни негізгі 
ойға оқырманды кең даланың ерке мінезін беру арқылы әкеліп отыр. «Жаң-
ғырған дала», «күңіренген дала», «қиырсыз дала», «дүбірлеген дала» барлы-
ғы да бір даланың әрқилы бейнесі. 
Сәкен Сейфуллин ӛз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты 
асқақтата жырлайды. Сондай-ақ ақынның «Ақсақ киік» атты ӛлеңінде
«Арқаның Бетпақ деген даласы бар» деп бастап сол даланың «ел жоқ, күн 
жоқ» бейнесін, «ӛзенсіз, кӛлсіз» шӛл дала келбетін кӛрсетеді
1
.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды, 
Ел жайлау, ӛзен яки кӛл болмайды. 
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Кӛгала бетегелі бел болмайды. 
Енді енсіз жатқан айдаланы суреттеп, сол далаға бойлай ішкі 
құрылысына тоқталып, сол даланы мекендеуші жан-жануарларға, атап айтсақ 
шӛлдің тағылары құлан, киік жайлы ӛрбітеді: 
Бетпақта елсіз-кӛлсіз ӛсіп-ӛнген, 
Жалғыз-ақ құлан, киік шӛлге кӛнген. 
Келесі шумақтарда шӛл даладағы шӛптермен таныстырса, 
Бетпақтың кӛкпек, жусан, шӛбі сұйық, 
Сол шӛпті қорек қылған байғұс киік. 
Әрі қарай киіктің «қап-қара екі кӛзі мӛлдіреген, әдемі екі танау 
желбіреген» деп кӛріктілігін суреттейді де, ӛлеңнің соңына қарай кеудесіне 
мергеннің оғы тиген ақсақ киіктің бейнесі, яғни негізгі ой осымен 
қорытылады да, жапанда жалғыз келе жатқан ақсақ киіктің мүшкіл халі мына 
шумақ арқылы да аяныштылығын дәлелдей түседі: 
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -158 б. 


180 
Қиырсыз, Бетпақдала... қураған шӛл... 
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел. 
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...
Ел қайда? Ел алыста – шулаған ел! 
Мағжанның да стиль ерекшелігіне сай табиғат тақырыбындағы 
ӛлеңдерінде ӛзіндік торығу, күйіну т.б. басымдығы назар аудартады. Атап 
айтсақ, «Жаралы жан» ӛлеңінде ақын даланы ӛлікке балайды: 
Сар дала бейне ӛлік сұлап жатқан, 
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан. 
Тау да жоқ, орман да жоқ, ӛзенде жоқ, 
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан. 
Зерттеуші С. Қирабаев: «Қазақ даласының табиғатын Мағжан таза, 
пәк күйінде кӛргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды.
Табиғатта адам сияқты кейде кӛңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да 
оны әр күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жасыл шӛптер мен 
асқар тау, балдан тәтті сулар кӛрсе, кейде сол даланы кебін оранған ӛлікке 
теңейді. ...Олар да ойда, сезім де еркін, сыршыл, нәзік, мұңды кӛңіл күйі
аралас жүреді»,
1
- деп байқатады.
Күншығыстан таң келеді, мен келем, 
Кӛк күңіренеді, мен де кӛктей күңіренем. 
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған 
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем,– деп ақын ӛзін «таң», «күңіренген 
кӛк», «қараңғылық», «нұр беретін күн» болып шығады соңында. 
Байқап отырғанымыздай кӛркем сӛздегі пейзаждың атқаратын қызметі 
әралуан. Ол бірде кӛркем шығарма мәтініне бояулық реңк ғана үстеп тұрса, 
бірде алдағы орындалатын оқиғаларға оқырманын психологиялық тұрғыдан 
дайындап отырады. Енді бірде автордың шығармаға деген ӛзіндік кӛзқарасын 
беріп тұрады және мәтін идеясының тұтастай ашылуына арқау болады.
Сондықтан лирикалық шығармаларды оқытудың негізгі ұстанымдары 
мен бағыттарын айқындай отырып, әр мәтінді талдаудың ӛзіндік жүйесін 
жасау қажеттігі туындайды. Мұғалім мәтінді талдап тану арқылы автор 
ойына, болмысына жақындайды. Сол арқылы оқушыларды да дұрыс арнаға 
бағыттай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет