А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Педагогикалық технологиялар ұғымы



Pdf көрінісі
бет65/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

 
Педагогикалық технологиялар ұғымы. 
«Педогогикалық технология» дегенді қалай түсінеміз? Бұл туралы 
ғылымда әртүрлі түсініктемелер бар. Технология — белгілі бір істе немесе
шеберлікте ӛнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы.
«Педагогикалық технология — оқыту әдіс-тәсілдерінің, формалық
әдістемелік, амалдық, тәрбиелік амалдардың арнайы алынғанын және 
үйлестірілгенін білдіретін психо-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы»,–
деп түсіндіреді Б.Т.Лихачев. Ал, В.П.Беспалько: «Педагогикалық технология 
— оқу процесін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы» - дейді.
И.П.Волковтың пікірінше: «Педагогикалық технология — оқытудың 
жоспарланған нәтижесіне жету процесін сипаттау». В.М.Шепель: «Техно-
логия — ӛнер, шеберлік, іскерлік, іріктеліп-тексерілген әдістердің жиынтығы, 
ӛзгертілген жағдайы», – деп түсіндіреді. М.Чошановтың айтуынша: 
«Педагогикалық технология — дидакткалық жүйенің іске асырылған 
қалпы». В.М.Монахов: «Педагогикалық технология — әр бӛлшегіне дейін 
ойластырылған педагогикалық әрекетті жобалау моделі, оқу процесін 
қалайда оқушы мен мұғалімге ыңғайлы жағдайда ұйымдастырып ӛткізу», – 
дейді. Байқап отырғанымыздай педагогикалық технологияны сипаттауда 
педагог-психолог ғалымдардың пікірі алуан түрлі.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен 
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдас-
тырудың ӛзара ортақ тұжырымдарымен байланысқан міндеттер мазмұнының, 
формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Мұнда әр позиция 
басқаларына әсер етіп ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар 
жиынтығын құрайды.


126 
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниев дидактикалық бірліктерді шоғырландыру 
(УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен
В.В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті-
тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және 
сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың 
проблемалық 
модульді 
оқыту 
технологиясы, 
П.И.Третьяковтың, 
К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, Е.Н.Ильиннің «Әдебиетті адам 
қалыптастырушы 
пән 
ретінде 
оқыту» 
жүйесі, 
В.М.Монаховтың, 
В.П.Беспальконың және басқа да кӛптеген ғалымдардың технологиялары
кеңінен танымал. 
Қазақстанда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 
жобасы белсенді түрде қолдануда. Модульді оқыту технологияларын, дамыта 
оқыту технологияларын, саралап, деңгейлеп оқыту, жобалау технология-
ларын республика аймағында дамыта қолданудың ғылыми-әдістемелік 
негізін 
қалыптастырған
(А.Қараевтың, С.Мирсейтова, 
А.Әлімов, 
Ә.Жүнісбек, А.Сатбекова) әдіскер-ғалымдар бар. «Сатылы-кешенді талдау» 
технологиясын қазақ мектептерінде әуелі қазақ тілі пәніне, кейінірек басқа 
пәндер бойынша оқыту тәжірибесін жүргізуші Н.Оразақынова сияқты әдіскер 
ғалымдар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет