А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет102/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118
 Камила 
сабырсыз
иба сақтамайды
үлкенге құрметі жоқ
жеңіл ойлы, өзімшіл
еркекшора
мейірімсіз 


213 
Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жұмыстарын жасағаннан кейін, 
шығармадағы кейіпкерлер арасында кӛтерілетін проблемалар, шығарманың 
танымдық, тәрбиелік салмағын танытатын тұстарына басты назар аударамыз.
Д.Исабековтың «Әпке» драмасында ағалы-қарындасты Темірбек пен
Нәзиләнің арасындағы сӛз тартыс, достар арасындағы әңгімелер ӛрбиді. 
Жастар арасындағы тартыстың тақырыбы «объективті пікір», «жеке пікір 
деген не?» дегеннің тӛңірегінде болады. Шығармадағы «пікір» туралы кӛз-
қарастарды айтпас бұрын оқушылардың ӛзіне сұрақ-жауап әдісімен осы ойды 
анықтатуға болады.
СА У А Л Н А М А 
9. Шынайы пікір (объективті пікір) дегенді қалай түсінесің

Ӛз пікіріңді үнемі ашық жариялайсың ба?_________________________ 
Досыңның пікірімен есептесесің бе?______________________________ 
Ӛзің түйінін шеше алмаған мәселе туралы елден пікір сұрайсың ба?
____________________________________________________________ 
Шынайы пікір дегенді қалай түсінесің?___________________________ 
(Оқушының аты-жӛні) 
Оқушылардың сауалнамасын тыңдап болғаннан кейін драма 
кейіпкерлеріне кезек беріледі. 
Кәмила:
Қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру шарт
емес. ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогресстің ғасыры ғана емес, 
субьективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау
бекершілік. 
Сұлтан: Біреуге ұнамауды мақсат ету де адамды рухани
тұйықтыққа итермей ме? 
Кәмила: Сен мені түсінбей қалыпсың. Біреудің қабағына қарап,
соның ақылымен ӛмір сүру, қайткен күнде де оған да ӛзің жайлы
жаман пікір қалдырмауға тырысу — адамды ой бостандығынан айы-
рады. Ал ой бостандығы болмаған жерде... айталық, сен қолыңа гита-
ра ұстап, туған күніңді думандатып, маған қарсы дау айтып отыр-
ғаныңа қарамастан, тіпті он екі мүшесі сау, қаланың ортасынан үш
бӛлмелі пәтеріне, жергілікті комитеттің мүшесі екеніне де қарамас-
тан, мына сен ... сыртын терімен қаптай салған тұлып болар едің. 
Сұлтан: І-імм. С-солай де. Ашулануға тұрарлық сӛз екен. Бірақ
жақын досымның үйіне алғаш рет келіп отырғандықтан, шаңырақтың
шырқын бұзғым келмей отыр. Дегенмен, айта қойшы, жұрттың бәріне
бірдей ұнамауды мақсат еткен адам ғана ой бостандығының иесі
санала ма? Обьективті пікір деген бар ғой.
Светлана: Жоқ.
Сұлтан: Қалайша? Обьективті пікірді жоққа шығарғың келе ме? 
Светлана: Жоққа шығарғым келмейді. Ӛйткені ол болған емес.
Обьективті пікір деген-субекьтивті пікірлердің жиынтығы. 


214 
Сұлтан: Ал, әйтпесе, ХХ ғасырдың жойқын нигилисі арамызда жүр
екен ғой. (Гауһарға қарап ) Бұған сіз қалай қарайсыз, қарындас? 
Гауһар: Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын.
Сұлтан: Бұл да ӛзінше жаңалық екен. Қалыс қалудың сәті
табыла кеткен түрі ғой. 
Темірбек: Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды ӛтінемін.
Светлана: Жо-оқ, жалғастыра берсін. Мен үшін ӛте қызық.
Меніңше, дастархан басында адамдардың сӛзінен-ақ бүтін бір қоғам
мәдениетінің даму деңгейі кӛрінеді. Білімді жастардың айтысы да,
тартысы да әлеуметтік биіктен басталуы керек. Обьективті және
субьективті пікір дегенді мен күнде естіп, сол сӛзді ӛзім қолданып
жүрсем де, анығына жете алмаймын. Сұлтан, ол жӛнінде сенің ойың
қалай? 
Сұлтан: Сен ӛз сұрағыңа ӛзің жауап беріп отырсың ғой. Мен ӛз 
пікірімді айтсам, демек ол субьективті пікірім, ал кӛпшілікке ұнайтын 
ойымды айтсам, ол обьективті пікір.
Драмалық шығармада бақыт тӛңірегінде ой ӛрбиді. Шығарма 
кейіпкерлерінің бақыт туралы пікірлерін оқып, шығарманы түйіндегеннен 
кейін оқушылардың ӛз пікірлерін тыңдау, шағын ой толғау немесе эссе 
жаздыру ӛте тиімді. Эссе тақырыбы:
 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет