А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Оқушының жекелеген сценаны оқуы 2



Pdf көрінісі
бет100/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118
 
3.
Оқушының жекелеген сценаны оқуы
2
.
 
Автор мұғалім күрделі драмалық шығарманы ӛзі оқығанда, оқушылар 
пьесаның идеялық кӛркемдік бітімін тұтас қабылдайды, ал бұл талдау үшін 
жеңілдік туғызады дейді. Әйтсе де, бұлардың ішінде рӛлмен оқу кең 
тараған. Зерттеушілер драманы бірден рӛлмен оқудың онша тиімділік 
кӛрсете бермейтінін айтады. Ӛйткені рӛлмен оқығанда оқушылар назар мен 
күшті оқу техникасына ғана салады да, пьесаның «үні» кӛмескі қалады.
Мектеп практикасында автор кӛрсетіп отырған оқудың үшінші түрі — 
жеке кӛріністі оқу сирек кездеседі. Дегенмен оқудың бұл түрінің пайдасы 
мол. Оқушылар жеке кӛріністі оқуға даярланған, ондағы мінез-құлықты, 
оқиғаны, тартысты түсінуге күш салады. Сондықтан бұл оқушы білімін 
анықтауға қызмет етеді. Сондай-ақ кӛріністегі оқиғаның жалпы оқиғамен 
байланысын, композициялық мәнін бағалау үшін де пайдалы. Рӛлмен оқу
мәтіннің қысқаша мазмұны анықталып, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, 
ішкі дүниесі т.б. жағдайлар анықталғаннан кейін жүргізілсе, ӛз жемісін 
береді. Бұл мұғалімнің оқушыларды күні бұрын даярлауының нәтижесінде 
жүзеге асады.
Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық мақсат, міндет-
терін айқындау осы тектес шығармаларды оқыту жолдарын саналы түрде 
ұйымдастыруға жол ашады.
Мектептің бастауыш, орта, жоғары оқу орындарында берілетін білім 
мазмұндарының ӛзара сабақтастығын сақтау оқу ұстанымдарынан туын-
дайды. Мектепте алған драмалық жанр жайлы білімдерін оқушылар келешек 
ӛмірде де кәдесіне жаратуы мүмкін. 
1
Станиславский К.С. Особенность драматических прозведениий. Москва. 1986. 
2
Зепалова Т.С. Уроки литературы и театр. Москва, «Просвещение. 1982. 


208 
Драмалық шығарманы оқыту әдістемесі жайлы әдіскерлердің кӛбі
шығарманың сыныпта оқылғанын құптайды. Әрине, шығарманың кӛлеміне 
қарай жекелеген бӛліктерін оқуға да болады.
Пьесаны сыныпта оқу ұжымдық еңбек болып саналады. Оқушылардың
кейіпкерлерді оқу үстінде елестетуі — психологиялық акт. Сондықтан 
мұғалім елестету актісіне қиял қосқаны тиімді. Драма мәтінінде кейіпкер 
портреті болмайды. Дәл прозалық шығармалардағыдай кейіпкер портреті 
болмағанымен, афишада кейіпкердің жасы, ерекшелігі, қызметі, киімі, мінезі 
т.с.с. сілтемелер беріледі. Сондықтан кейіпкерді елестетудің ӛзі шығар-
машылықты, типтік образдарды білуді қажет етеді. Кейіпкерді елестете 
алған оқушы оның тіл мәнерін де ескере алады. 
Сыныпта оқылмас бұрын сол шығарма жайлы шағын кіріспе әңгіме 
жүргізген жӛн. Мұғалім пьеса жайлы тұжырымды анықтама беруі керек. 
Шығарманың тақырыбы, жазылу уақыты, тарихи фоны, құрылысы, әдебиет-
тегі мәні тетрдағы орны туралы мәлімет береді. Сол шығарманы қоюшы 
режиссерлер мен кейіпкерді сомдаған сахна шеберлері туралы да дерек 
берген орынды.
Бастауыш және орта буын сыныптарда шағын ертегі, мысал,
әңгімелерге инсценировка жасау, рольмен оқу, ойнау т.б. сияқты
жұмыста – драмалық шығарманы танып білудің бастамасы. Ал мектеп
практикасында мұндай тәжірибелер жиі кездеседі. Әдебиет мұғалімі
осыларға мән беріп, оларды кӛлемді драмалық шығармаларды оқытуға
кірісер алдындағы даярлық жұмыстар ретінде бағалап, ескергені жӛн. 
Орта буынның 8-сыныбында Д.Исабековтің «Әпке» драмасы оқыты-
лып келеді. Жоғары сыныптарда, яғни 11- сыныптарда драматургияны 
оқытуға сағаттар біршама кӛбірек бӛлінеді. Бірақ оның ӛзі жекелеген 
жазушылардың ӛмірі мен шығармашылығына берілген жалпы сағат санының 
құрамына енгізгенін айтып ӛттік.
Мұның себебі жалпы бағдарламада әңгіме, повесть, роман, поэма, 
лириканы оқып, талдауға кӛп сағат бӛлініп, драмалық шығармаларды 
оқытуға аз мӛлшерде орын берілуімен байланысты.
Драмалық шығармалар — кӛркем әдеби шығармалардың ішінде 
ӛзіндік орнын белгілеген сала. Драмалық шығармалар кӛркем ӛнер туындысы 
болғандықтан эстетикалық циклды құраушылар қатарына жатады. 5-7-
сыныптардағы әдебиет сабағы оқушыларды кӛркем ӛнер туындылар арқылы 
тәрбиелеуде, білім беруде сурет, музыка сияқты сабақтар кӛмекші бола 
алады. Ал жоғары сыныптарда оқушының кӛркемдік тәрбиесі тек әдебиет 
сабағына ғана жүктелген. Олай болса жоғары сыныпта білім беру үдерісінде 
драмалық шығармалардың алатын орны мен дүниетанымдық, дамытушылық 
қасиеттері, әдістері нақтылы түрде анықталып, жүйеленуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет