А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Көркем шығарманы қабылдауды ұйымдастыру жолдары



Pdf көрінісі
бет47/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102
Көркем шығарманы қабылдауды ұйымдастыру жолдары. Жеке 
туындыларды қабылдауда оны бүтіннің бӛлшегі ретінде ойлап, оқушылардың 
әдеби білімінің элементі ретінде, олардың ойының дамуына, қоғамдағы қа-
лыптасу мен эмоционалды-эстетикалық әсер алуы жайлы үнемі есте тұтқан 
жӛн.
«Адам баласы... кӛзбен кӛріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен 
татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» – дейді
3
Абай. 
Баланың сыртқы ортаны тануы осындай жекелеген қасиеттерден, жеке 
бӛліктерден тұрғанымен оқушы белгілі бір ұғым, түсінікті тұтастай 
қабылдайды. Кӛркем шығарманы оқытқанда қабылдаудың осындай тұтастық 
заңдылықтары мен даралық ерекшеліктерін дұрыс байланыстырғанда ғана 
жақсы нәтижеге жетуге болады. Шығармадағы даралық ерекшеліктерді 
ажыратып тани отырып, оқушы бірінен-бірі ажырамай тұрған тұтас әлемді, 
шығарма табиғатын таниды. Осы ұғымның оқушы есінде берік орнығуының 
бір шарты — ассоциациялық байланыстың дұрыс болуы. Іргелестік ассоциа-
циясын шақыра отырып, танымға қызмет етіп тұрған жекелеген сӛздер 
тудырып тұрған ұғымдарды саралау, анализ жасау, сондай-ақ ұқсастық 
1
Выготский Л. Педагогическая психология. М., Педогогика, 1991 -143
2
Абай шығармаларының толық жинағы, 1 том.– Алматы: Рауан, 1989.
3
Абай шығармаларының толық жинағы. 2- том.– Алматы: Рауан, 1989 


97 
ассоциациясы тудыратын кӛріністерге сипаттама жасау, қажетті тұсында 
қарама-қарсылық ассоциациясын да пайдалану қажет. «Чем большим 
количеством ассоциаций мы располагаем, тем легче устанавливается новая 
ассоциация и, следовательно, повышается качество нашей специальной 
памяти» 
1
– деп психологтардың атап кӛрсеткеніндей аталған әдіс-тәсіл ақын 
шығармасының ішкі астарын айқындап, оқушы есінде берік сақталуын 
қамтамасыз етеді. 
Сондықтан мәтінмен танысар алдында шығарма тақырыбының ӛзі 
оқушыларға қандай ассоциация туғызатынын білу маңызды. Мәселен, 5 
сыныптағы М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» ӛлеңіне қатысты «Қысқы жол» 
сӛзін естігенде «қандай ассоциация туындайды?» деген сауал тастауға 
болады. Жауаптардың әрқилы болуы заңды. Біреуі «қар», «суық», «шана» 
деп жатса, енді бірі «таза», «аяз», «қырау» т.б. кӛптеген ұғымдар туындайды. 
Оқушы ассоциациясындағы ұғымдардың қай-қайсы болмасын мәтінді 
қабылдауға алғашқы жәрдемші болары сӛзсіз. Себебі оқушы жаңа бір ұғым 
түсінікті ӛз тәжірибесіне сүйеніп қана қабылдайды. Сабақ барысында 
шығарма мәтінін кӛркем қабылдай отырып, оқушы санасы жаңа ұғымдармен 
толыға түседі.  
Әдістеме ғылымы үшін оқушылардың мәтінді кӛркем қабылдауын 
зерттеуде маңыздысы – әдеби шығарманы талдауды жетілдіру, тың бағыт-
тары мен жолдарын мейлінше молайту болып есептеледі. Н.О.Корст шығар-
маны қабылдау мәселесіне мейлінше ден қояды, тіпті оны талдаумен бірдей 
деңгейге теңестіре қарастыру керектігін айтады. Әдебиетті оқу кезінде «жаңа 
сәттердің»
2
кӛп болу керектігі, сол арқылы эстетикалық сезім мен бірге 
оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту қажеттігін дәлелдейді. Автордың 
ерекше салмақ түсіре айтатын пікірі шығарманы мәнерлеп оқуға қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет