А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиет пәнінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды



Pdf көрінісі
бет62/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102
Әдебиет пәнінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту» (RWCT) жобасын қолдану арқылы оқушылардың ой белсенділігін 
арттыру жолдары.  
Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 1997 жылдары 
енді.  RWCT жобасының мазмұны бірнеше әдістемелік құралдарда да жария-
ланды. Сыни ойлау (RWCT) жобасының басты ерекшелігінің бірі оқушының 
белсенділігін арттыруға бағытталған. Әр сабақтан кейін мұғалім «Сабақта 
оқушыларым қандай белсенді іс-әрекеттер атқарды», «Бүгін мен кӛп сӛйледім 
бе, жоқ әлде оқушылар ма», «Әр оқушы бүгін ӛз мүмкіншілігін жүзеге асыра 
алды ма және ол қандай дәрежеде дамыды» деген сұрақтарды қойып 
саралаған абзал. Сол себепті сабақтың деңгейі мен оқушыларды бағалау осы 
сұрақтарға тікелей байланысты. 
Интербелсенді оқуда оқушылардың ауқымды нәтижелерге ӛзара 
қарым-қатынас пен әрекеттесу, бірлесіп әрекет ету арқылы үйренудің 
нәтижесіне деген ӛз жауапкершіліктерін сезіну басты ұстанымның бірі. 
Интербелсенді оқытуда мұғалімнің бұрынғыдай барлық күш-жігерін үйретуге 


134 
жұмсамай, үйренушілер бірлесе отырып, ӛздігімен білім алуына тиімді 
жағдай жасайды. 
RWCT жоба үлгісінің алғашқы құрылымын үйретудің 3 фазасы 
анықталды. Үлгінің 3 фазасы жоба қызметіне байланысты аталды. Олар:

Қызығушылықты ояту;

Мағынаны тану; 

Ой толғаныс немесе қызығушылық – мағына – ой. 
Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызмет атқарып, басқа 
оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беретіндігі кӛрсетілген.
Алғашқы фазада – қызығушылықты ояту кӛзделеді. Оқушылардың білімдері 
мен әсерлеріне, жаңа білім арқылы мазмұн қалап, болашақта зерттеу 
жүргізуге ықпал етеді. Дербес және топтық түсініктерді қалыптастыруға 
кӛмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар болашаққа кӛз жүгіртіп, 
ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін
мақсат қояды.
Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы 
қадам болып табылады. Олар ӛз еркімен саналы түрде тақырыпқа енеді. 
Сонымен бірге оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны 
ӛзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын 
– болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске қосылады. 
Дәстүрлі оқытуда қызығушылықты ояту фазасына кӛп кӛңіл бӛлін-
бейтін, сондықтан оқушылардың жаңа білім қалыптастыруға деген 
мотивациясы тӛмен болатын. Мұғалімдер оқушылар мектепке дайындалып 
келеді деп ойлаулары мүмкін. Кейде солай болады, бірақ кӛп жағдайларда ең 
алдымен не күтілетінін анықтап, оқушылардың қызығушылығын оятып, 
бұрынғы құрылым мен білімді санасына сіңіріп, тек сосын ғана үйренетіндей 
орта құру керек. Тіпті үйренуге дайындықпен келгендер үшін де қызығу-
шылықты ояту фазасы ұзақ, әрі мағыналы оқудың қажетті психологиялық 
негізін қалайды. Қызығушылық – мағына – ой құрылымының алғашқы 
фазасы үйрену үдерісін алға жылжытуға бағытталған. 
Ал мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен 
немесе жаңа мазмұнмен ұшырасқанда іске асады. Дәрісте басқаратын 
талқылау, кітап оқу, видеокассета, ӛнер қойылымдары немесе басқа да 
әдістердің қай-қайсысы болсын, осы екінші фазада оқушыларды ақпараттар 
мен мазмұнмен қауыштырады. Бұл фазада оқушының негізгі міндеті – 
мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен 
байланысқандығы жӛнінде хабардар болады. Тиімді түрде білім алу үшін 
оқушылардың сабаққа мақсатпен, ойлампаздықпен, ӛзінің түсінгенін бақылай 
алатын, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді 
басқарумен қатысуы қажет.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының 
авторларының бірі ғалым С.Мирсеитова «Егер сыныптағы ортада оқушылар 
арасында еркін қарым-қатынас, ӛзара әрекеттесу мен ынтымақтастық 
қуатталып, оқушыларға ӛзіндік идеяларды ұсыну мүмкіншілігі берілсе, онда 
олар еш нәрседен қаймықпай, берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды. 


135 
Мұндай сыныпта оқытушы қуаттаушы болып, таным процесін бағыттайды, 
олар ӛздерін үйренуші деп таниды, әрі оқушының жеке тәжірибесі, 
әлеуметтік қарым-қатынас пен ізденуге негізделген орта құрады»,– деп 
түсіндіреді.
Әдебиет пәнінде RWCT жобасын қолдану, басқа оқыту техноло-
гияларынан да белсенділікпен жүргізіліп келеді. Оның белгілі себептері де 
жоқ емес. Әдебиет сабағынының басты міндеттерінің бірі – кӛркем мәтінді 
оқу екендігі белгілі. Ал әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеттерінде 
оқушының ойлау белсенділігін дамыту, жазба тілі мен сӛйлеу тілін дамыту, 
ӛзіндік дүниетаным мен пікір қалыптастыру ең басты орынға шығады. 
Аталған жобаның негізінде де осы талап-мақсаттар бар. Әрі үнемі «оқу» мен 
«жазу» арқылы жүзеге асырылатын оқу-танымдық әрекеттер әдебиет пәнінің 
мазмұнымен қабысып жатыр. Сондықтан да әдебиет сабағында «Оқу мен 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын қолдану тиімділік 
танытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бірнеше әдіс-
тәсілдердің үйлесімді жүйесін құрайды. Оларға INSERT, РАФТ, ЖИГСО, 
кубизм, кластер, аялдай отырып оқу т.б. әдістерін атауға болады. Жобадағы 
бірнеше әдістерге (статегияларға) тоқталайық.
INSERT-ұтымды құрал, ӛйткені ол оқушыларға ӛзі оқыған әңгіме 
түсінігін тексеруге, ӛз ойын айтуға басшылық етеді. Бір әңгіменің соңына тез 
жету және оқығанды еске сақтау, еске түсіріп отыру – әрбір оқушыға белгілі 
жайт. Әңгімені түсінбей, мәселені ӛз ӛмірімен байланыстырмай, түсінуге 
тырыспай, қалай болса солай оқу – ең жиі кездесетін оқудың түрі. Оқушылар 
кӛбінесе оқығанда, басқа да тәжірибеде ӛз ӛмірімен жақсы ұштастыра 
білмейді. Мағынаны тани білу-үйрену деңгейінде ең қиын сатының бірі. Егер 
оқушы ешқандай мақсатсыз оқыса, үйрену мүмкіншілігі босқа кетуі мүмкін. 
INSERT – мәтінді түсіну үшін керек бірден-бір әдіс. Негізгі мақсаты – 
біріншіден, тақырыпқа байланысты оқушы ойын ояту кезінде мәтінмен 
жұмыс жасауға кӛмектесу, қызығушылық деңгейін кӛтеруге жұмыс жасау. 
Екіншісі, оқушының ӛзі түсінген, қабылдаған білімді басшылыққа алып 
жұмыс жасауына кӛмектесу. Кӛркем мәтінді терең игерген, нағыз оқырман 
жаңа ақпараттар деңгейінде ӛз білімін басшылыққа ала алады. Әңгімені оқу 
барысында жақсы оқырман түсінбеген жерлерін қайта оқып отырады. 
Оқушыларға ұсынылған мәтінді оқу барысында «түртіп алу», яғни 
ӛзіне қажетті мәліметті белгілей отырып оқу әрекеті болады. Келесі кезекте 
«түртіп алу» кестесін толтырады да, сол кестелерді жұп болып талқылайды. 
Жұптық талқылаудан кейін топ болып талқылауға ойысады. Соңында тұтас 
сынып оқушылары мәтін бойынша жалпы кесте толтырады. Пікір -талас 
тудырған даулы тұстары талқыланады. Мұғалім пікір -талас тудыруы үшін 
сұрақтарды алдын – ала даярлайды. Сол сұрақтарды анықтау барысында 
жалаң түрдегі сұрақ-жауап алынбай, әр сұрақтан кейін оқушыларға ойлануға, 
пікірін жазуға уақыт беріліп отыруы керек. Басты мақсат – пікір-таласта 
белгілі бір ақпаратты анықтау ғана емес, оқушылардың ӛзіндік кӛзқарастары 
мен ӛз ойын ашық білдіруге жағдай туғызу. 


136 
КУБИЗМ – тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын 
оқыту стратегиясы. Кубизм стратегиясы бойынша ойлау мен жазуға 
кӛмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сӛздерді қолданады. Ол 
кубикті қағаздан 15 тен 20 см кӛлемінде жасау керек. Кубиктің әр жағына 6 
кӛмекші сӛздер мен сӛз тіркестерін жазу керек.
– Суреттеңіз; 
– Салыстырыңыз; 
– Ойға байланыстырыңыз;
– Саралаңыз; 
– Қолданыңыз; 
– Талқылаңыз немесе қарсы болыңыз. 
Мұғалім берілген тақырып бойынша осы үдерісте оқушыларға 3-4 
минуттай еркін жаздырады. Әдіс мынандай іс-әрекеттермен жүзеге асады: 
біріншіден, тақырып беріледі. Содан соң оқушыларды сол тақырып туралы 
ойлауға және оны суреттеуге бағыттайды, басқаша айтқанда пәнге тақырыпқа 
еніп, ӛздерінің түсінгендерін суреттеу керек. Берілген бағыт бойынша, бірақ 
еркін түрде тақырып туралы оқушылар ӛз ойын жазуы керек. Бұл іс-әрекет 
кубик алты жағындағы кӛмекші сӛздерді түгел қамтып біткенге дейін 
жалғасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет