А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Жылпы білім беретін қазақ мектептерінде жыр жанрын оқыту



Pdf көрінісі
бет70/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
Жылпы білім беретін қазақ мектептерінде жыр жанрын оқыту. 
Жалпы білім беретін мектептердің әдебиет пәні бағдарламасында қамтылған
әдеби жанрлардың бірі – жыр. Жыр (кӛне түркі тілінде - иыр) кең мағынада, 
поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Кӛне түркі тіліндегі «иырә сӛзі де 
қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы 
мағынада қазіргі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, татар, қарашай, башқұрт, тағы 
басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады. 
Кез-келген жанрдың туып қалыптасуына уақыт керек. Сонымен қатар 
әдеби жанрдың халық арасындағы ӛміршеңдігі сол халықтың әлеуметтік 
жағдайы мен этникалық ерекшелігіне, тұрмыс жайына икемді келіп, сол 
халықтың рухани дүниесіне біте қайнасып кету қасиетті де себепкер болады. 
Жыр қазақ халқының жанына жақын жанр. Поэтикалық тіл мен табиғаты әнге
жақын қазақтай халық дүние есігін ашқаннан бастап жырмен жетілген. Бесік 
жыры, әңгіме-жырлар, әдет-ғұрып жырлары: ау-жар, беташар, тойбастар, 
жоқтау т.б. ӛлең-жырлар халық ӛмірінің туғаннан жер қойнына енгенге 
дейінгі бар ғұмырындағы рухани серігі. Ел батырын мадақтаса батырлар 
жырын жырлап, махаббаттты дәріптесе ғашықтық жырлардан азық алған
ӛткен кезеңде жыр жанрын ӛзінің айнымас серігі еткені де жанрдың халық 
жадына жайлылығы мен қажеттілігінен туындаса керек. 
Жырдың қазақ халқындағы жанрлық табиғанын тарата айтар болсақ, 
ол – қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды ӛлең ӛлшемі, поэзиялық 
шығарма. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, 
тарихи жырлар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгелдерлік 
поэзияның осы ӛлшемдегі үлгісіне құрылған. Қазақ жазба поэзиясында жыр
үлгісі кеңінен қолданылады. Ӛлең ӛлшемінде жыр үлгісі қара ӛлеңмен қатар 
жарыса жүреді. Жыраулар поэзиясынан бастап қазіргі ақындар 
шығармаларында жыр үлгісі молынан ұшырасады. Абай да жыр үлгісін еркін 
қолданған. Буын санын тұрақтандыра қолданған. «Патша құдай сыйындым», 
«Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жаздыкүн шілде 
болғанда», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бӛтен елде бар болса», «Ішім ӛлген, 
1
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – 
XI сыныптар, - А., 2013. 


151 
сыртым сау», «Болыс болдым, мінеки», «Сәулең болса кеудеңде», «Ӛзгеге 
кӛңілім тоярсың» т.б шағын ӛлеңдер мен аудармаларында жыр үлгісін 
қолданады. Абайда да жыр үлгісінің ӛлшемі түрленіп қолданылады.
Абайдан бергі жазба әдебиетінде де жыр үлгісінің байырғы ӛлшеміне 
ӛзгерістер енген. Ауыз әдебиетіндегі жыр ӛлшеміне аралас буын тән болған. 
Мұндай ӛлшем қазақ халқының толғауларында, ноғай халқының 
йырларында, башқұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының 
санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін 
ұшырайтын болған. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі. 
Тыңдаушысына ауызша жететін жырда аралас буын санын қолдану 
мақсатты түрде болатын сыңайлы. Бұл да бір тыңдарманды еліту, жалық-
тырмау мүддесінен туындайтын болар.
Поэзияда ӛлең жолдары тұтасып келіп, шумақ құрайды, ал жыр 
тармақтары тирада түрінде шоғырланады. Ғалымдардың пікірінше тарихи 
генетикалық тұрғыдан тирада үлгісі шумақтан бұрын қалыптасқан. Яғни жыр 
ӛрнегі ӛзге ӛлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Жырдағы тирада 
үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мӛлшері және олардың арақатынасы қатаң 
сақталмай, жиі ӛзгеріп, құбылып отыратын болған.
Мәселен, «Алпамыс батыр» жырында: 
Кеуделері кепедей, 
Мұрындары тӛбедей, 
Күрек тісі кетпендей, 
Кеңірдегі перғауынның кӛріндей, 
Отырған орны алты қанат үйдің тӛріндей, 
Құлақтары қалқандай 
Мұрындар сығымдалған талқандай, 
Кӛздері терең зындандай, 
Басқан ізі от орнындай, 
Аузы ошақтай, 
Мұрын тесігі үңгірдей, 
Иегі сеңгірдей болды.
1
Бұл мысалда барлық тармақтағы ұйқас теңеу 
бір тәсілімен жасалған, ал буын саны ӛзгеріп келіп отыр. Тағы бір мысал 
Байсары байға Кӛкеманның айтқанынан: 
Лағлы маржан садақты, 
Дұшпанға еттік әдепті. 
Арада жаушы жүрмектік –
Кет – құдалардан қалған әдеп-ті. 
Қарағайдан найза ту байлап, 
Тігіп бәйге келгенмін, 
Ақ кіреуке кӛз ойнап, 
Сәлемдікке келгенмін... 
1
Батырлар жыры.Алматы: Жазушы, 1986. 


152 
Сізде қыз бар, бізде – ұл, 
Қызыңа келген жаушымын. 
Біреуге жалын ӛресің, 
Қоңыратттан шыққан тӛресің. 
Тайшадан келген тоғызбыз... 
Патша десең – Тайшаға, 
Батыр десең – Қаражанға 
Ықтиярың Байсары, 
Баршыныңды бересің...
1
Аталған тираданың ішінде ырғақ бірнеше рет 
құбылып ӛзгертіліп келіп отыр. Бұл – тирада пішініне тән ӛзгешелік.
«Жырдың ұйқасы дара ұйқас (монорифма) және аралас ұйқас (полирифма) 
болып бӛлінеді. Аралас ұйқас негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан 
тұрады».
2
Жыр жанрының осындай ӛзіндік ерекшеліктері аталған жанрды 
оқытуда да басты назарға тұтатын мәселелер. Жалпы білім беретін қазақ 
мектептерінің 6-сыныбынан бастап батырлар жыры оқытыла бастайды. 5-
сыныпта ауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырлары, аңыз, ертегілерінен бастап 
әдебиетттің барлық дерлік жанрын қамтитын жалпы білім бағдарламасы 
бойынша лиро-эпостық жырлар 7 сыныпта, жыраулар поэзиясы 8 сыныпта 
оқытылады. Демек, жырды орта буын сыныптарда 10-14 жас аралығындағы 
оқушыларға оқыту жоспарланып отыр. Оқушының таным деңейінен қара-
ғанда да физиологиялық ерекшелігінен де аталған сыныптар дұрыс таң-
далған. Себебі қазақтың құнарлы тілін, мол сӛздік қорын қамтитын жырлар 
оқушыларға дер кезінде сіңіріліп, тілдік қоры мен таным деңгейін, рухани 
болмысын қалыптастырады деген ізгі мүддеден туындайды. 
Ата-бабамыздың дәстүрінде немесе аға буын ұрпақтың тәжірибесінде 
жырды сағаттап тыңдау, жадында тұту, сол арқылы рухани жетілу болған-
дығы мәлім. Бүгінгідей арнаулы мектеп, оқулық техникалық құралдардың 
болмаған кезеңінің ӛзінде жырды меңгеру дәрежесі бүгінгіден артық болған 
сияқтанады. Оған дәлел ауыздан-ауызға таралып бүгінге жетуі әрі бір ғана 
жырдың ӛзінің бірнеше нұсқаға түрленуі молаюы деуге болады. Мәселен, 
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның Кӛтібарға айтқан уәждері, батыр-
лардың алдынан шыққан Теңгеге айтқан ұтқыр сӛздері шешендік пен шебер-
лік үлгісіндей. Сүйсіне тыңдап, жадқа тұту қазақ қауымы үшін әдеттегі жай.
Ал бүгінде жырды жаттаған оқушы, тіпті батырлар жырының сюжетін 
білетіндері де сирек. Бұл – жырға деген қызығушылықтың тӛмендеуі. Ал, 
қызығушылықтың тӛмендеуін бірнеше мәселе тӛңірегінен іздеуге болады: 
Жалпы кӛркем әдебиетке оқырмандықтың тӛмендеуі, ақпарат ағымының 
молдығы, интернет желісінің дәстүрлі білім кӛзін ығыстыруы т.т.
Дегенмен, жырға оқушы қызығушылығының тӛмендігін тікелей оқу 
үдерісінен іздеген абзал. Бүгінгі мектепте жыр жанры қалай оқытылып жүр 
деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, мектеп бағдарламасына сәйкес 
1
Батырлар жыры.Алматы: Жазушы, 1986.
2
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруана, ЖШС, 2010. 


153 
жазылған оқулықтарда жырдың қысқаша үзінділері берілген. Жырдың 
сюжетінің ширегі қамтылған үзінділерді ұсынуда шығарманың желісінің 
сақталуы, бірізділік айтарлықтай сәтті емес. Онсыз да қызығушылығы тӛмен 
оқушы ондай шығарманы оқуға құлықты емес. Екіншіден, тұрмыс, тіршілік, 
әлеуметтік 
жағдай, 
ӛміртанымдық 
дүние 
бүгінгі 
мен 
кешегіне 
салыстырғанның ӛзінде ӛте алшақ. Бұл да ӛз кезегінде қызығушылықты 
тӛмендетеді. Үшіншіден, жырдағы тілдік қабат қою, сӛздік қор аса салмақты. 
Ұстаз тарапынан кӛп ізденіс пен іс-тәжірибені қажет етеді. Оқушының тілдік 
қорын молайту үздіксіз, сатылы шеңбер түріндегі оқыту ұстанымын талап 
етеді. Яғни, 5 сыныптағы ертегідегі оқыған ұғымдар, тұрмыс-салт
жырларында қайталанып, батырлар жыры мен лиро-эпостық жырларда 
дамыта қайталануы қажет-ақ. Сонымен қатар рухани әлемге тарту, 
қызықтырудың басқа да әдістерін (рӛлдік ойындар, іскерлік ойындар, 
оқытудың замануи әдістерін) пайдалануды барлық мұғалім бірдей атқара 
бермейтінін ескермеске тағы болмайды.
Осындайда оқытудың ең қарапайым жолын еске алмайтынымыз 
таңдандырады. Мәселен, ата-бабамыз жырды қандай жолдармен меңгерді 
деген заңды сұрақ туындаса керек-ті. Ӛткен ғасырда жырды қазіргідей қағаз 
бетіне түсіріп оқыды десек, адам иланбас еді. Ондай мүмкіндік те, қажеттілік 
те болған жоқ. Жыр – ол музыкалық шығарма. Жыр жанры ӛз кезегінде 
жыршыны, жырауды туғызды. Жыршы жырды әуезбен, кӛркем мақаммен 
қобыз, домбыра сияқты аспаппен жеткізген. Ал музыкалық шығарманы 
аспаппен, үнмен қабылдау заңдылық. Сонда ғана ол әсер туғызады. Ал ХХІ 
ғасырда жырды сол компоненттерінен жалаңаштап, қағаз арқылы 
қабылдатуға талаптану жақсы нәтижеге жеткізбейді.
Қабылдаудың үш тетігі бары мәлім, олар: тыңдау арқылы, кӛру және 
ұстау арқылы. Барлық поэзиялық шығармаларда тыңдау қабылдаудың 
алғашқы сатысы болуы шарт. Себебі поэзия – сезімдік шығарма. Ол 
тыңдалуы, үн арқылы сезімге ықпал етуі керек. Ал жыр онсыз да музыкалық 
шығарма болуы себепті жырды ең әуелі тыңдату бұлтартпай орындалатын 
әрекет-тәсіл болуы керек. Ӛкінішке орай, оқулық құрастырушы авторлар осы 
бір қарапайым нәрсені ескермеген. Себебі, 6-сыныптың да, 7-сыныптың да
әдебиет оқулығында жырдың үнтаспасы оқулыққа қосымша ретінде 
ұсынылмайды. Қолында құралы жоқ мұғалімнен нәтиже талап ету ретсіз.
Яғни мектепте жыр жанрын оқыту кезеңінде жыр тыңдалмайды деген сӛз. 
Жыр әуені оқушы құлағына сіңірілмейді. Ӛз уақытында, оқушы жасының дер 
кезінде тыңдалмаған жыр есейген тұста құлаққа жаттық етеді. Бүлдіршін 
шағында естімеген жырға бала құлағы тосырқап, ӛз тӛл мәдениеті мен 
музыкасына да ӛгейлік жасауға итермелейді. Сондықтан болар, жыр, 
термелерге, кейіндеп халықтың дәстүрлі ән-жырларына деген де қызы-
ғушылық тӛмендеген.
Сонымен, мектепте батырлар жырын оқытуда ең әуелі жырды 
тыңдатудың қаншалықты маңызды екенін баса айтқымыз келеді. Жырдың 
мазмұнын меңгертуге арналған алғашқы сағаттағы сыныптық жұмыс, 


154 
сыныптан тыс үйге берілетін тапсырманың да денін жырды тыңдатуға арнау 
керек. Жырдың тирадалық түйдектері де тыңдау кезінде айқын танылады.
Жыр сюжетті шығармалар қатарына жатады. Оны оқыту мен талдау, 
саралау жұмыстарында тақырып пен идеяға, образдар жүйесіне, тілдік 
ерекшеліктеріне, жанрлық ерекшеліктеріне баса кӛңіл бӛлінеді. Шығарманы 
оқу мен талдау үдерісінде басты нысан жырдың мазмұндық, жанрлық, 
кӛркемдік сипаты болып, ол оқушы мен мұғалімнің ынтымақтасқан шығар-
машылық жұмысының ӛзегіне айналса, қазақтың әдеби-музыкалық құн-
дылығы болып саналатын жырды тану, бағалау дәрежесі де кӛтерілер еді. 
Кӛркем шығарманы оқытуда әдеби теориялық білімдерді сабақтың 
негізгі ӛзегіне айналдыру әдебиеттің сырын ұғынуға, оқу бағдарламасының 
талаптарына сай қазақ және туысқан халықтар, әлем әдебиетінің кейбір озық 
үлгілерінен терең білім қалыптастыруға жол басшы бола алады. Ӛзіндік ой-
тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға мүмкіндік 
жасайды. Алайда, бұл оңайшылықпен іске аспайтыны белгілі, оқушылардың 
білім алу кӛзі оқулық болғандықтан, әдебиет пәнінде берілген ақын-
жазушылардың еңбектерін, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, ежелгі дәуір 
әдебиетін жан-жақты терең меңгеруде талдаудың рӛлі ерекше екені үнемі 
назарда болғаны орынды. Қазіргі заман талаптарына сәйкес әдеби білім 
мазмұны оқушының жас ерекшеліктеріне лайықты құрылып, ұлттық құнды-
лықтары басым танымдық оқу материалдарының іріктеп берілуі ұлтжанды 
азамат, жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор.
Әдебиеттану ғылымына алғашқы баспалдақ мектептегі әдебиет пәнінен 
басталады десек, орта буын сыныптарда оқылатын әдебиет пәні сӛз ӛнерінің 
ӛзіндік ерекшеліктерін танытумен қатар әдебиет танудың алғашқы 
ұғымдарын да қалыптастырады. Әдебиет теориясынан берілетін алғашқы 
ұғым, түсінік оқушы үшін әдебиетті түсінудің, кӛркем шығарма табиғатын 
танудың кілті болып саналады. Мектепте әдебиет теориясынан берілетін 
білімнің дені әрі маңыздысы осы орта буын сыныптарды қамтиды. 
Сондықтан аталған сыныптарда әдеби жанр ұғымдарды қалыптастыру 
біршама күрделі. Әдебиет теориясынан берілетін білім мазмұнын орта буын 
сыныптарда танытып, бірте-бірте әдебиеттану ғылымының негізгі ұсты-
нымдары мен қағидаларын ұғына беруге дейін жетелеп отыру керек. Әдебиет 
теориясынан берілетін білім үнемі материалмен бірлікте түсіндірілуі қажет. 
Орта буын сыныптардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үдері-
сінде жалаң теорияны түсіндірмей, практикалық жұмыстармен қатар алып 
отыру маңызды. Яғни, теориядан мәтінге, практикалық жұмысқа бағыт-
талмай, керісінше мәтін арқылы теориялық ұғымға жетелеу қажет. Мәтін 
талдау кезінде теориялық қағиданы ӛзі шығара алатындай жағдай туғызу 
керек. Әр ғылымның негізі оның теориясында. Әдебиетті терең тану үшін, 
оқушылар теориялық ұғымдарды жақсы білуі әдеби білімге жолбастаушы. 
Сол себепті де теориядан берілетін ұғымдар мектеп бағдарламасында нақты 
әр тақырыптарға жіктеп берілген.
Орта мектепте кӛркем шығарманы талдау мәселесін зерттеудің мақсат-
міндеттерін дәйектеу педагогикалық-психологиялық ұстанымдарға негіздел-


155 
ген біртұтас жүйе арқылы жүргізілгенде ұтымды болатындығы байқалады. 
Ӛйткені, кӛркем шығарманы орта мектеп қабырғасында талдау мәселесін, 
ғылыми-әдістемелік негізде қарастыру сабақтың танымдық, тәрбиелік, 
дамытушылық мәнін жүзеге асырады. Соның нәтижесінде шәкірттерге 
қоршаған орта, ӛмір, адамдар жайлы әдебиеттен білім, білік, дағды берумен 
бірге, олардың жеке тұлға ретіндегі ӛмірлік танымдарын, жалпы түсініктерін 
толықтыра түсеміз. Осы ретпен жалпы білім беретін орта мектептегі жас 
жеткіншектердің дүниеге кӛзқарасын, сана-сезімін қалыптастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет