А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиеттің тектері мен түрлері, оның мектептегі әдеби білім



Pdf көрінісі
бет67/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Әдебиеттің тектері мен түрлері, оның мектептегі әдеби білім 
мазмұнына қатысы. Әдебиеттану ғылымында әдебиеттің тектері мен 
түрлері туралы қалыптасқан, орныққан ұғым бар. Әдетте кӛркем шығарма үш 
үлкен текке жіктеледі. Олар: эпикалық тек, лирикалық шығарма тегі, 
драмалық тек. Эпикалық тектер кӛркем қара сӛзбен де, ӛлеңмен де жазылады. 
Эпикалық немесе эпостың түрлеріне: миф, аңыз, ертегі, мысал, очерк, 
новелла, әңгіме, дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, баллада, 
поэма, повесть, роман, роман-эпопея жатады.
1
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – 
XI сыныптар, - А., 2013. 


144 
Қазақ әдебиетінде лирикикалық тектің жанрларын атауда бірізділік 
сақталмаған. Кӛне грек дәуірінен басталып, Еуропа әдебиетінде қалыптасқан 
ода, элегия, романс, сонет, мадригал, дифирамб, дума, ноэль, кантата, 
канциона, эпиграмма, т.б. сияқты жанрлық атаулармен қоса шығыс әдебие-
тіндегі ӛлеңмен жазылатын қасида, ғазал, рубаи, маснауи, қита, муфрәд, т.б 
атаулар да ішінара қазақ поэзиясында кездеседі. Бұл құбылыстың бір себебі, 
шығыс әдебиеті мен батыс әдебиетінің тӛл әдебиеттегі сабақтастығы мен 
ықпалына байланысты десек, екінші бір себебін қазақ әдебиетінде осы 
жанрлардың әрқилы дамуынан іздеуге болады. Ода немесе қасида делінген 
мадақ жырлары жыраулар поэзиясынан белгілі. Оның жарқын дәлелі – әйгілі 
Қазтуған жыраудың «Мадақ» жыры. Оқушылар шағын кӛлемді мадақ ӛлең-
дерін тӛменгі сыныптан бастап, кейін Қазтуған жыраудың «Мадақ» жырымен 
8 сыныпта, кейін басқа авторлар шығармашылығында да танысады.
Элегия, романс, эпиграмма, сатиралық ӛлеңдер, тӛрттағандар, ғазал 
ӛлеңдер атаулары қазақ әдебиетінде де жиі ұшырасады. Қазақ поэзиясында 


145 
хандық дәуір әдебиетінен қалыптасқан жанрлардың тӛл атаулары: арнау, 
толғау ӛлеңдері, кейінірек ән, әзіл т.б. ӛлеңдер кӛп. Кӛбіне қазақ әдебиетінде 
лирикалық тектің жанрлық атауларынан гӛрі, шығарманың кӛтерген 
тақырыбын меже ету, лирикалық шығарманың мазмұнын айқындау мақсаты 
басым келеді. З.Қабдолов: «Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны 
жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар 
нәрсе: әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады»
1
,-деген пікір білдіреді. 
Мектеп бағдарламасында табиғат лирикасы, кӛңіл-күй лирикасы, саяси-
әлеуметтік лирика т.б деп бӛлу басымдығы, оны оқытуда да осы бӛлінісіне 
сүйену әдебиеттану ғылымындағы ой-пікірлерге де қатысты болса керек. 
Ал драмалық шығармалар мектеп бағдарламасында ӛте аз қамтылған. 
Орта буында бір ғана шығарма Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» (8-сыныпта) 
драмалық шығармасы, әдебиеттің тарихи курсын қамтитын 10-11 сынып-
тарда монографиялы оқылатын қаламгерлер шығармашылығы ауқымында 
ғана қарастырылады.
Мектеп бағдарламасында әдеби жанрдың барлық түрі оқытылады. 5-
сыныпта эпостық шығармалардан басталып, орта және жоғары сыныптарда 
лирикалық, драмалық шығармалар беріледі. Оқушылар мектеп қабырғасында 
жанр туралы мағлұмат алып, эпикалық, лирикалық және драмалық шығар-
маларды оқып талдайды. Әдеби жанр түрлерін оқыту арқылы оқушылардың 
білім деңгейін арттырып, шығарманың кӛркем қырларын таныту, талғамын 
қалыптастыру мақсаты кӛзделеді. 
Әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың маңызды саласы – 
жанр түрлерін таныту. Ортаңғы сыныптардың бағдарламалық материалы әр 
жанрлы ауыз әдебиеті түрлерінен, жеке авторлар шығармаларынан тұрады. 
Мұғалім кӛркем мәтіндердің тақырыбы мен кейіпкерлерін, идеялық мазмұ-
нын талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің түрін де атап, қай жанрға жата-
тынын, сол жанрдың ӛзіндік ерекшелігін таныстырып отырады. Жанрлық 
ерекшелік деген – кӛркем мәтіннің ӛзге шығармалардан ӛзін айырып, таны-
татын ерекшелік. Ол – тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ғана емес, 
ӛзіндік табиғатынан, баяндалу, бейнелену түрінен де шығарманың образы, 
композициясы, тілі, кӛлемі жағынан да танылады. 
Әдебиетті оқытудағы методикалық жұмыс түрлері кӛркем мәтіннің 
жанрлық ерекшелігіне де байланысты ӛзгеріп, алмасып отырады. Жанр таби-
ғаты сабақта қандай әдіс-амалдар қолдануды күні бұрын айқындауды керек 
етеді. 
Оқушылардың әдебиет теориясынан алатын білім кӛлемі әр сыныптың 
бағдарламасында мӛлшерлі түрде кӛрсетілген және оқулық-хрестоматиясына 
енгізілген. Алайда бұл мәселе әлі тиянақты шешілмей келеді.
5-7 сынып бағдарламасында әдебиет теориясынан берілетін білім 
жиынтығын мӛлшерлеп белгілегенде, алдымен оқушылардың жас ерекшелігі, 
білім кӛлемі, әр сыныпта ӛтілетін әдеби материалдық ерекшеліктері ес-
керіледі.
1
Қабдолов З. Сӛз ӛнері, А., Жазушы 1985. -271 б. 


146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет