142
әдеби-ториялық білім мазмұнын игерту жолдарын қарастыру әдебиетті оқыту
әдістемесі саласындағы ӛзекті мәселенің бірі.
Шығарманың кӛркемдік қуатын тану, одан эстетикалық ләззат алу
белгілі бір дәрежеде оқушының әдеби теориялық біліміне, шығарманың тегі
мен түрін тани білу қабілетіне де қатысты екендігі даусыз. Жалпы білім
беретін мектептердің алдына оқушыларды бәсекеге қабілетті тұлға етумен
қатар, оларды құзыретті азамат болуға бейімдеу талабы бар.
Оған қол
жеткізуде әдеби туындыны талдап-оқытудың бала ӛміріне тигізетін пайдасы
мен баға жетпес маңызын зерттеуші ғалымдар, әдіскерлер ӛз еңбектерінде
жан-жақты дәлелдеген. Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті –
оқытудың сапасын арттыру, сабақтың тиімділігін кӛтеру. Осы ретте орта
мектепте кӛркем шығарманы оқыту арқылы әдеби-теориялық білім берудің
әдістемелік жолдарын, оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдері, жаңа
технологияларды ұтымды пайдалану жақсы нәтиже беретіндігі айқын.
Орта мектепте кӛркем шығарманы түр мен мазмұн бірлігінде оқытудың
тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі шарттар,
оқушылардың әдеби-
теориялық білімі мен сол білімді іс жүзінде қолдана білу білігі мен
дағдыларын қалыптастыру аса маңызды. Кӛркем туындыны оқытуды
тұтастықта жүргізу, әрбір кӛркем бейнені шығарманың бүкіл кейіпкерлер
жүйесімен, қоршаған ортамен, қоғаммен, жазушы ойы, авторлық ұстаныммен
байланыстыра, шығарманың идеялық-саяси бағытымен қабыстыра қарастыру
білім алудың нәтижесін қамтамасыз етеді.
Мектепте әдебиет теориясынан мәлімет беруде кӛзделетін мақсат пен
кезекте тұрған міндет – оқушының әдеби-теориялық мәселелер жайындағы
ұғымдарын қалыптастырып, соның нәтижесінде оларға әдебиеттану
ғылымының негізінен білім беру. Бұл міндетті тек жалаң әдебиет теориясын
оқыту мен орындап шығу мүмкін емес. Демек, әдеби-теориялық мәселелер
кӛркем әдебиетті, соның ішінде әдеби шығармаларды оқып үйрену негізінде
жүзеге асады. Нәтижесінде әдеби білім мен тәрбиелік үдеріс
бірінен-бірі
ажырамай, оқшауланбай ӛзара жымдасып бір тұтас жүйемен жүргізіліп
отырады. Мұның ӛзі әдебиет теориясы мектепте дербес пән ретінде оқылмай,
бағдарламада қамтылған оқу материалы негізінде жүргізіледі. Әрине, кейбір
күрделірек әдеби-теориялық ұғымдар кейде, ӛтілген және ӛтіліп отырған
әдеби материалдың негізінде ӛз алдына дербес сабақ ретінде оқылуы да
мүмкін. Бұдан әдебиет теориясын оқытудың негізгі принципіне келетін зиян
жоқ, қайта оқушылардың оқу материалдарын толық түсінуіне жағдай
туғызады.
Негізінде мектеп бағдарламасында әдеби жанрдың барлық түрі дерлік
оқытылады. Әйтсе де, бүгінде мектеп практикасында әдеби-теориялық білім
жеңілдетіліп беріліп жүр. Оның бір себебі мектептегі әдеби білімнің мақсат-
міндеттерін жете түсінбеуден туындайды. Мәселен, жалпы білім стандарты
мен оқу бағдарламасында
1
орта білім деңгейінің ӛзінде «...оқылған
1
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X –
XI сыныптар, - А., 2013.
143
шығарманың
ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкер-
лері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер кӛрінісі, табиғат суреті
шығармадағы адамгершілік мәселелер, сӛз қолданыстар зерделеніп, оқушыны
қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі» делінген.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері ретінде де «оқушыларға тӛл
әдебиеттің ұлттық сипатын,
ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының
кӛрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, кӛркем туындының идеялық-
адамгершілік мәнін түсіндіру; кӛркем шығармадағы мазмұн мен форма
тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын
меңгерту; әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және
жазбаша тілін дамыту»
1
деген мәселелер қойылған.
Әдебиеттің тарихи курсы жаратылыстану бағыты мен гуманитарлық
бағытқа жіктелуіне байланысты базалық деңгейдің 10-11
сыныптарына
арналған оқу бағдарламасында «қазақ әдебиетi туралы жалпы ұғымдары бар,
оқырмандық мәдениетiнiң негiздерi қалыптасқан, кӛркем туындыны
рационалды және эмоционалды меңгере алатын,
әдеби теориялық бiлiм –
дағдыларын қолдана бiлетiн оқушыларға арналып жасалынды» деп арнайы
ескерте ұсынады. Бағдарламада кӛрсетілгеніндей әдеби-теориялық білім
мазмұнының негізі орта буын сыныптарға қалыптасатыны, әдеби-ториялық
білім беру салмағы 5-9 сыныптарға түсетіні аңғарылады. Ал жоғары 10-11
сыныптарда «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім мазмұнына: әдебиеттiң
теориялық
мәселелерi, құрамдас бӛлiктерi, әдеби ағымдар мен бағыттар,
әдеби кӛркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және
болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиет және ұлттық рух, әдебиет және ғаламның
шындық бейнесi, әдебиеттiң ӛзге ғылымдармен байланысы, қазiргi
әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сӛз ӛнерi және
шығармашылық даму, кӛркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi ӛзек
етiлiп, әдебиет туралы бiртұтас ұғым қалыптастыру кӛзделген.
Достарыңызбен бөлісу: