Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер. Жалпы
прозалық шығармаларға нысан болатын талдау бағыттары ретінде мына
мәселелерді атауға болады:
1.Шығармадағы басты және қосалқы тақырыптарын анықтау;
2.Шығармадағы күрделі сӛздер мен сӛз тіркестерін тауып, оларға
түсіндірме сӛздіктен анықтама жаздыру;
3.Шығарманың образдар жүйесіне талдау. Образдарды дербес талдау,
салыстыра талдау, топтай талдау түрлерін жүргізу;
4.Шығарманың тілі бойынша жасалатын жұмыс түрлері (тұрақты сӛз
тіркестері, мақал-мәтелдер, кӛп мағыналы сӛздерді, фразеологиялық сӛз
оралымдарын мәтінінен тауып жазып, оларға түсініктеме жасау);
5.Шығарманың композициялық құрылымына талдау:
а) Сюжеттік композиция;
ә)Образ композициясымен жұмыс;
б) Баяндау композициясы; пейзаж композициясы т.б.
6.Шығарма идеясын айқындау мақсатындағы жұмыс түрлері.
Эпикалық шығармалардың ӛзіндік ерекшелігінің бірі – композиция-
сында дедік. Осы орайда сюжетті шығарманы композициясына қарай талдау
жолы:
Композицияның ӛзі ішкі жане сыртқы болып бӛлінеді. Композиция
(латынша «composito» – құрастыру, қиыстыру) бір сӛзбен айтқанда, кӛркем
шығарманың құрылысы. Алайда бұл тек пішінге ғана байланысты ұғым емес.
Композиция мазмұнмен тікелей байланысты. Ол – әдеби шығарманың
сыртқы түрінің симметриясы, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
Композициялық шеберлік – шығармадағы барлық бӛлшекті бір ғана
бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге - негізгі идеяға бағындырудан
танылады. Жалпы композицияны екіге бӛледі:
•
сыртқы композиция
•
ішкі композиция
Сыртқы композиция компоненттері:
•
тақырып
•
эпиграф (дәйек сӛз)
•
арнау
•
пролог (алғы сӛз)
•
эпилог(соңғы сӛз)
•
Ішкі композицияның деңгейлері:
•
идеялық тақырыптық жүйенің композициясы;
•
Образдар жүйесінің композициясы (әсіресе лирикалық ӛлеңдерде де
кӛп болады);
•
Сюжет композициясы;
196
•
Баяндау композициясы;
•
Уақыт пен кеңістік композициясы;
Композициялық тәсілдер:
•
Қайталау (егер шығармада бір сӛз, бір жол, бір сӛйлем үнемі
қайталанып отырса, ол ритмотивке айналады).
•
Қарама –қарсы қою.
•
Күшейту
•
Ретроспекция – кері шегіну (Мысалы, Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»,
Т.Ахтанов «Боран»).
•
Ритордация – баяулату ( Мысалы, «Абай жолы» романындағы ақын-
дардың Абай аулына келуі).
Тақырып – кӛркем шығармаға арқау болған ӛмір құбылыстарының
тобы, ӛмір шындығы.
•
Мәңгілік тақырыптар – адам болмысының рухани болмыстарын, жаны
мен тәнінің ұмтылыстарын, ӛмір мен ӛлім, жақсы мен жаман, ақ пен қара т.б
тақырыптарды қамтиды.
•
Нақты тарихи тақырыптар – белгілі бір кезеңмен, дәуірмен сабақтас
келеді.
Идея – тақырып туралы авторының бағасы, кӛз қарасы, ой–түйіні,
позициясы, концепциясы. Идеяның ӛзін екі мәнде қарастыруға болады:
•
Авторлық идея (субъективті).
•
Объективтік идея – шығармадан туатын мақсатты идея.
Ал сюжет композициясы орта мектепте эпикалық шығармаларды оқыту
барысында жиі талдау нысанына ілінеді.
«Сюжет (французша «sujet» - зат) – кӛркем шығарманың мазмұнын
ашып, мазмұнды пішінге кӛшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. «Сюжет
дегеніміз – жалпы алғанда, адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, байланысы,
қайшылықтары, жек кӛру, жақсы кӛру, әр характердің, типтің ӛсу, жасалу
тарихы» дейді М.Горький.
1
Пролог (грекше «prologos» – алғы сӛз) – кӛркем шығармаға
кіріспелердің бір түрі.
•
Сюжеттің басталуы (экспозиция) – Кӛркем шығармадағы іс-әрекет,
тартыс басталмай тұрып, оқиға болатын орынмен, ортамен, болашақ
кейіпкермен, жағдайлармен таныстыру, алғашқы мәлімет беру. Экспозиция –
шығармадағы оқиға желісіне, қақтығысқа тікелей әсер етпейді, тек мезгілдік-
мекендік сипат береді.
•
Сюжеттің байланысы – тартыстың басталуына түрткі болған адамдар
арасындағы қимыл-әрекеттің басы. Сюжет желісіндегі тартыстың әуелгі
туындау себебі.
•
Сюжеттің дамуы – адамдардың ӛзара қарым-қатынасынан, қимыл-
әрекетінен туатын түрлі жағдайларға байланысты ӛрбу.
1
Қабдолов З. Сӛз ӛнері. А., Жазушы. 1985 ж.
197
•
Сюжеттің шарықтау шегі (кульминация–«биік шың») – оқиға
дамуының ширығып, ең жоғарғы нүктеге жетуі. Адамдар арасындағы қимыл-
әрекеттің мейлінше күшейіп, шыңына жеткен жері.
•
Сюжеттің шешімі – шығармадағы оқиғаның бітуі, нәтижесі, соңғы
түйіні. Сюжеттің шешімі – оның идеялық-кӛркемдік шешімі.
Эпилог (грекше «epilogos» – соңғы сӛз) - кӛркем шығарманы қорыту-
дың бір түрі. Пролог пен эпилог сюжет композициясына жатпайды, сыртқы
композиция элементтері болып есептеледі.
Әдеби шығармада кейіпкер, оның ӛсу динамикасы, сюжеттік желі
болмаса, тұтас құрылым − композиция болмайды. Сондықтан мұғалім мектеп
қабырғасында кӛркем шығарманы оқып-үйрену барысында кейіпкерлерді
әртүрлі жағдайларға байланысты ӛзге бейнелермен тығыз органикалық
бірлікте, қарым-қатынаста қарастыруы қажет. Мұны ӛмірлік мәні бар
құбылыстармен салыстыра танытуға, оған шәкірттердің ӛз пікірлерін
білдіруіне назар аударуы керек.
Әдетте оқушы шығармадағы кӛркем ойды шындық түрінде ғана
қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі секілді
әдебиеттің теориялық астарларына назар аудара бермеуі мүмкін. Сол үшін
мұғалім кӛркем мәтінмен жұмысты тереңдете отырып, оқушыларды әдеби-
теориялық сауаттылыққа дағдыландыруы керек. Бұл кӛркем туындыны
дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді.
Осы орайда жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқылатын
бірнеше шығармаға жасалған талдау үлгілерін ұсынамыз.
8-сыныпта оқылатын Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
әңгімесінің тақырыбы: қасиетті атамекенге сағыныш. Шығармада күрделі
сӛздер мен сӛз тіркестері, сӛз оралымдары кездеседі. Атап айтар болсақ:
«Қапсағай» – зор денелі, биік те жуан деген мағынадағы сӛз; «ӛрттен
қалған қу томардай болып қалды» – туыс-тамырсыз жалғыз қалуды білдіру;
«тӛрт тағандап» – аяқ қолын еңбектегендей жерге тіреу; «шоқай» – иленген
түйенің терісінен, қалың кӛннен тігілген аяқкиім. Бұл аяқ киімнің шәркей,
шақай деген де атаулары бар. «Ұшқат» – ұшқаттар тұқымдасына жататын
шырмалған бұта, кейде ағаш Қазақстанның тау беткейлерінде, кейде
шыршалы ормандар арасында, тастақты жерлер мен ӛзен жағалауларындағы
тоғайда ӛсетін ӛсімдік. «Қозы кӛш жер» – 10-15 шақырымдай болатын
арақашықтық ӛлшемі.
Шығармадағы басты кейіпкер – қария. Қарт – реалистік образ. Қарттың
бойынан, болмысынан туған жерін сағынып, аңсаған, оралуды арман еткен
жырақтағы қандастарымыздың тұтастай бейнесі мен арманы кӛрінеді.
Ақырғы тілегі отанына оралу болған қарттың туған жердің топырағын тұмар
етуінен, тағдырдың тас толқындарына тӛтеп беріп, атамекеніне оралу
сәтіндегі басынан ӛткен әр қиындыққа сыр бермей шыдауынан, аңсаған туған
ӛлкесінің топырағын сүюінен сезімтал қайсар рух байқалады. Сонымен қатар,
қайсарлық пен батылдықтың арасынан нәзік сағыныш пен махаббат қылаң
береді. «Қарт кесімі айнитын емес... Бұл сапарға ол бақандай қырық жыл
бойы дайындалмады ма? Мұның ӛзі – дӛңбекшіп ӛткізген талай ұйқысыз
198
түндердің, санамен сарғайып, сарқыла, толғанған бүкіл ӛмірінің айнымас
қорытындысы емес пе? Кӛп жыл бойы қозданып, іштей тұтанып тұрған
ӛрттің алаулап жанған шағы, жанар таудың лақ етіп бір атылғаны. Қарт сезімі
бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп тұр. Қол тигізсең болды,
үзіледі» – деген жолдардан аңғарылатын сағынышпен тұтасқан нәзік сезім
иірімдері қарттың болмысындағы ессіз махаббатты аңғартады. «Шал
маңайында жатқан бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды. Сонан соң «келсең
кел» дегендей тәуекелмен тас түйіліп, қас дұшпанын күтті де отырды» –
жолдарындағы қарттың әрекетінен бойына біткен батылдық пен ептілік те
танылады. «Я, Жасаған, – деді тіледі ол кӛкке қалтыраған қолын жайып
тұрып, – маған енді үш күндік ғұмырыңды қия кӛр! Онан арғысын сұрамай-
мын да... Арғанатының аңғарына жеткесін, аманат жаныңды ала бер!» – деген
қарт жалбарынуы мен «...Ӛйткені бұл – менің ақырғы тілегім ғой», – деген
қарияның ойынан туған жер топырағын аңсаған іңкәр, мӛлдір сезім қылы
шертіледі. Оның басындағы күй, кӛкірегіндегі арман-тілек бір адамның ғана
емес, мыңдаған жанның тағдырынан сыр ақтарып, мыңдаған жанның
жүрегінде ұялаған асқақ та нәзік сағынышты сездіреді.
Шығарманың тілдік ерекшелігін танытатын тұрақты сӛз тіркестер,
мақал-мәтелдер, синоним, афоризм сӛздер, табу, диффимизм т.б. кездеседі.
Тұрақты тіркестер: «Титығы құру» – әлі әбден құрыды, шамасы
қалмады, күші бітті; «таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны» – талғажау
еткені; «кӛзі шырадай жану» – кӛзі нұр шашты; «қан қақсау» – жанға батып
ауру, зар илеу; «бармағын шайнау» – ӛкіну; «тілі аузына сыймау» – шӛлдеу;
«жігері құм болу» – еңсесі түсу; «ет жүрегі езілу» – уайымдады, іші күйді,
қайғырды; «жыртылып айрылады» – ӛте кӛп, мол мағынасында; «ӛзегі талу»
– қарны ашты, тамақ жегісі келді сияқты сӛз тіркестері кездеседі. Осы
сӛздердің мағынасын түсінуде оқушылардың топтық жұмыстарын
ұйымдастырған тиімді. Басты мақсат аталған сӛздердің мағынасын түсінумен
шектелмейді, сол сӛздерді қолданысқа түсіру меже болуы керек.
Бұдан ӛзге омоним сӛздер (жал, шӛл, жас, қара, жаз, жұт, шаш, сана,
бастау, жақ, түр, ой, жат); полисемия (бас, кӛз, тұқым, бет, тіл, бой);
диффимизм (сұмырай); архаизм сӛздер (торсық, малта, қоржын, бердеңке
мылтық, шекпен) кірме сӛздер (минут, овчарка) жаңа сӛздер (шекара,
шекарашы) кездеседі. Топонимикалық атаулар да кӛп (Етікші асуы,
Тарбағатай тауы, Күргейтас, Тентек-Халдай ӛзені, Қарасу, Сарышоқы,
«Кӛкӛзек» колхозы, Айнабұлақ, Арғанаты, Кӛкшілік ӛзені, Нұра ӛзені,
Қабырға ӛзені).
Шығарма тілі бай, ӛзіндік стильдік даралығы байқалатын кӛркем
шығарманың сюжеттік желісі де тартымды.
Шығарманың сюжеттік композициясы:
Достарыңызбен бөлісу: |