А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиетті оқыту әдістемесі — дербес ғылым



Pdf көрінісі
бет10/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Әдебиетті оқыту әдістемесі — дербес ғылым. Кез келген ғылым 
саласы басқа ғылымдармен байланысты болғанымен ӛзінің негізгі табиғатын 
қарастыратын, зерттейтін, дамытатын ӛз нысанына қарай ӛзінің шекарасы, ӛз 
аймағы, зерттеу аясы болады. Оны мынадай шарттар белгілейді:
1. Ӛзі қарастырып, зерттейтін ғылым аясын бірде-бір басқа ғылым зерттей 
алмайды; 
2. Сол ғылымның дамуына қоғамдық тұрғыдан қажеттіліктің болуы; 
3. Ғылыми зерттеудің ӛзіне ғана тән әдіс-тәсілдер жүйесінің болуы.
Кез келген ғылыми пән ретінде әдебиетті оқыту әдістемесінің де ӛзінің 
зерттеу нысаны бар. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдебиет пәнінің 
қарастыратын оқу материалы бір кӛркем шығарма болғандықтан, әдістеме 
ғылымын кӛпке дейін әдебиеттану ғылымдарына жақын деген түсінік 
қалыптасты. Алайда әдебиеттану ғылымы мен әдебиетті оқыту әдістемесі 
ғылымының зерттеу нысандары бір-бірінен ӛзгеше.
Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанына кӛркем әдебиет, әдебиет-
тің қоғамдық мәні, әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, әдеби процесс 
жататын болса, әдебиетті оқыту әдістемесінің зерттеу нысанына оқу процесі, 
оқушы мен мұғалімнің тұтасқан оқу-танымдық әрекеті, кӛркем шығарманы 
оқыту барысындағы танымдық, тәрбиелік мән-мазмұнға қол жеткізетін іс-
әрекеттер жүйесінің құрылымы қарастырылады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі – күрделі ғылым. Оқыту заңдылықтарын 
қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық заңдылықтарын 
қарастыратын психологиямен, кӛркем әдебиеттің даму заңдылықтарын 
қарастыратын әдебиеттану ғылымымен әдебиетті оқыту әдістемесі тікелей 
қатысады, жетістіктеріне сүйенеді, алайда ӛзіндік міндеттерін кӛздейді. 
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының қиындығы барлық уақытта да болып 
келді. Оның себебі әдебиетті оқыту әдістемесі адамға қатысты, жеке тұлға 
қалыптастыруға қатысты ғылым екендігінде. Ал адамтану, адам қалыптас-
тыру қоғамдағы ең маңызды да күрделі істердің бірі. Әдебиетті оқыту әдіс-
темесінің әдіснамалық негіздеріне педагогика, әдебиеттану ғылымдарынан 
басқа әлеуметтану, қоғамтану ғылымдары да кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет