А. А. Сатбекова


ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата15.03.2017
өлшемі1,4 Mb.
#9448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР 
 
Студенттер қазақ тілі бойынша орындаған жобаларды өз-
дерінің  мектептегі  іс-тәжірибесінде  жүзеге  асырып,  оқушылар-
мен  бірге  оқу  үдерісіне  енгізуге  мүмкіндік  алады.  Сондықтан 
студенттердің белсенді оқыту әдістерін меңгеруі – қазақ тілінен 
жобалар орындатуда қажет болып саналатын маңызды іскерлік-
тің бірі. 
Белсенді оқыту әдістері қазақ тілін оқыту барысының же-
келеген сабақтарының кезеңінде болсын,  тұтас оқыту үдерісін-
де    болсын,  өзінің  икемділігімен  ерекшеленеді.  Осы  икемділігі 

мен    қолдануға  қолайлылығының  арқасында  белсенді  оқыту 
әдістері  қазақ  тілін  тиімді  оқытуда    студенттің  тіл  меңгеруінде 
нәтижелі мәнге ие болады.  
Белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  тек  білім  алушының 
белсенділігін арттыру үшін қолдану дегенді білдірмейді. Белсен-
ді  оқыту  әдістерінің  жүйелі  қолданысы  мен  бірізділікте  дамы-
тылып отыруы ғана көзделген түпкі мақсатқа жеткізері хақ.  
Жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  қазақ  тілін  мең-
гертуде белсенді оқыту әдістерін қолданудың өзіндік логикалық 
ретті жолы болады. 
Біріншіден,  студенттерге  белсенді  оқыту  әдістерін  жоба-
лай  оқыту  үдерісінде  жүйелі  қолдану  арқылы    қазақ  тілін 
оқытуда    дәстүрлі  жүйедегі    әдістердің  қазақ  тілін  жедел  және 
сапалы  оқытуға  жеткіліксіз  екенін  студенттің  саналы  түсінуіне 
мүмкіндік жасау керек.  Оған оқытушы қазақ тілінің оқыту құ-
ралдарын,  бағдарламалары  мен  оқулықтарын    талдау  арқылы 
және  студенттер  арасында  жүргізілген  түрлі  тест,  сауалнама, 
жаттығу-тапсырмалар арқылы  көз жеткізуге болады. 
Екіншіден,  оқытушы  белсенді  оқыту  әдістерін  нақты  жо-
баны  орындату  барысында  дидактикалық,  тәрбиелік,  дамыту-
шылық  мақсаттардың  әрқайсысына  сай  іріктеп  алып,  оны  сту-
денттердің  қызығушылығын  арттырудың  бір  жолы  ретінде  де 
пайдалануы  нәтижесінде  оқыту  үдерісі  де  жандандырылатын 
болса, студенттің бұл әдістерді саналы қолдануы жүзеге асады.  
Үшіншіден, қазақ тілін оқыту үдерісінде белсенді әдістер-
ді қолдану студенттің білімді саналы түрде меңгеруіне де тірек 
ретінде қолданылуы тиіс. Сонда студенттің өзі-ақ кейбір әдісте-
мелік  құралдарда беріліп жүрген қандай да бір жалған  түсінік 
тудыратын («Алмас орманда келе жатып, ағаш басынан телеви-
зор  көріп  қалды»  деген  сияқты  т.б.)  оқыту  өрнектерін  мүлде 
қолданбауға  саналы  түрде  келеді.  Бұл  жоба  жұмыстарында  ба-
рынша пайдалы және қажетті мағлұматтарды орынды қолдануға 
мүдделі ететін болады. 
Төртіншіден,  қазақ  тілі  сабақтарында  белсенді  оқыту  
әдістерін  неғұрлым  өмірге  жақын  жағдаяттармен  байланысты-
рып  қолдану  да  студенттің  білімі  мен  білігінің  ұштасуына 
әкелетінін  оқытушы  ескеруі  тиіс.  Бұл  орайда  алынған  білімді 
арнайы  ұйымдастырылған  тілдік  жағдаят  арқылы  практикалық 

дағдыға айналдыру мүмкіндігінің үлкен екені дау тудырмайды. 
Ойындық жобалардың өзінде де студенттің  белгілі бір пробле-
малық    жағдаятты  шешуге  қатысуы  арқылы  сол  сабақта  алған 
білігі автоматтандырылып, оның  өмірлік дағдыларын қалыптас-
тыруға жол ашатын болады.  
Бесіншіден, студенттердің шығармашылық, ізденімдік қа-
білеттерін дамыту мақсатында орындалатын жұмыстардың жүр-
гізілу жүйесі мен бағдарлары да белсенді оқыту  әдістеріне не-
гізделуі  оқытушы  жадында  тұруы  қажет.    Мысалы,  жобалай 
оқыту технологиясы аясында студенттің белгілі бір атау этимо-
логиясын зерттеуі, қазақ тіліндегі жарнамалардың тіліне талдау 
жасау, көше атауларының  тарихын зерделеу, т.б. бағыттағы жұ-
мыстар  студенттердің  шығармашылық  қабілетінің  ұшталуына 
жақсы әсер ететіні сөзсіз.  
Алтыншыдан,  белсенді  оқыту  әдістерінің  тиімділігін  сту-
денттің  күнделікті  шынайы  өмір  салтына  байланысты  тексеру 
жолдарын  нақтылап  белгілеу  де  оқытушының  шеберлігін  көр-
сетеді.  Студент  өзінің  мамандығы    бойынша  қазақ  тілінде  ғы-
лыми    баяндама  жасауына,  реферат  жасауына  қажетті  білік-
дағдылар қалыптастырып, пәнаралық байланыс негізінде кәсіби 
пәндер  оқытушысымен  бірлесе  отырып,  интеграциялық  сабақ 
өткізілсе, студенттің өзі меңгерген білімнің деңгейін тексеруіне 
мүмкіндік  туар  еді.  Бұл  орайда,  әсіресе,  пәнаралық  жобаларды 
сапалы жүргізудің жүйесі қалыптасатыны да анық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Іскерлік ойындар 
“Пресс-конференция” 
“Ойға шабуыл” 
Оқу ойындарында 
қолданылатын белсенді 
оқыту әдістері  
 
 
 
 
Ойын технологиясы
 
Лекцияда қолданылатын 
белсенді  әдістер 
Жобалай оқыту технологиясы 
Компьютерді қолдана отырып өткізілетін оқу және іскери 
ойындар 
Практикалық сабақтарда 
қолданылатын белсенді 
әдістер 
Белсенді 
оқыту 
әдістері 

15-сурет – Белсенді әдістер тиімді қолданылатын  қазақ тілін 
жобалай оқыту түрлері 
Қазақ  тілінің  сапалы  оқытылуы  –  мемлекеттік  тілді  да-
мыту  саясатымен  де,  педагогикалық  мақсатпен  де,  әлеуметтік 
сұраныспен де тікелей байланысты мәселе. Сондықтан да қазақ 
тілін өзгетілді дәрісханада оқыту әдістемесінің жаңа арнаға бұ-
рылуына қолайлы мүмкіндіктердің  барлығын талдау, тану және 
қолдан келгенше қазақ тілін оқыту тәжірибесіне енгізу  арқылы 
үлкен  міндеттерді  шешуге  әр  оқытушы  және  тұтас  әдіскер-
ғалымдар  тобы  өз  үлесін  қоса  алатыны  даусыз.  Бұл  бағыттағы 
жұмыстар дәстүрлі оқыту жүйесі мен қазіргі студент білім беру-
дің  маңызды  субъектісіне  айналған  жаңа  жүйенің  –  кредиттік 
оқу  жүйесінің  арасындағы  айырмашылықты  түсіну  және  соған 
сай әр оқытушының өзінің оқу-оқыту үдерісіндегі орны мен рө-
лін дұрыс бағамдау нәтижесінде ұйымдастырылғанда белгілі бір 
нәтижеге  қол  жеткізуге  болады.  Сондай  жаңа  бағыттағы  жаңа 
технологияның  бірі  –  жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы 
оқыту  мен  дәстүрлі  оқыту  жүйесінің  басым  бағыттарын  өзара 
талдау  жасау  осы  мәселенің  саналы  шешілуіне  ықпал  етері 
анық.  Мәселен,  келесі  кестеде  (5-кесте)  бұл  айқынырақ  көрініс 
тапқан деуге болады: 
5-кесте 
Дәстүрлі және жобалай оқыту жүйелерінің белгілерін 
салыстыру кестесі 
 
Салыстыру 
негіздері 
Дәстүрлі оқыту жүйесінде 
Жобалай оқыту 
технологиясы жүйесінде 
Оқыту 
мақсаты 
Студенттерге білім беру 
Студенттердің  жеке  басы-
ның  қабілеттерін,  теория-
лық  білім  алу  арқылы  тео-
риялық  ойлауы  мен  тілін 
дамыту 
 
Тұғыры 
Студенттердің жеке басының 
қажеттіліктері  мен  қызығу-
шылығын  қоғамдық  қажет-
тіліктерге бағындыру 
Студенттердің  теориялық 
ойлауының  дамуына,  дү-
ниетанымының ғылыми не-
гізде  қалыптасуына,  сөйлеу 
тілінің  алған  теориялық  бі-
ліміне  сай  дамуына  бағыт-
тау 
 

Оқытушы 
мен 
сту-
денттердің 
қарым-қа-
тынасы 
Студенттер  –  оқу  әрекетінің 
объектісі.  Оқытушы  –  түсін-
діруші,  студент  –  білімді  қа-
былдаушы.   
Оқытушы  -  субъект;  сту-
денттер  –субъект,  Субъект-
субъект  қарым-қатынасына 
негізделген,  оқытушы  мен 
студенттің 
ынтымақтас-
тығы.   
 
Мұғалім-
нің 
қызметі 
Студенттерге  қажетті  білім 
мазмұнын игерту 
Студенттердің 
оқылып 
отырған  тіл  құбылысын  та-
нымдық  объект  ретінде 
меңгеруіне жағдай жасау 
 
Студент-
тердің 
қызметі 
Оқытушы  айтқан  білім  маз-
мұнын меңгеру, берілген тап-
сырмаларды орындау 
Оқытушының  басшылығы-
мен  өміртаным  заңдылық-
тарын  өз  бетімен  игеруге 
дағдылану 
Студент-
тердің 
білімін 
бағалау 
Нақты  критерийлер  арқылы, 
басқа  студенттермен  салыс-
тыру арқылы бағалайды 
Студенттердің  дара  тұлға 
ретінде  өсу  барысын  анық-
тай  отырып,  рейтинг  жүйе-
сімен  болашақта  қандай 
мүмкіндіктері 
танылаты-
нын  болжай  отырып  баға-
лайды 
Жоғары  оқу  орындарында  мұғалім  даярлауда  оларға 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілін  меңгерту  –  бо-
лашақ  қазақстандық  маманның  сапалы  даярлауының  бір  көр-
сеткіші. Гуманитарлық бағыт мұғалімдерін даярлауда оларға қа-
зақ тілін кәсіби деңгейде меңгертудің тиімді жолы – жоба әдісін 
қолдану. 
Тарих  және  құқық  пәндері  мұғалімдерін,  орыс  тілі  және 
әдебиеті  пәні  мұғалімдерін,  бастауышта  оқыту  мұғалімдерін 
даярлауда оларды кәсіби тұрғыдан қазақ тілінің даналық сөздері 
мен  ой  маржанына  баулу  мен  тәрбие  беру  арқылы  болашақ 
қазақстандық  мектепте  оқитын  балалардың  дамуына  жайлы 
мүмкіндіктер қаланады. 
Гуманитарлық  бөлім  студенттерінің  кәсіби  тұрғыдан  да-
муына қазақ тілі пәнін оқыту арқылы жоба әдісін қолдану көп-
теген игі нәтижелер бере алады. ЖОО-да білім беруді жаңаша-
ландыру үдерісінде студенттердің белсенділігін арттырудың бір 
жолы  қазақ  тілінен  олардың  мамандығына  байланысты  жоба-
ларды орындату болып келеді.  

Оқытушы  қазақ  тілінен  жоба  орындаушы  студенттердің 
ойын  технологиясынан    хабардар  болуына  мүмкіндік  беруі  ке-
рек.  Ойын  әдістері  қазақ  тілін  меңгеруде  күнделікті  жұмыспен 
бірге  студенттердің  жоба  орындау  барысындағы  шығармашы-
лық-ізденім  жұмыстарын да   қызықты және әсерлі ететін оқы-
тудың  ұтымды  тәсілдерінің  бір  жолы  болып  табылады.  Ойын 
әлемінің  қызықты  шарты  қайталау,  есте  сақтау,  алынған  мәлі-
метті  бекіту  мен  меңгерудегі  бір  сарынды  әрекетке  эмоциялық 
жағымды әсер береді, ал ойын қызметіндегі эмоциялық әсер сту-
денттің  барлық  психологиялық  үдерістер  мен  әрекеттеріндегі 
белсенділігін арттырады. 
Ойынның тағы бір ұтымды тұсы – білімді жаңа жағдайда 
қолдана алу қабілетінің дамуына және студенттердің қазақ тілі-
нен  меңгерілген  оқу  материалын  өзіндік  тәжірибеден  өткізуіне 
септігін  тигізеді  және  оқу  үдерісін  түрлендіреді,  оқушыларды 
ынталандырады.  Осы  кездегі  ойын  әдістерінің    студент  алатын 
білімнің  ақпараттық жағынан кеңеюіне де өзіндік пайдасын ти-
гізе алады.          
Ойын  –  жобалық  тапсырмаларды  орындау    барысында 
студенттің  қызығушылықпен  қолданатын  әдістердің  бір  түрі.  
Ойын – оқыту құралы. Оқыту үдерісінде ойынды қолдану  – кез-
дейсоқ  нәрсе  емес.  Педагогтар  мен  психологтар  білім  берудегі 
дағдарыстарды  жеңуде  ойынның  дамытушылық  мүмкіншілігі  
зор  екенін  атап  өтеді.    Бұл  әдіс  шет  елде  білім  беру  ісінде  кең 
өріс алып отыр.         
Ойын барлық әрекет түрінің әмбебап практикалық аспабы 
ретінде  қолданылады.  Педагогикалық  әрекеттің  негізгі  мәні  бі-
лім беру ғана емес, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ес-
кере  отырып,  таным  қызметін    басқару  және    проблемалық-та-
нымдық жағдайларды құрудан тұрады. 
Ойын  технологиясының маңызын айта келе, зерттеуші ға-
лымдар ойын әдісінің төмендегідей  қызметтерін бөле-жара көр-
сетеді : 

 
 сергіту  (бұл  ойынның  негізгі  қызметі  –  сергіту,  шабыт-
тандыру, өз ісіне риза болу, қызығушылығын арттыру); 

 
 қарым-қатынастық (сөйлеу диалектикасын меңгеру қыз-
меті); 


 
 диагностикалық    (нормативтік  тәртіптен  ауытқушылық, 
ойын барысында өзін-өзі тану); 

 
 терапиялық  (тұрмыста  пайда  болатын  түрлі  қиындық-
тарды жеңу); 

 
 өзін  көрсете  білу  (жасырын  мүмкіндіктер  мен  қабілет-
тердің танылуы); 

 
 ұлтаралық  қарым-қатынас  (жалпыадамзаттық  әлеумет-
тік- мәдени құндылықтарды   меңгеру); 

 
 әлеуметтілік    (қоғамдық  қарым-қатынас  жүйесіне  қо-
сылу);        

 
 эстетикалық  (ойыннан ерекше әсер алу) [37]. 
Ойында  барлық  студенттер    тең  деңгейде  болады.  Онда 
өзіне берілген тапсырманы әр студенттің тіпті қазақ тілінен тия-
нақты білімі жоқ студент те  орындай алады. Тіпті тілден дайын-
дығы  төмен  студент  ойын  үстінде  өзін  бұрын  беймәлім  болып 
келген жаңа қырынан көрсетуі де мүмкін. Өйткені кей жағдайда 
ойынды  өткізу кезінде пәндік білімнен гөрі тапқырлық пен  зе-
ректік маңыздырақ рөл атқаратын жайлар да кездеседі.   
Өзара  теңдік  сезімі,  тапсырманы  орындау  үстіндегі  өзін 
еркін сезіну, қуаныш және еліктеушілік атмосферасы  – осының 
бәрі  студенттің  сенімін  арттырады,  ұялшақтық,  жасқаншақтық 
сезімдерін жеңе білу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Ойын қа-
тынастары  арқылы  студент  материалды  еркін  меңгеріп  кетеді 
және  оның бойында өзіне, өз ісіне риза болу сезімі оянады. 
Жоба орындау үдерісіндегі ойын әдістері  студенттің бел-
сенділігін арттыратын  түрлі ойын   әдіс-тәсілдері және жағдай-
лар арқылы жүргізіледі. Түрлі жағдайда ойын белгілі бір драма-
лық шығарма тәрізді, оның өз сюжеті, қайшылықтары және қа-
тысушы тұлғалары болады.    
Ойын жағдайлары  ойын сабақтарының барысында бірне-
ше рет қайталануы   мүмкін  және  әр жағдаяттың ерекшелігіне 
қарай  кей  кезде  ол    жаңа  нұсқада  ойналады.  Ойын  барысында 
ұсынылатын  жағдаяттар  –  нақты  өмірдегі  жағдайлардың  бала-
масы. Оның өмір шындығына жақындығы  ойындағы негізгі те-
кетіресте (конфликт) жарыс ойындарында ашыла түседі. 
Жарыс ойындары  – қазіргі таңда ойын әдістерінің ішінде  
жиі қолданылатын түрі. Мұндай ойындар студенттің ойлау шап-

шаңдығын  қалыптастырады.  Ойын  шарты  алдын-ала  белгілі 
болғанмен, ойын барысында міндетті түрде күтпеген жағдайлар 
болады, осындай кезде студент кідіріп  қалмай  жылдам шешім 
қабылдай білуге жаттығады.  Жобаны  орындау  үдерісінде  ойын 
әдістері мен жағдайларын  жүзеге асыру  мынадай  негізгі  ба-
ғыттар бойынша жүргізіледі: 

 
 студенттер  алдына  дидактикалық  мақсат  ойын  тапсыр-
малары негізінде қойылады; 

 
 оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады

 
 оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады; 

 
 оқу  қызметіне  дидактикалық  тапсырмаларды  ойынға 
ауыстыратын жарыс элементтері енгізіледі; 

 
 дидактикалық  тапсырмалардың    сапалы  орындалуы 
ойын нәтижелерімен  байланыстырылады. 
Оқыту  үдерісіндегі  ойын қызметі төмендегідей болып са-
раланады   (16-сурет):  
 
 
 
        
 
 
 
                       
 
  
 
 
      
16-сурет – Жобаны орындау барысында қолданылатын 
ойынның атқаратын қызметтері 
 
Ойынның бұл аталған қызметтері бір мақсатқа жұмылды-
рылғанмен,  олардың  әрқайсысының  өзіндік  ерекшелігі  бар. 
Атап айтқанда:   
1. Білімдік қызметі білім алушының есте сақтау, зейін, ақ-
паратты қабылдау, жалпы оқытуда  білім және біліктерін, тілдік 
ұғымдарды  меңгеру  қабілеттерінің  дамуына  мүмкіндік  береді. 
Ойын әдістерінің қызметтері 
қарым-
қатынастық 
білімдік 
релаксациялық 
психологиялық 
дамытушылы
қ 
 
cергіту 
тәрбие 

Мұның  бәрі    ойынның  эмоционалдық  және  ойлау  қызметінің, 
шешім қабылдау білігінің қалыптасуын талап ететін және басқа 
да  оқыту  мүмкіндіктеріне  бай    ерекше  ұйымдастырылған  оқу  
қызметі екенін көрсетеді. 
2.  Тәрбиелік  қызметі  ойын  барысында  зейінділік,  ойын 
бойынша  серігіне  адамгершілікті  қатынасы,  ізеттілік,  өзара 
көмек  және  өзара  қолдау  сияқты  қасиеттерге  тәрбиелейді, 
қарым-қаты-нас мәдениетін  қалыптастырады.  
3. 
Сергіту қызметі жоба
 орындау барысында жағымды ат-
мосфера  қалыптастыра  отырып,    сабақты  қызықты,  тартымды 
етеді  де,  тіпті  кейде  ертегі  әлеміне    немесе    ерекше  оқиғаға 
айналдырады. 
4. Қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметі  тілдік 
ұғымдарды сөйлеу тілінде сапалы және сауатты қолдана білуде 
студент  топтарын  біріктіреді,  жаңа  эмоционалды-коммуника-
тивтік  қатынастарды қалыптастырады. 
5.  Релаксациялық  қызметі  тілдік  теорияларды  белсенді 
меңгеруде  жүйкеге  салмақ  түсуінен    пайда  болған  эмоцио-
налдық шаршауды жоюға  көмектеседі. 
6.  Психологиялық  қызметі  студенттің  әрекетін  неғұрлым 
сапалы ету мақсатында  жеке физиологиялық  біліктерді қалып-
тастырып,  ауқымды    ақпараттарды  меңгеру  үшін    студенттің 
психикасын  қайта  құрудан  тұрады.  Психологиялық  тренинг 
жүзеге  асырылады,  өмірдегі  жағдайларға  жақын  рөлдік  ойын-
дарда және  басқа да ойындар кезінде қалыптасатын түрлі жеке 
психологиялық қабілеттердің пайда болуынан байқалады. 
7. Дамытушылық қызметі дара тұлғаның  резервтік мүм-
кіндіктерінің белсенділігін арттырып, оның бойындағы жеке қа-
сиеттердің даму үйлесімділігіне бағытталады.  
Жобаны  орындату  барысында  ойынды  қолданудың  кри-
терийлері бар, олар мынадай болып келеді:  

 
когнитивтік; 

 
процессуалдық; 

 
іс-әрекеттік; 

 
эмоционалдық. 
Мұндағы  когнитивтік  критерий  жүргізілетін  ойын  әдісі 
жайында  мұғалім  білімінің,  мағлұматының  және  де  ойынның 
тиімділігі жөнінде түсінігінің болуын талап етеді.  

Процессуалдық  критерий  субъектіде  өзінің көздеген  мақ-
сатына жету үшін ойынды өз мүмкіндігіне қарай пайдалана білу 
біліктілігінің  қалыптасуы,  педагогикалық  үдеріс  шеңберінде 
ойын әрекеттерін жобалай білуін қажет етеді. 
Іс-әрекеттік  критерий  –  бұл  мұғалімнің  күнделікті 
педагогтік  қызметінде  ойын  әдіс-тәсілдерін  жүйелі  пайдалану 
деңгейі. 
Эмоционалдық  критерий  мұғалімнің  өзіндік  педагоги-
калық  ойын  әдістерін  жүзеге  асыруға  деген  құлшынысы  мен 
ойынды  өзінің  сабақ  барысындағы  қажеттілігіне  сәйкес  пай-
далануға деген қызығушылығының болуы.       
Ойын  технологияларын  зерттеуші  ғалымдардың  бір  тобы  
іскерлік ойынның студент білімі мен білігін арттырудағы мәніне 
көңіл  бөлу  қажеттігін  айтады.  Іскерлік  ойынның  басты 
ерекшелігі  бұл  технологияның  төмендегідей  кезеңдерінің 
мазмұнынан  бай-қалады    (6-кесте)  [38].  Оның  әр  кезеңіне  тән 
жұмыстар қатаң орындалғанда ғана іскерлік ойын өз мақсатына 
жетеді: 
6-кесте 
Іскерлік ойынды өткізу жүйесі   
 
 Дайын-
дық  
кезеңі 
І. Ойынға  дайындық  
 
 
 
 
 
 
- ойынның бағыты 
- іскерлік ойынның жоспары 
- ойынға жалпы сипаттама 
- ойынды өткізу нұсқауы 
- ойынды материалдық 
қамтамасыз етумен байланысты 
дайындық жұмыстары 
ІІ.  Ойынға  кіріспе 
-мақсат  пен  міндеттердің  нақ-
тылануы 
- шарты мен нұсқауы 
- уақыт кесімі, ережелері 
- рөлдердің бөлінуі 
 Өткізу 
кезеңі 
 
 
 
 
 
І. Тапсырмалар 
бойынша 
топтық жұмыс 
 
 
 
 
- қажетті  әдебиеттермен  
жұмыс 
- тренинг 
- «ойға шабуыл» 
- ойын  техникаларымен жұмыс 

 
 
 
 
ІІ. Топтар  
арасындағы 
пікірсайыс 
 
- топтардың қатысуы 
- пікірлерді қорғау 
- пікірсайыс ережесі 
- сарапшылар жұмысы 
 
Талдап 
қорыту 
кезеңі 
- ойын тұжырымы 
- талдау, пікірталас 
- жұмыс нәтижесін бағалау және өзін-өзі  бағалау 
- тұжырым және жалпы қорытындылар 
- ұсыныстар 
 
Іскерлік ойындар міндетті түрде проблемалық сипатқа ие 
болады.  Сондықтан  оларды  орындау  нәтижесінде  студенттерде 
мынадай іскерліктер қалыптасады: 
1.
 
Проблеманы түсіну іскерлігі, яғни студент ұсынған не-
месе келіп түскен ақпараттың мазмұнын бұрынғы игерген білім, 
дағдыларын пайдалана отырып түсінеді; 
2.
 
Проблеманы сипаттау іскерлігі, яғни материалдың мә-
нін түсініп, өздерінше болжамдар жасауы
3.
 
Проблема  қою  іскерлігі,  яғни  ақпаратты  жеткізудің 
формасын ойластыру, бір формадан екіншіге ауысу; 
4.
 
Проблеманы  шешу  іскерлігі,  яғни  проблеманың 
шартына, мақсатына қарай оны жоспарлау, талдау жасау, шешім 
қабылдауы; 
5.
 
Нәтижені  (шешімді)  ой  елегінен  өткізу  іскерлігі,  яғни  
шешімді    толықтыруы,  ол  үшін  басқа  ақпараттарды  іздестіруі, 
нәтижені бағалауы; 
6.
 
Қабылданған  шешімді  хабарлау,  яғни  оны  жеткізудің 
формасын ойластыру, ойын екінші адамға түсінікті етіп жеткізе 
білу іскерліктері қалыптасады. 
Проблемалық жағдаятқа талдау жасалғаннан кейін оқыту-
шы  студенттерге  «ойға  шабуыл»  әдісін  қолданады.  Онда  сту-
денттерге  проблеманың  туу  себебін  ойластыру  тапсырылады. 
Оқытушы  оған  алдын  ала  сұрақтар  құрастырып,  дайындалады, 
проблеманың басқа да нұсқаларын ұсынады. 
Студенттер проблеманың бір нұсқасын таңдауы немесе  өз 
дері  тарапынан  ұсынылған  проблеманың  себебін,  шешімінің 
дұрыс-бұрыстығын    дәлелдеуге  тырысады.  Егер  студенттер 
тарапынан басқа да проблемалар ұсынылса, олардың әрқайсысы 

тақтаға  жазылып,  студенттер  оның  қойылу  себебін  іздейді. 
Оқытушы  түрткі  жасап,  жетекші  сұрақтар  қою  арқылы  сту-
денттердің жауаптарын толықтырып отырады.  
Студенттердің  ұсынған  болжамдарының  дұрыс-бұрысты-
ғын бірден айтпай, өздеріне әрі қарай ойлануды тапсыру тиімді. 
Бұл болжамдар студенттердің әрі қарай топқа бөлініп, мәселені 
шешудің басқа да жолдарын іздестіруіне түрткі болады. Ал оқы-
тушы  қосымша  ақпарат  көзін  айтып,  оларды  ізденуге  бағыттап 
отыруы тиіс. 
Кей  кездерде  проблеманың  шешімі  дұрыс  та  болмауы 
мүмкін,  бірақ  бұл  үрдістегі  негізгі  мәселе  олардың  ізденуі,  ол 
үшін әрекет етуі, қосымша ақпараттарды пайдалануы, өздерінше 
бір  тұжырымдар  жасауға  қалыптасуы.  Сонымен,  проблеманы 
шешудегі  ізденістер  олардың  жобалау  әрекетінің    формасы 
болып табылады.  
Оқытушы    ізденістің  барлық  кезеңіне  қатысып  отырады, 
кеңес береді, бірақ өзінің беделін пайдаланып, мәселенің түйінін 
өзі белгілемейді. Өйткені жобалай оқыту технологиясы студент-
тердің өз бетімен жұмыс істеу әрекетіне негізделеді. Студенттер 
жеке  де,  топпен  де  белгілі  бір  уақытта  мәселенің  шешімін 
дайындайды.  Мәселені  шешу  үшін  студенттің  бойында 
интеллектуалды қабілеттер: талдау, салыстыру, жинақтау, ойша 
жобалау,  болжамдар  жасау,  ақпарат  көзін  іздеу,  бағалау  т.т. 
болуы  керек,  яғни  студенттердің  бойында  осындай  қасиет-
тердің  қалыптасуы  көзделеді.  Мұндай  іскерлік  бірден  қа-
лыптаспайды,  ол  үшін  алдын-ала  жүргізілетін  дайындық  жұ-
мыстарына тікелей тәуелді болады. 
Дайындық  жұмыстарының  құрылымы  мынадай  болуы 
мүмкін: 
1)
 
Жұмыстың тақырыбын, оның жобасын, типін, қатысу-
шылардың санын анықтайды. 
2)
 
Оқытушы тақырыптың ішінен проблема туғызатын мә-
селені айқындайды, бірақ студенттерге оны міндеттемейді. Сту-
денттер оқытушының қойған сұрақтарына қарай проблеманы өз-
дері анықтайды. 
3)
 
Дидактикалық міндеттерді айқындап, оны орындайтын 
студенттерді  топқа  бөледі,  тиімді  әдістерді,  ақпарат  іздеу 
жолын, шығармашылық шешімдерді талдайды. 

4)
 
Студенттерді  өз  жоспарлары  бойынша  дербес,  топпен 
шығармашылық міндеттерді шешуге жұмылдырады. 
5)
 
Топ болып немесе сабақта алынған нәтижені талдау. 
6)
 
Жобаны қорғау. 
7)
 
Жасалған  тұжырымдарды  ары  қарай  дамытуға  байла-
нысты болжамдар жасау, бағалау, жобаны қорытындылау. 
Жобалай оқыту технологиясымен оқытудағы ең маңызды 
мәселе – проблеманы дұрыс қоя білу және оны шешуге студент-
терді  ұйымдастыра  алу.  Проблема  белгілі  бір  тақырыптан 
алынатыны белгілі. Алайда онымен бірдей болмайды. Проблема 
тақырыптан  ерекшеленеді.    Атап  айтқанда,  проблема  қарама-
қайшылыққа  құрылады,  ары  қарай  талдауды,  шешуді  қажет 
етеді. Жобалай оқыту технологиясында қарама-қайшылық оқы-
латын пәннің мазмұнына қатысты туады. 
Үлгі өрнек келтірейік.  
Оқу пәні: Қазақ тілі.  
Тақырып:  Ойды  жеткізудегі  септік  жалғауларының 
маңызы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет