А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата15.03.2017
өлшемі1,4 Mb.
#9448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Проблема:Қазақ тілінің заңдылықтарын игермей-ақ, ойды 
жеткізе беруге болмай ма? 
Жобалай  оқыту  технологиясының  жаңа  педагогикалық 
технологиялар  жүйесіндегі  орны  ерекше.  Ол  ерекшелік 
студенттің    өзіндік  ізденіс  белсенділігінің  әрдайым  жоғары  бо-
луымен,  топтық  ізденістің  нәтижесін  талқылай  білуге  дағды-
лануымен,  болжам  жасауға,  шешімге  келуге  дағдылануымен 
анықталады. 
Теориялық  мәселелерді  игеруге  көп  мүмкіндік  беретін 
әдіс-тер  шоғыры–  ізденім-зерттеу  әдістері.  Жоғары  оқу  орын-
дарының  орыс  тілді    гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  қазақ 
тілін  жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  меңгертуде  теория-
лық  мәселемен  байланысты  жоба  тақырыптарын  «Қазақ  тілі 
стилистикасы»,  «Ресми  стильдің  қалыптасу  барысы»,  «Қазіргі 
қазақ газеттері және қазақ тіл мәдениеті мәселелері», «Этимоло-
гиялық ізденістер: қазақтың көне ыдыс-аяқ атаулары» т.б. түрде 
етіп беруге болады.  
Зерттеу әдістеріне сай ұйымдастырылатын жобалар толы-
ғымен  зерттеу  жұмысын  жүргізу  логикасына  бағынады,  соны-

мен қатар осындай жобаның құрылымы да зерттеу жұмысының 
құрылымына ұқсас болып келеді.  
Студенттер  жобаның  бұл  түрін  орындауды  бастар 
алдында тақырыптың өзектілігіне қажетті  аргументтерді жүйе-
леп,  зерттеудің  проблемасын  анықтайды.  Осымен  бірге  зерт-
теудің пәні мен нысанын, зерттеу міндеттерін, зерттеу әдістерін, 
ақпарат алу көздерін, зерттеудің әдіснамалық негіздерін, болжа-
мын,  проблеманы  шешу  жолдарында  студент  оқытушымен 
біріге  отырып  жобаны  орындауға  кірісер  алдында  толыққан-
дылықпен шешіп алуы керек. 
Қол  жеткізілетін  нәтиже  мен  зерттеудің  ғылыми  және 
практикалық жаңалығын да студент айқын белгілеп алуы керек. 
Зерттеу  жобасының  жазба  түрде  рәсімделуі  мен  осы  зерттеу 
жобасынан туындайтын жаңа зерттеу тақырыптарын студент өз 
бетімен анықтауға ұмтылуы тиіс. 
Гуманитарлық бөлім студенттеріне осындай зерттеу жоба-
ларының мынадай тақырыптарын ұсынуға болады: 

 
 қазақ  тіліндегі  жарнамалар  және  олардың  стильдік 
ерекшеліктері; 

 
 қазақ  тіліндегі  балабақшалар  және  олардағы  ұлттық 
тәрбие; 

 
 Қазақстан қалалары және олардағы көшелердің қазақша 
аталу жағдайы; 

 
 Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында қазақ әйелі 
бейнесінің суреттелуіндегі ерекше тілдік қолданыстар; 

 
 Томирис  патшайым  бейнесі  және  оны  қазақ  қыздарын 
тәрбиелеуде қолдану әдістемесі; 

 
 Қазақстан – 2030: ұрпақ қамы, т.б. 
Осындай бір жобаның түрін келтіре отырып, студенттің өз 
бетімен  ізденім-зерттеу  әдістерін  меңгеру  желісін  зерделеп  кө-
релік.  
Жобаның тақырыбы: «Адам – табиғаттың  перзенті, оның 
бір бөлшегі» деп аталды. Студентке осы тақырып бойынша зерт-
теу жүргізу үшін мынадай жұмыс жоспары құрылып беріледі: 
1)
 
тақырыпқа байланысты әдебиеттер жинау
2)
 
тақырыптың  өзектілігі  мен  мақсатын  айқындап,  одан 
туындайтын міндеттер жүйесін белгілеу; 

3)
 
адам  баласының  өмірі  табиғат  аясында  өтетіні  және 
сол    өз  үйін  қорғау  әрбір  азаматтың  парызы  екендігін  өз 
тәжірибесі негізінде дәлелдеу; 
4)
 
қаладағы экологиялық проблемалар туралы  материал-
дар жинау; 
5)
 
адам баласының табиғатты аялай білуге  үйренуіне қа-
жетті шарттарды анықтап,  жүйелеу; 
6)
 
қорытынды  сөз  мазмұнын  белгілеу,  мұнда  адамды 
табиғатты  аялай  білуге  үйрету  үшін,  адамның  өзін  табиғаттың 
бөлшегі  екенін  ұғындырумен  байланысты  жұмыстардың  ең 
алдымен  жүргізілу  қажеттілігін дәлелдеу; 
7)
 
пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау. 
Осы  жоба  бойынша    жұмыс  жасау  барысында  студент  өз  
бетімен  біраз  әдістерді  үйреніп,  санасына  сіңдірді,  атап  
айтқанда, мынадай  қабілеттері  жетілді: 

 
студент  өз  бетімен  тақырыпқа  байланысты  әдебиет  жи-
науға машықтанды; 

 
студент  өз  ойын  дәлелдеуге  қажетті  әдістер  мен 
тәсілдерді саралай алды; 

 
студент өз ойын дәлелдеу үшін жинақтаған практикалық 
материалдарды өз мақсатына сай пайдалануға үйренді; 

 
студент алға қойған проблемадан шығудың өзіндік жол-
дарын  анықтап,  нақты  теориялық  немесе  практикалық 
ұсыныстар берудің тиімді жолдарын анықтады. 
Студенттің  осы  жоспардағы  барлық  іс-әрекетінің  таным 
логикасы  жүйесіне  сай  ұйымдасуына  оқытушының  басшылық 
етуі  тиіс.  Сонымен  бірге,  студент  орындаған  жоба  жұмысына 
оқытушы  өз тарапынан объективті баға беруі керек. 
Ғылыми-ізденіс  жұмыстарының  жүйесі  мен  құрылымы 
шынайы  ғылыми  жұмыстармен  толық  сай  келуі  керек  деген 
ұстанымға сай бұл бағыттағы жобаларды бағалау үшін міндетті 
түрде оппоненттер алдын-ала тағайындалады. Жұмыстың оппо-
ненттері  даярланған  жобаларды  мұқият  талдап  шығып,  пікір-
лерін әзірлейді. Осы жобаны қорғау кезінде қазақ тілі бойынша 
берілетін  бағдарламалар  мен  авторлық  бағдарлама  сәйкестігі 
салыстырыла  келе,  жобаны  қорғау  ұйымдастырылады.  Сол 
қорғауда  ең  шешімді  пікірді  оппоненттер  айтатын  болады.  Ал 

жоба  қорғаушылар  олардың  айтқан  сын-ескертпелеріне  жауап 
беру арқылы өз деңгейлерін көрсетеді. 
Қазіргі  кезде  мектеп  бітірушілердің  емтиханды  жобалай 
оқыту  технологиясын  қолдана  отырып  тапсыру  тәжірибесі  де 
кез-десіп жүр. Бұл да білімді жаңаша бағалаудың көрінісі болып 
са-налады. 
Жалпы  жаңа  заманға  лайық  оқытудың  негізіне  алынатын 
инновациялық  үрдістер  білім  берудің  барлық  салаларын  қам-
тып,  қанат  жайып,  әр  түрлі  қырынан  танылып  келеді.  Қазіргі 
инновациялық  үрдістер  В.И.Загвязинскийдің  сөзімен  айтқанда, 
білім бе-рудің мынадай салаларында қамтылады [39] : 
1)  Білім  беретін  түрлі  оқу  орындарындағы  білім  мазмұ-
нында қамтылады. 
2) Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын, ұстаным-
дарын,  әдістерін,  формаларын,  тәсілдері  мен  амалдарын  қарас-
тырады. 
3)  Оқу-тәрбие  беру  үдерісін  ұйымдастыру  жолдарын 
анықтайды. 
4)  Мектепті  басқару  жүйесін  жаңашаландыру  жолдарын 
зерттейді.  
Жаңа  технологиямен  оқыту,  оқытудың  жоғары  белсенді 
түрін дамытудың мүмкіндігі техникалық және электрондық құ-
ралдарды тиімді қолданғанда тіпті арта түседі.  Жобалай оқыту 
технологиясы  студенттердің  қазақ  тілін  танып-білуінің  тиімді 
құралы ретінде алынғанда, осы оқыту әдісінің үлкен жүйе құра 
алатын  қасиеті  ерекше  танылады.  Бұл  жерде  «жобалау»  деген 
сөздің  ішкі  мағынасындағы  айырмашылықта  болатын  екі 
саланы айырып тани білу керек.  
Оның  біріншісінде  «жоба»  әрекеттің  жемісі  ретінде 
танылса,  екіншісінде  «жоба»    таным  әрекетін  ұйымдастыратын 
басты әдіс ретінде танылады.  
«Жоба»  әдіс  ретінде  қолданылғанда,  алға  танылып-анық-
талуы  тиіс    белгілі  бір  проблеманы  қойып,  оны  шешуге  жеке 
студентті  немесе  студенттер  тобын  жұмылдыру  үдерісі  ұйым-
дастырылады. Сонымен қатар, бір жоба әдісі арқылы бір сабақта 
да,  сабақтар  сериясы  бойы  да  жұмыс  ұйымдастырып,  көздеген 
нәтижеге жетуге болады. 

Жобалай оқыту  арқылы алға қойылған проблеманы шешу 
барысында студенттердің өз бетімен білім алуын қалыптастыра 
отырып,  қазақ  тілін    практикада  қолдану  дағдылары  дамы-
тылады.  
Бұл жердегі ізденімдік әдістердің нәтижесінде студенттер-
дің өз алдына берілген тақырып туралы  белгілі бір дәрежедегі 
ақпараттар  мазмұнын  жинақтауға,  оны  шешу  туралы  болжам 
жасауға,  қазақша  сөйлеу  тілін  жаттықтыра  отырып,  сөйлемдер 
құруға  үйренуге,  сол  арқылы  қазақша  ойлауға  дағдылана 
бастайды. 
Қазақ  тілін  үйретуде  бұл  әдістерді  жүйелі  түрде  жос-
парлап, жобалай оқыту технологиясында қолдана отырып, оқы-
тушы    алдындағы  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға,  ғылыми  нәтиже  алу  үшін  ізденудің  оптималды 
түрлерін  өз  бетімен  таба  білуіне  бағдар  береді  де  олардың  та-
нымдық  қабілеттерін  жетілдіреді.  Мұндай  ізденіс  бағытындағы 
жұмыстарды  өз  деңгейінде  жасауы  нәтижесінде  студенттердің 
жауапкершілік қасиеті мен көздеген мақсатына жету сезімдерін 
қалыптастырудың оңтайлы жолы танылады.  
Бұл  ретте  «Қазақ  тілі»  пәні  оқытушысының  міндеті    –  
студенттердің  әрқайсысын  ізденім  жолындағы  белсенді  таным 
қызметін шеберлікпен ұйымдастыра білуі. 
Қазақ  тілін  жобалай  оқыту  технологиясы  аясында  жүзеге 
асырылатын  оқу-танымдық  әрекеттің  мазмұндық  құралымын 
мынадай кесте түрінде (7-кесте) көрсетуге болады: 
 
 
 
7-кесте  
Жобалай оқыту технологиясын қолдану арқылы қазақ тілін 
меңгертудегі  оқу-танымдық әрекеттер жүйесі    
 
Оқу-танымдық әрекеттің 
құраушы бөлшектері 
Оқытушының алға қойған міндеті мен 
әрекеттері 
1. Алға қойылған мақсат 
-  студенттермен  біріге  отырып,  алға  қойылған 
мақсатқа жету жолын анықтау 
2. Қазақ тілін оқып-білу 
мотиві 
-  студенттердің  бойындағы  оқу  және  әлеуметтік 
мотивтерін тірек етіп, соларға сүйену 
3. Қазақ тілін жобалай 
-  көздеген  мақсатқа  жетуге  мүмкіндік  беретін 

оқытудың құралдары 
оқу  құралдарын  студенттермен  біріге  отырып 
таңдау 
4. Қазақ тілін жобалай 
оқыту аясындағы оқу 
әрекеттері 
-  оқу-таным  әрекеттерінің  вариативтілігі,  сту-
денттің  жеке  басының  ізденім  қабілетіне  сай 
әрекет түрін таңдау мүмкіндігі 
 
5. Нәтиже 
-  студентке  бағалы  болып  саналатын  нәтижеге 
қол  жеткізуі;  оқытушы  үшін  студенттің  ішкі 
жан-дүниесіндегі  оң өзгерістердің дамуы 
6. Бағалау 
-  студенттердің  өзінің  қол  жеткізген  нәтижесін 
өзі бағалай білуіне үйрету 
Осы жүйемен құрылған қазақ тілін оқыту үдерісінің  көз-
деген  нәтижеге  қол  жеткізер  мүмкіндіктері  мол  деп  саналады. 
Жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  тілді  меңгерту    –  қазақ 
тілін  гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  оқытудың  өте  икемді 
моделі. Бұл технологияның негізгі ұстанған бағдары  – студент-
терге  қазақ  тілін  оқыту  арқылы  олардың  шығармашылық 
әлеуетін  мүмкіндігінше  мол  дамыту,  олардың  физикалық  және 
интеллек-туалдық дамуын жүзеге асыру.  
Студенттер  жобаларды  орындауы  барысында    өздерінің 
ерік  және  шығармашылық  қабілеттерінің  жетіле  түсетініне 
өздері  де  куә  бола  алады.  Әрине,  негізінен  оқытушының 
басқаруымен,  жетекшілігімен  жүріп  отыратын  жобалай  оқыту 
технологиясын қолдану арқылы білімді меңгертуде обьективтік 
және субъективтік жаңашылдық басым болып келеді. 
Сонымен,  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ-та 
пай-да  болған  жобалай  оқыту  технологиясының  бастау  көзі 
саналатын «жобалау әдісінің» теориялық негізі «прагматикалық 
педагогика»  болып  саналады.  Ол  «прагматикалық    педагоги-
каның»  философиялық  іргетасын  қалаған  Джон  Дьюи  екені  де 
жоғарыда айтылған болатын.  
Айтылған ойлар мен талданған тиімді әдістерді жинақтай 
отырып,  жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  қазақ  тілін  мең-
гертудің тұжырымдық негіздерін былайша пайымдауға болады: 

 
 тек  практикалық  нәтиже  арқылы  алынатын  білім  ғана 
ақиқат және құнды болып табылады; 

 
 адам  баласы  онтогенезде  өзін  қоршаған  ортаны  танып-
білуі барысында жүріп өткен адамзаттың жолын қайталайды


 
 оқу-таным  үдерісінде  студент  те  осы  жолды  қайталай 
отырып,  жекеден  →  жалпыға  қарай  жүру  жолын,  яғни  индук-
тивтік жолдан → дедукцияға қарай жүру жолын ұстанады; 

 
 қазақ  тілін жобалай  оқыту  технологиясы арқылы  оқып-
меңгеру      студент  үшін  оқытушы  тарапынан  басқарылып  оты-
рылғанымен,  негізінен,  студенттің  ерік-жігеріне  көбірек  сүйе-
нетін, сол қасиеттерді дамытуға бағытталған үдеріс болып табы-
лады; 

 
 студент  өзінің  қазақ  тілі  туралы  білім  алу  қажеттілігін 
практикалық  тұрғыдан  анықтап  қана  осы  тілді  меңгеруге    бел-
сенділікпен кірісе алады;  

 
 сол  үдерісте    студент  қазақ  тілін  оқып-білудің  орталық 
әрі белсенді субъектісіне айналады; 

 
 қазақ  тілінен  берілетін  білім  мазмұнын  студенттерге 
проблемалық  оқыту  тұрғысынан  меңгерту  үдерісі  ұйымдас-
тырылады; 

 
 студенттердің  танымдық  белсенділігі  жобаны  орындау 
үдерісінде жоғары деңгейде болады; 

 
 студенттердің  қазақ  тілін  оқып-білу  үдерісі  осы  тех-
нологияны  қолдану  нәтижесінде  оның  өмірімен  тікелей  байла-
ныста болады; 

 
қазақ тілін оқыту үдерісі оқу әрекеті теориясы тұрғысы-
нан ойын, еңбек, жанды үдеріс түрінде ұйымдастырылады. 
 
 
 
 
Бекіту сұрақтары: 
1.
 
Жобалай оқыту технологиясы  бойынша істелетін жұмыстарға 
қойылатын талаптарды атаңыз. 
2.
 
Жобалау  технологиясы  арқылы  орындалатын  жұмыстардың 
типтерін атаңыз. 
3.
 
Ғылыми-ізденіс  жобаларын  ұйымдастырудың  әдіс-тәсілдер  
жүйесі қандай? 
4.
 
Қолданбалы-практикалық  жобалар  арқылы  қалыптасатын 
жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерді атаңыз. 

5.
 
Жобаны орындау барысында қолданылатын ойынның атқара-
тын қызметтерінің ерекшеліктері. 
6.
 
Іскерлік ойынды өткізу жүйесі қандай кезеңдерден тұрады? 
7.
 
Жобалай  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы  қазақ  тілін 
меңгертудегі  оқу-танымдық әрекеттер жүйесін түсіндіріңіз. 
8.
 
Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің 
тұжырымдық негіздерін атаңыз. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.
 
Жобалай оқыту технологиясының мақсаты қандай? 
2.
 
Жобалай оқыту технологиясының ерекшелігі мен мәнін анық-
таңыз. 
3.
 
Жобалай  оқыту    технологиясының  антропологиялық  тұғыр-
ларын нақтылаңыз. 
4.
 
Жобалай  оқыту  технологиясының  нәтижесінде  қалыптасатын 
тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерді  саралаңыз. 
5.
 
Қазақ тілін меңгертуде жобалай оқыту технологиясы түрлерін 
жүзеге асырудың ұтымды амал-тәсілдері мен әдістерін атаңыз. 
6.
 
Жобалай  оқыту  технологиясының    сапалы  білім  берудегі  
тиімділігі немен байланысты анықталады? 
7.
 
Жобалай оқыту технологияның артықшылығы неде? 
8.
 
Жобалай оқыту технологиясы студенттің білім деңгейін дамы-
туға қалай көмектеседі? 
9.
 
Жобалай  оқыту  технологиясы  шығармашылық  белсенділікті 
қалай дамытады? 
10.
 
Жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  қазақ  тілін 
меңгертудің ережесі қандай? 
11.
 
Жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  мемлекеттік  тілді 
меңгертудің арнайы  ұстанымдары қандай? 
12.
 
Жобалай  оқыту  технологиясы  негізінде  қазақ  тілін  меңгер-
туде қандай құзыреттіліктер қалыптастырылады? 
13.
 
Ғылыми-ізденістік жоба түрлеріне  қандай жобалар жатады? 
14.
 
Қолданбалы-практикалық  жоба  түрлеріне  қандай  жобалар 
жатады? 
15.
 
Жобалай  оқыту  технологиясын  жүзеге  асыруда  қолданы-
латын әдістерді атаңыз. 

16.
 
Жобалай  оқыту  технологиясы    бойынша  істелетін 
жұмыстарға қандай талаптар қойылады? 
 
 
СТУДЕНТТІҢ ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ОЙБӨЛІС 
ТАПСЫРМАЛАРЫ  
 
1.
 
«Оқыту  технологиясы  дегеніміз  бұл  –  педагогикалық  прак-
тикада психологиялық жетістіктерін қолдану». Бұл кімнің тұжы-
рымы екенін айтыңыз және оған дәйектеме жасаңыз. Ойыңызды 
қағазға түсіріңіз.  
2.
 
«Халық  пен  халықты,  адам  мен  адамды  теңестіретін  нәрсе  -  
білім»    /  М.Әуезов  /«Адам  адам  болу  үшін  оған  білім  қажет»  / 
Я.А.Коменский / Ғалымдардың осы пікірлеріне сүйене отырып, 
оқытудың әлеуметтік мәнін ашыңыз.  
3.
 
Төменде  берілген  ойбөліс  оралымдары  бойынша  оқытудың 
жаңа технологияларының мәнін ашыңыз:  
-
 
«білген сайын келеді  біле бергім...» 
-
 
«білімсіздік туралы білім» жағдаятына талдау;  
-
 
ұсынылған ойбөліс оралымдарын талдап, бағалаудың шешімін 
жазбаша түрде табыңыз.  
4.
 
 Технологиялылықтың  басты  өлшемдері:  тұғырнамалығы; 
жүйелілігі; басқарымдылығы; нәтижелілігі; өнімділігі. 
5.
 
Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологияларының  шығу  тегі 
және  құрамдас  бөліктері  /  әлеуметтік  өзгерістер,  жаңа 
педагогикалық ойлау т.б. / 
6.
 
Төменде аталған ұғымдарға өзіңіздің пайымдауыңыз негізінде 
анықтама беріңіз:  
-
 
қазақ тілін оқыту технологиясы дегеніміз... –  
-
 
қазақ тілін оқыту жүйесі..... 
-
 
қазақ тілін оқыту әдістемесі.....  
-
 
жалпы оқыту технологиясы..... 
Осы ұғымдардың бір –бірінен айырмашылығы қандай?  
7.
 
Төменде  берілген  тұжырымдардың  ішінен  технологиялық ұс-
танымын айқындайтын тұжырымды таңдап алыңыз: тұғырнама-
лығы;  жүйелілігі;  нәтижелілігі;  басқарымдылығы;  бұқаралы-

лығы;  нәтиженің  белгісіздігі;  вариативтігі;  экономиялылығы; 
өнімділігі; ұзақтығы; көпфакторлылығы; күрделілігі.   
8.
 
Оқу  процесін  ұйымдастыру,  оқыту  әдістері  мен  формалары, 
оқытушы  мен  оқушы  әрекеті,  оқыту  болжамы  –  бұлардың 
бәрі....тән. Ойыңызды жазбаша мысалдармен дәлелдеңіз.  
9.
 
Төмендегі  анықтамалардың  ішінен  оқыту  технологиясы 
ұғымының мәнін ашатын тұжырымды жазбаша атап көрсетіңіз:  
-
 
Оқыту  технологиясы  -  бұл  оқытуды  жоспарлау,  жобалау, 
ұйымдастырып  өткізу  бойынша  біріккен  педагогикалық 
әрекеттің әрбір деталі ойластырылған моделі / В.М.Монахов/. 
-
 
Жаңа технология оқу процесін іске асыратын және мұғалім іс-
әрекетін  жоспарлайтын  модульдердің  жобасын  жасауды  көрсе-
теді   / Ә.Қабдықайырұлы/. 
-
 
Оқыту  технологиясы    дегеніміз  –  дидактикалық  жүйенің  құ-
рамдас процессуальды бөлігі /М.Чошанов/.  
-
 
Технология  –  оқытудың  жоспарланған  нәтижесіне  жету 
процесі / И.П.Волков/.  
-
 
Педагогикалық  технология  –  бұл  оқу  процесін  жүзеге 
асыратын мазмұнды техника / В.А.Беспалько / 
-
 
 Технология  –  бұл  белгілі  бір  өнерде, шеберлікке қолданатын 
тәсілдер жиынтығы;  
10.
 
Оқытудың жаңа технологияларын классификациялау кезінде 
тұлғаға бағыттылығы амалы қалай жүзеге асады?  
11.
 
Оқыту технологиясы ұстанымы қалай жүзеге асатынын көр-
сетіңіз.  
12.
 
Танымдық  әрекетті  басқаруы  мен  ұйымдастыруы  бойынша 
бір типке жататын технологиялық топты сипаттап жазыңыз.  
13.
 
Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологиялары  қандай 
нышандар бойынша жіктелген:  
а/ қолдану деңгейі бойынша;  
ә/ психологиялық негізі бойынша;  
б/ философиялық негізі бойынша; 
в/ оқушылар категориясы бойынша;  
14.
 
Баламалы технологиялардың негізінде қандай идея жатыр?  
15.
 
Ізгілендіре  оқыту  технологиясының  мәні  неде  және  оның 
ынтымақтастық технологиясынан айырмашылығы қандай?  
16.
 
Ынтымақтастық  технологиясының  мәнін  ашатын  зерт-
теулер.  

17.
 
Дәстүрлі әдістеменің класс – сабақ
 жүйесінде оқушыны зерт-
теу.  
18.
 
«Педагог- оқушы» қатынасы жүйесіндегі оқушыға көзқарас 
технологиясы туралы мақсаттың қойылуы. 
19.
 
Қандай  технологияны  антропоцентрлік  деп  атайды  және 
оның  авторитарлық  және  дидактоцентрлік  технологиядан 
айырмашылығы неде екендігін сипаттап жазыңыз?  
20.
 
Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологиясы  негізінде  оқушы-
ның тұлғалық моделіне сипаттама беріңіз.  
21.
 
Оқушының жеке қасиетінің қалыптасу деңгейін анықтайтын 
диагностиканың тиімділігі неде?  
22.
 
«Қазақ тілі» пәні оқытушысының портреті қандай?  
23.
 
«Қазақ тілі» оқытушысының кәсіби қалпы туралы пікір.  
24.
 
Психолого-  педагогикалық  диагностика  туралы  не  айта 
аласыз?  
25.
 
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялық жүйесіндегі оқы-
тушының тұлғалық моделі туралы жазбаша пікір. 
26.
 
Жаңашыл  оқытушылардың  технологиялары  /Қ.Нұрғалиев, 
К.Айқалиев, А.Ысқақов, Г.Айдаралиева, К.Бітібаева. т.б/  
27.
 
Жаңашыл  педагогтардың  оқыту  технологиясы  туралы  ой  - 
тұжырымдар, шығармашылық әрекет.  
28.
 
Өзіңіз  тұратын  жердегі  /қала,  ауыл,  т.б./  жаңаша  оқыту 
технологияларымен танысып, зерттеу жүргіздіңіз бе?  
29.
 
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту технологиясы...  
30.
 
Оқыту  технологиясы  мен  тәрбиелеу  өнерінің  айырма-
шылығы неде?  
31.
 
Оқыту  өнері  мен  оқыту  технологиясының  айырмашылығы 
бар ма?  
32.
 
Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  технологияларының  құрылымы 
туралы тұжырымыңыз.  
33.
 
Қазақ  тілін  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқыту 
технологияларының процессуальды компоненті...  
34.
 
Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясының мазмұн-
дық компоненті...  
35.
 
Сабақ моделін құру технологиясының ережесін жасап, қор-
ғаңыз.  
36.
 
Қазақ тілінен дәстүрден тыс сабақтың жоспарын жасап, қор-
ғаңыз/ лексика саласы бойынша/.  

37.
 
Қазақ  тілі  сабағының  моделін  құрып  /  морфология/,  қор-
ғаңыз.  
38.
 
Қазақ  тілін  модуль  арқылы  оқыту  технологиясы  бойынша 
сабақтың ақпараттық картасын жасап / сөзжасам/,  қорғаңыз.  
39.
 
Қазақ  тілінің  синтаксисі  курсы  бойынша  технологиялық 
карта дайындап, қорғаңыз.  
40.
 
Деңгейлік  оқыту  технологиясы  бойынша  сабақ  моделін 
дайындап, қорғаңыз.  
41.
 
Білім деңгейін бақылау диагностикасы, рейтингілік жүйе.  
42.
 
Компьютер арқылы оқыту технологиясы.  
43.
 
Студенттер  білімін  бақылау  түрлері:  ағымдық,  аралық, 
қорытынды, тақырыптық.  
44.
 
Тест  - оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың ұтым-
ды әдісі.  
45.
 
Тест және оның дамуы, ұтымды түрлері мен формаларынан 
не білесіз?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет