Ақ Алматы технологи


Дәріс 5.Әлеуметтену және бірегейлік



бет6/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Дәріс 5.Әлеуметтену және бірегейлік
Адам көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Адамның мәнін қарастырмастан бұрын «адам», «индивид», «тұлға» түсініктерін қарастырып алайық. Адам – қоғамды құрушы, онда саналы іс-әрекет ететін, ойлай білетін, алдына мақсат қойып, оған жетуге тырысатын, барлық индивидтерге тән ортақ қасиеттер және ерекшеліктерімен сипатталатын тіршілік иесі. Индивид – биологиялық жолмен дүниеге келіп, әлеуметтік ортада өмір сүретін жеке адам. Тұлға – адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, индивидтердің қоғамдық дамуының және белсенді іс-әрекетпен араласу арқылы әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі.
Индивид қоғаммен әлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, байланыстарды жүзеге асырғанда барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады.
Тұлғаны әлеуметтік талдау оның құрылымын анықтаудан басталады. Бұл мәселені З.Фрейд «ол», «мен» және «супер эго» деген элементтерді енгізу арқылы қарастырады. «Ол» - бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. «Мен» - бұл түйсіктермен байланысты, дүркін-дүркін оған кіріп отыратын сана. «Эго» - санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға тырысатын, «меннен» жоғары, моралдық нормалар мен ұстамдардың жиынтығын құрайтын, адамгершіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы болып табылады.
Сондықтан да біздің санамызда барлық уақытта, бір жағынан, оған кіретін түйсіктермен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моралдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады.
Тұлға әлеуметтік қауымдастықпен араласып, одан ерекшеленетін, өзінің творчестволық жекешелігін танытып, болашақ өмірінің жобасын жасайтын, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізу үшін барлық күш жігерін жұмылдыратын, әлеуметтік құралдарда, байланыс жүйесінде тұрақты өзгерістерге қол жеткізетін, өзін-өзі жетілдіріп, мазмұнын анықтайтын қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік жүйенің белсенді құрамдас бөлігі, биологиялық пен әлеуметтіктің шегінде орналасқан күрделі нысан.
Әлеуметтануды бірінші кезекте ортақ мәселе қызықтыратын болғандықтан, жеке адамға қатысты әлеуметтанудың түбегейлі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде жеке адамның әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және жеке адамның қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының жеке адамның рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту кері әлеуметтену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпарат¬тандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.
Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды сыйлайтын азаматтар болуына (саяси әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.
Осы процестерді игеру негізінде адам әлеуметтік сипатын, қасиетін, іскерлігін, білімін қалыптастыра отырып, әлеуметтік өзара қатынастардың мүшесі болады.
Әлеуметтануда әлеуметтену процесінің 2 деңгейі болады:
1) алғашқы әлеуметтену деңгейі – тұлғааралық, кішігірім топ аралық қатынастар сферасында, индивидтің ең жақын ортасында өтеді;
2) кейінгі әлеуметтену деңгейі – үлкен әлеуметтік топтар мен институттардың деңгейінде өтеді.
Бұл деңгейлердің әрқайсысында әлеуметтену процесінің агенттері мен институттары іс-әрекет етеді. Әлеуметтену агенттері – мәдени тәжірибені беруге жауапты нақты адамдар, әлеуметтену институттары - әлеуметтену процесіне әсер етіп, оған бағыт-бағдар беретін мекеме.
Әлеуметтену процесі барысында адамдар әлеуметтік рөлдерін алмастырып, жаңа әлеуметтік мәртебені меңгеріп, бұрынғы әдеттерінен ажырап отырады. Ол әлеуметтануда деәлеуметтену және реәлеуметтену деп аталады. Деәлеуметтену – ескі, бұрынғы құндылық, норма, тәртіп үлгілері мен рөлдерден ажырау процесі. Реәлеуметтену – ескінің орнына жаңа құндылықтар, норма, рөл мен тәртіп үлгілерін қалыптастыру процесі.
Тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі – бұл тек индивидтің бойындағы табиғи қасиеттерді біртіндеп анықтап, қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдық орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар мен құқықтық құрылымдар ықпалының нәтижесі. Осындай тәсілмен ғана әлеуметтендіру процесі құрылымын, оның объективті және субъективті факторларын, механизмін ашуға, адамның тұлға ретінде өмір сүру аясын анықтауға мүмкіндік туады.
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттықэкономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады. Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет