Ақ Алматы технологи


Дәріс 15. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар



бет34/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

Дәріс 15. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
Саясат – бүкіләлемдік құбылыс. Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекет те, халық та жоқ.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз - дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихи дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе – осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылыққа толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200-дей мемлекет, 3000 – нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, ділі және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттіңғ экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәкес өмір салты, мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлілігін, демократиялық нышандардың деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды.
Осындай сан алуандылыққа қарамастан бүгінгі әлем, адамзат қоғамы біртұтас дейтін себебіміз не? Біріншіден, әрбір адам жалпы адамзаттық құндылықтарға мойын ұсынып, өз бойына сіңіруге талаптанады. Демек, барлық адамдарға ортақ арман-мүдде, іс-әрекет, құндылық қасиеттер оларды жақындастырады. Екіншіден, дүние жүзіндегі барлық адамдардың, барлық халықтар мен мемлекеттердің өмір тіршілігіне қауып төндіретін қару-жарақ әлі жойылған жоқ. Бұл да елдердің ортақ мүддесін қалыптастырады. Үшіншіден, осы заманғы ғылыми-техникалық революция бүкіл әлемді біртұтас қамтып, бір арнаға тоғыстыруда. Өндіргіш күштердің интеграциясы, дүниежүзілік біртұтас нарықтың қалыптасу үрдістері екпінді түрде жүріп жатыр. Төртіншіден, дүние жүзі халықтарының, мемлекеттердің арасындағы өзара қарым-қатынас, алыс-беріс байланыс аса жоғары сапалы қарқынға ие болды. Әлемдік байланыс біртұтастыққа ие болады. Ешқандай да халық немесе мемлекет басқалардан тысқары, олармен байланыссыз, өзара әсерсіз өмір сүріп, ілгері дами алмайтын жағдай қалыптасты. Әр елдің тағдыры әлемдік қауымдастық тағдырымен ұштасты. Ең бастысы елдер мен халықтар өзара байланысты, өзара тәуелді екендіктерін терең сезінетін ахуал орнақты. Осы ахуал бүгінгі замандағы жаңаша саяси ойлаудың өзегі болып табылады. Бесіншіден, біздің дәуірімізде дүние жүзіндегі барлық халықтар мен елдердің тағдырына тікелей қатысы бар адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік (глобальды) проблемалар пайда болды.
Бүкіл әлемдік мәселелерді төрт топқа бөлуге болады:

  • әлеуметтік-саяси сипаттағы проблемалар: ядролық соғыстың өртін өшіріп, қарулану процесін ауыздықтау, мемлекетаралық, ұлтаралық және аймақтық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, халықтар арасында өзара сенім мен сыйласым дәстүрін орнықтырып, қауіпсіздік жүйесін нығайту, ақпараттық ағымдарды игілікті пайдалану;

  • әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалар: артта қалуды, кедейшілікті жою, энергетикалық, шикізаттық, ішіп-жемдік, демографиялық дағдарыстарды реттеп, олардан шығу жолдарын бірлесіп іздеу;

  • әлеуметтік-экологиялық проблемалар; қоршаған ортаны, табиғатты күтімге алып, ұқыпты пайдалану;

  • адам проблемасы. әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға өміршеңдік сипат беру, надандықтың жолын кесіп, рухани дамуға жол ашу, қасіретті аурулармен тізе қосып күресу.

Бүгінгі таңда дүниенің өзара жауласқан, антогоистік саяси – экономикалық екі жүйеге бөлінуі ыдырады. Екі полюстік текетірес көп полюсті қарым – қатынасқа негізделген адамзат – қоғамының қауымдастығына ығысып орын берді. Әлемдік маңызы бар саяси мәселелерді шешуге барлық мемлекеттер өз үлестерін қосатын болды.
Халықаралық қатынастар түрлі қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың ішінде жетекуші орынды саяси ғлымдардың иеленетіндігі белгілі. Үйткені ол мемлекеттік билікті тікелей зерттейтін негізгі ғылым болып саналады, ал халықаралық қатынастар дегеніміз – ең әуелі мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Зерттеу объектісмінің күрделілігі (билік пен басқарудың орталық ядросының жоқтығы, көптармақтылықтың (полицентризм) орын алуы, сыртқатебу (гетрогендік) факторларының жинақтаушы факторлардан үстемдігі, кездейсоқтық (стихиялық) пен субъективтік факторлардың үлкен мәнге ие болуы және т.б. ), сондай-ақ сан – алуан ғылыми ұстанымдардың орын алуының салдарында халықаралық қатынастар туралы бірнеше теориялардың қалыптасуына әкеліп соқты. Осылайша мемлекет өміріне құқық пен моральдың қағидаттарын (принциптерін) енгізудің нәтижесінде адамзаттың әлемдік үкіметтің басқаруындағы біртұтас қоғамға айналатындығы туралы ұстанымнан халықаралық қоғам теориясы туындайды. Факторлар теориясы әлемді өзара қарымқатынастағы күштердің даму қатынастарының алаңы ретінде қарастырады, бұл қатынастар өз кезегінде саяси, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық факторларға тәуелді болады. Материальдық факторлар күшті анықтайды, ал қалғандары оның бағытын айқындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық саясатпен байланыстырып қарастыратын теория, оны мемлекеттердің өзара ықпалды сыртқы саясаты ретінде қарастырады. Халықаралық қатынастардың мәні осынау қатынастарға қатысушылардың халықаралық ортадағы спецификалық жағдайда билікті басып алуды, ісе асыру мен нығайтуды білдіреді. Осы ретте мынандай бір сұрақ туындпйды: билік категориялары халықаралық қатынастарда әмбебап сипатқа ие ме, жоқ әлде күш тұрғысынан қарастырылады ма?
Ықпал ету аумағына қатысты халықаралық қатынастардың мынандай түрлері туралы айтылады:

  • саяси;

  • экономикалық;

  • идеологиялық;

  • әскери;

  • мәдени қатынастар және т.б

Саяси ғылым әлемдік саясатты жүйелік ұстанымның аясында қарастырады. Халықаралық қатынастар халықаралық саясаттың убъектілерінің өзара ықпалдастығының жүйесі ретінде қарастырылады. Халықаралық жүйе (ХЖ) – халықаралық қатынастардың негізгі мәнді түсініктерінің бірі балып табылады. ХЖ – нің құрылымы, қатысушылары және сыртқы ортасы ХЖ – нің өзіндік сапалық ерекшелігін қалыптастырады. Жүйедегі байланыстардың өзегі ретінде құрылым: - тарихи кезеңдегі жетекші мемлекеттердің қарым-қатынасынан тұратын - күштер орталығына негізделген қатынастардан; дау – жанжалдар мен тұрақсыздықтың салдарларынан туындайтын қырым-қатынастар кешеніндегі кеңістіктің шектеулігін білдіретін – қарама – қайшылықтардың түйіндерінен; құрылымнан жоғары тұратын ұйымдар - халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық құқықтан тұарады.
ХЖ – нің негізгі қатысушысы – мемлекет. Ол сыртқы саясатты жүргізетін, келісім шарттарға қол қоятын және кепілдік беруге қабілетті бірден бір жалпыұлттық институт болып табылады. Халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде сондай-ақ мемлекеттік емес ұлттар, халықаралық ұйымдар, түрлі әлеуметтік институттар, топтар мен жеке тұлғалар көріне алады. ХЖ – нің сыртқы ортасы дегеніміз - әлемдік экономика және әлеуметтік сала болып табылады. Әлемдік экономика дегеніміз – экономикалық әлеуеттіліктің тұтас жиынтығы болып табылады. Ол әлемдік саясатқа шешуші түрде ықпал етіп отырады.
ХЖ өзінің қызметін әлемдік және аймақтық саяси, құқықтық, экономикалық және мәдени құрылымдар арқылы жүзеге асырып отырады. Негізгі жаһандық ұйымдарға (өзінің жетекші ұйымдарымен БҰҰ, Халықаралық банк, ХВФ, ЮНЕСКО, БДҚҰ), жаһандық – аймақтық ұйымдарға (үлкен жетілік, ОБСЕ), аймақтық ұйымдарға (ЕО, НАТО, АСЕАН) және т.б жатады.
ХЖ-нің субъектілерінің сапалық өзгеруі, сыртқы ортадағы елеулі өзгерістер құрылымдық өзгерістер мен халықаралық қатынастардың тарихи дамуына әкеледі. Тарих халықаралық қатынастар жүйесінің сапалық жағынан сан - алуан болғандығына куә болған. Халықаралық қатынастарды жіктеудің өлшемі ретінде ХЖ – гі күштер орталығын қалыптастыруға бағытталған әрекеттердің сипаты мен халықаралық алаңдағы үстемдікке қол жеткізу үшін жасалатын күрес алынады.
Осылайша мынандай типтерді жіктецге болады:
1) Күштердің тепе – теңдігі жүйесі – ХІХ екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында орын алған дәстүрлі ахуал, мұнда барлық мемлекеттер өздерінің кауіпсіздігін түрлі одақтар құру арқылы қамтамасыз етуге тырысты. Одақтар мен соғыстардың басты бағытты үстемдікке ие болуға талпынған мемлекетке қарсы бағытталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң бұл жүйе екіжақты (биполярлық) жүйеге алмасты.
2) Биполярлық жүйе немесе екіжақты жүйе - бұл екі супердержаның немесе екі одақтың арасындағы теке – тіресті сипаттайтын жүйе болып табылады. Бұл жүйенің тұрақтылығы ядролық қарудың тежеуші факторы мен екіортадағы қатынастарды реттейтін ұйымның әмбебаптылығына негізделеді
3) Әмбебап жүйе бірқатар саяси өкілеттіліктерді әмбебап ұйымға берудің нәтижесінде орнауы мүмкіндігі айтылады
4) Иерархиялық жүйе халықаралық ұйымның беделінің артуының немесе бір супердержаваның үстемдігінің орнауы нәтижесінде мүмкін екендігі болжануда.
5) “Вето” жүйесі – ядролық қаруға ие, бірақ одақ құрауға бейім емес бірнеше мемлекет болғанда орнайтын саяи жүйе.
Бүгінде біз өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Биполярлық жүйе өткеннің еншісінде қалды, халықаралық қатынастардың жаңа орталықтары мен жаңа құрылым қалыптасып келеді.
Халықаралық қатынастар негізгі екі қағидат: күш пен құқыққа негізделеді. Қарама – қарсы жақ халықаралық құқықтың ережелерін мүлтіксіз орындауға және ұлттық құрылымнан жоғары тұратын халықаралық заңшығарушы ұйымды қалыптастыруға шақырады. Қазіргі кезеңдегі жағдайға қарап бағалайтын болсақ ахуал мынандай: саясат мемлекетаралық мүдделердің реттеудің құралына айнала түскен сайын құқықтың күштен үстемдігі соншалықты айқындалып келеді.
Халықаралық құқықтың мазмұны барша мойындаған ережелер мен қағидаттардан (принциптерден) тұрады.
Халықаралық құқықтың ережесі дегенде ХҚ субъектілері заңды деп мойындаған ұстанымдарды айтамыз. Ең елеулі ережелер ХҚ – тың қағидаттары деп аталады.
Қазіргі кездегі халықаралық тәртіп БҰҰ Уставында (1945 ж.), Хельсинки өткен ЕЫКК-ның қорытынды актілерінде (Европадағы Ынтымақтастық пен Кауіпсіздік Кеңесі 1975 ж.), Европаға арналған Париж Хартиясында (1990) көрсетілген ХҚ – тың ережелері мен қағидаттарына негізделген.
Жер шарының бір түкпірінде бой көрсеткен шиеленіс болса, оған бүкіл дүние жүзі елең етіп, жауапкершілікпен қарайтын болды. Бұл ретте халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен арнаулы мекемелерінің атқарып отырған игілікті әрі ықпалды іс - әрекеттерін ерекше атаған жөн.
БҰҰ – ның негізгі мекемелерінің қатарына Бас ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік кеңестері, Қамқорлық бойынша кеңес, Халықаралық сот, БҰҰ мамандандырылған мекемелері ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселерін қарайтын ұйым), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымдары), ЮНИДО (Өнеркәсіптік даму туралы ұйым), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), МАГАТЭ (Атом энергия бойынша халықаралық агенттік) БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы).
Қазіргі заманғы әлемдік саяси үрдістердегі ағымдар:

  • Нарықтық қатынастардың әлемді тұтас қамтып, қанат жаюда;

  • Мемлекеттердің басым көпшілігінде демократиялық қатынастар орнауда;

  • Авторитарлық – тоталитарлық саяси режимдердің ыдырауы;

  • Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өскелең сипат алуы;

  • Халық бұқарасының саяси оянуы және ұлттық сана-сезімнің арта түсуі;

  • Қалың көпшіліктің саяси үрдіске қатысуға ұмтылуы;

  • Жалпы адамзаттық құндылықтардың алдыға шығып, қоғам дамуының, оның қауымдастық есебіндегі бір тұтастығының өзегіне айналуы.

Халықаралық қатынас дегеніміз - әлемдік қауымдастықтықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жүйеленген жиынтығы. Әлемдік қауымдастықтың субъектілеріне халықтар, мемлекеттер, қоғамдық күштер, қозғалыстар мен ұйымдар жатады.
Осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

  • Біріншіден, ол бүкіләлемдік сипатқа ие, яғни аймақтық ауқыммен немесе нақты бір салалармен шектелмейді;

  • Екіншіден , оған кешендік, жүйелік сипат тән.

Осы заманғы халықаралық қатынастардың, соған орай халықаралық саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

  • Демократизация – мемлекеттердің ішкі саясатында және өзара қарым – қатынастарда демократия принциптерін басшылыққа алу;

  • Демилитаризация – халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру, елдер мен халықтар арасындағы өзара сенім мен сыйласым орнатып, қарусыздану процесін пәрменді жүргізу;

  • Деидеологизация – халықаралық қарым – қатынастарды реттеуге идеологиялық тіресуден, қасаңдықтан бас тартып, жалпы адамзат мүддесін жоғары ұстау;

  • Гуманизация – халықаралық қатынастарға ізгілік, адамгершілік, имандылық сипат беру, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саясат адамға қызмет ететінін, адамның бостандығы мен құқығы ең жоғары құндылық екенін үнемі басшылыққа алу.

Халықаралық саяси қарым – қатынас әр мемлекеттің сыртқы саясатынан нақты көрініс табады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым-қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды. Ұлттық мүдде сыртқы саясаттың бағыт – бағдарларынан көрініс табады.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі – бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай-ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау – қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады.
Дегенмен де осы заманғы мемлекеттердің сыртқы саяси іс - әрекеттерінің негізіне жататын ортақ принциптер бар екеніне назар аударған жөн:

  • Бейбіт қатар өмір сүру – бұл принцип мемлекетаралық қарым – қатынастарда жалпыдемократиялық нормаларды басшылыққа алуға негізделген: күш қолданбау, басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, дербестігін, территориялық тұтастығын, адам бостандығы мен құқығын құрметтеу, екі жақты тиімді қарым – қатынас жасау, т.б.;

  • Мүдделер тепе – теңдігі – мемлекеттердің мәселелерді бірігіп шешуге ұмтылысы, екі жақты тиімді қарым – қатынастар орнатуға құлшынысы;

  • Жалпы адамзаттық мүдделердің маңыздылығын, жоғарылығын мойындау, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мүддені үйлестіре білу;

  • Халықаралық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуге ат салысу;

  • Мемлекетаралық қарым – қатынастарда идеологиялық шеңберде тұйықталуды аластау.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамастықта ылайықты орын алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150 – ге жуық мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. Біріккен Ұлттар Ұйымына және көптеген елдер мен дүниежүзілік қауымдастықтарға мүше болды. әлемнің көптеген елдерімен терезесі тең қарым – қатынасқа түсіп, экономикалық, ғылыми – техникалық, мәдени байланыстарын дамытуда. ҚР сыртқы саясаты көпвекторлы болып табылады. Оның Еуропа мен Азияның түйілісіне орналасуы, табиғи ресурстары, ұлан – асыр аумағы, көп ұлтты этнодемографиялық құрылымы – сыртқы саясатты анықтаудың түйінді негіздері болып табылады. Ресей, Белоруссия және Қырғызстан мемлекеттерімен экономикалық және гуманитарлық интеграция процесін тереңдету жолындағы қадамы, шығыс көрші Қытаймен, мұсылман елдерімен түркі мемлекеттерімен қарым – қатынасының арналы жүйеге түсуі құптарлық.
Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттік құрылыстың ажырамас бөлігі бола отырып елдің ішкі ахуалымен , жүргізіліп отырған реформаларының барысымен тығыз байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет