9.2 Теориялық мәліметтер Message командасы жүктелу кезіндегі кездейсоқ хабарламаларды баяндайды. Image жолынан бастап әр түрлі операциялық жүйеге сәйкес келетін конфигурациялық файлдардың секциясы жүреді. Әрбір осындай секцияда label жолы бар. Бұл жолда Lilo-ның шақырылуына жауап жазылады немесе командалық мәзір ретінде беріліп, жүктелетін операциялық жүйені қолданушы таңдап алады. Егер delay жолында ат енгізілмесе, уақыт өткеннен кейін файлда бірінші тұрған операциялық жүйе таңдалып жүктеледі. Жүктелетін жүйені келісім бойынша default=dos командасымен жазуға болады.
Table= жолы диск бөлу кестесі тұрған орынды көрсетеді. Lilo дисктерді бөлу туралы ақпараттарды операциялық жүйеге бермейді.
Егер сіз other=/dev/hdal жолын etc/lilo.conf файлында көрсетсеңіз, онда C:\dev\hdal түбір каталогында екінші жүктелуші болу керек. Компьютерде көп вариантты жүктелу болғанда Lilo Windows NT-ні жүктейді. Бірақ, boot.ini файлында уақыт ұстанымын 0 деп белгілеу керек, өйткені NT Loader мәзірін алмау үшін жасалады. Егер сіз бұл мәзірді көргіңіз келсе, boot.ini файлында timeout 0-ден өзгеше мән беру керек. Мән секундпен беріледі.
Егер сіз Windows операциялық жүйесін Lilo-ның көмегінсіз жүктегіңіз келсе /etc/lilo.conf файлына бір секция қосамыз:
Other = /boot/bootsect.dos;
Label=Win.
Bootsect.dos файлы NT loader тұрған түбір каталогтан алынады.
/etc/lilo.conf файлын түзеткеннен кейін /etc/lilo командасын орындаңыз.
Бұл команда машинаның келесі жүктелуінде жүйенің екінші жүктеушісін
орнатады. /etc/lilo-ны
Жіберместен
бұрын, жүктелетін
процедуралар
модификациясы үшін бұл команданы
t-параметрімен орындаңыз. Осы кезде
жүктеушінің барлық
процедуралары орындалады, бірақ map файлдарға
жүктелу секторының өзгерген жазбалары, дискті бөлу кестесі өзгеріссіз қалады.
Егер v-операциясын қоссаңыз /etc/lilo.conf командасы туралы толық мәлімет аласыз.
/sbin/lilo жүктелетін секторды қайта жазғанда бұл сектордың мазмұны автоматты түрде файлда сақталып қалады. Келісім бойынша бұл файл /boot/boot.b.NNNN, NNNN-құрылғы номеріне сәйкес келеді. Мысалы: 0300-
бұл /dev/hdа, 0800-/dev/sda т.с.с. Егер мұндай файлдар болса, қайта жазылмайды. Жүктелетін секторды сактау үшін альтернативті файл беруге болады.
Boot/boot.NNNN файлын жүктелетін секторлық ескі мазмұнды қайта қалпына келтіру үшін қолданамыз. Сәйкес команда келесі түрде болады:
[root::~#] dd if =/boot/boot.0300 of =/dev/had bs 446 count = 1
немесе
[root::~#] dd if =/boot/boot.0800 of =/dev/sda bs 446 count = 1
Bs=446, өйткені біз тек жүктеуші бағдарламаны ғана қалпына келтіреміз. Егер сізде жүйе бұзылса, MBR-ден ескі жүктелу жазбасын келесі команданы жаза отырып, қалпына келтіреміз:
[root::~#] dd if=/rant/MBR of= dev/hdа bs=446
Count=1
Дискета /mnt каталогында монтировка жасалған. MBR-ді опциялық /sbin/lilo командасымен қалпына келтіруге болады. Бұл команда тек Lilo каталогын инсталляция жасау кезінде өзгермеген жағдайда ғана орындалады. Стандартты MBR-ді DOS-тың жүктелу дискетасының көмегімен қалпына келтіруге болады, яғни MBR-ді fdisk/mbr командасының көмегімен қалпына келтіреміз. Ол MBR жүктелуінде бағдарлама кодын дискті бөлу кестесіне тиіспей өзгертеді.
Жүктеушіні орнатқаннан кейін компьютерді қайта жүктеу керек. Lilo-ны пайдаланғанда қандай қиындықтар туатынын айта кетейік. Lilo жүктелгенде дисплейде “Lilo” жазуы шығады. Егер жүктелу үрдісінде пайда болған әріптер көмегімен қателер себебін анықтауға болады:
CJ - ешқандай жазба енгізілмеген, Lilo-ның ешқандай бөлігі жүктелген жоқ. Lilo орнатылмаған немесе Lilo тұрған бөлім активті емес.
L - бірінші жүктелуші жүктелді, бірақ екінші жүктеушіні жүктей алмады. Екі мәнді қате коды мәселесінің нақты себебін көрсетеді. Бұл жерде ақпарат тасушы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін немесе берілген дискінің геометриясы дұрыс емес. Егер тек Lilo тоқтап, бағдарлама ары қарай жүрмесе, бұл мәселе тез шешіледі.
Li - бірінші жүктеуші екінші жүктеушіні жүктеді, бірақ тапсырма орындалмады. Бұған себеп /boot/boot.b файлы /sbin/lilo-ға жүктеусіз көшірілді немесе диск геометриясы қате берілген.
Lil - екінші жүктеуші жүктелді, бірақ map файлдардан дискриптор лар кестесін жүктей алмады. Себебі диск геометриясы қате немесе /boot/boot.b файлы /sbin/lilo-ға жүктеусіз көшірілген. Lilo - Lilo-ның барлық бөлімі табысты жүктелді.