12 Зертханалық жұмыс №12. BASH интерпретаторын қолдану
Жұмыстың мақсаты: Bash интерпретаторымен жұмыс жасау.
12.1 Жұмыстың тапсырмалары
Шартты операторлармен жұмыс жасау.
Циклдермен жұмыс жасау.
Күрделі сценарий құру.
12.2 Теориялық мәліметтер
Тәжірибеде келтірілген берілгендер немесе аралық нәтижелердің мәндеріне байланысты кейбір операторлары орындалатын, ал қалған операторлары орындалмайтын алгоритмдер кездеседі. Мұндай алгоритмдерді тармақталушы құрылымды алгоритмдер деп атайды. Басқаша айтқанда, алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екi немесе екiден де көп тармақтары бар алгоритмді тармақтақталушы құрылымды алгоритм деп атайды.
Осы алгоритмді бағдарламалау барысында көшу операторлары және таңдау операторы қолданылады. Көшу операторлары екіге бөлінеді: шартты көшу операторы және шартсыз көшу операторы.
Шартты көшу операторы жағдайында таңдалынған оператор тек қайсыбір шарт ақиқат болса ғана орындалады. Егер шарт жалған болса, else сөзінен кейінгі оператор орындалады. Оператордың толық жазылуы:
if 1-шарт then 1-оператор elif 2-шарт then 2-оператор else 3-оператор fi Егер 1-шарт ақиқат болса, онда 1-оператор орындалады. Егер 1-шарт
жалған болса, онда 2-шарт тексеріледі. Егер 2-шарт ақиқат болса, онда 2-оператор орындалады, әйтпесе басқару келесі командаға өтеді.
Elif блоктарының санына шектеу қойылмайды.
Көп жағдайларда аргументтердің әр түрлі мәндері үшін алгоритмнің белгілі бір бөліктерін немесе операторлар тобын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай құрылымды алгоритмдерді ұйымдастыру үшін қайталанушы құрылымды алгоритмдер қолданылады.
Bash интерпретаторы қайталанушы құрылымды алгоритмдердің төрт түрін қамтиды. Олар: For, While, Until және select .
Цикл дегеніміз – қайсыбір шарт орындала бергенге дейін белгілі бір амалдар тізбегін бірнеше рет жүзеге асыратын (не бірде–бір рет орындалмайтын ) әрекетті ұйымдастыру түрі.
Циклдiк құрылымды алгоритмдi бағдарламалауда, қайталанушы процесс бiр айнымалының мәнiне тәуелдi болса, For операторын қолданамыз. Параметрлі For операторында айнымалы тек бiр қадамға ғана өзгере отырып, циклдi басқарады. Бұл, айнымалы циклдiң параметрi делiнсе, For операторын параметрлi қайталану операторы деп атайды. for операторының жалпы түрі:
r айнымалы in 1-тізім do 2-тізім done
While операторының жазылуы:
While 1-тізім do 2-тізім done
Достарыңызбен бөлісу: |