Ақ Алматы технологи



бет31/31
Дата04.03.2022
өлшемі381 Kb.
#27046
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
13.4 Бақылау сұрақтары
14.4.1 Тапсырмаларды жобалаушы дегеніміз не?
14.4.2 Тапсырмаларды жобалау не үшін керек?
14.4.3 Anarcon тапсырмаларды жобалаушының атқаратын қызметі қандай?
14.4.4 Atd тапсырмаларды жобалаушы қызметінің ерекшелігі неде?

14.4.5 /etc/anarcrontab қандай файл?

14.4.6 Енгізуді аяқтау командасын көрсетіңіз.
14.4.7 Орындалуға кезекте тұрған тапсырмалардың номерін қалай көруге болады?
Зертханалық жұмыс № 14. Резервті көшірме алу
Жұмыстың мақсаты: резервті көшірме алу.
14.1 Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар


  1. Резервті көшірме алу.

  2. Резервті көшірмені сақтау.


14.2 Теориялық мәліметтер
Кез-келген операциялық жүйеде жұмыс істеген кезде маңызды ақпараттың резервті көшірмесін жасау қажеттігі жиі туындайтыны белгілі. Ондай жұмыс үшін архиватор-бағдарламалар және сығу бағдарламалары қажет.
Линукс ОЖ-нің жеткізу жинағына негізінде бірден бірнеше архивтеу және/немесе сығу бағдарламалары кіреді. Бірақ Unix-like ОЖ үшін tar архиваторы және gzip(GNU zip) сығу бағдарламасы de facto стандарты болып табылады.
Tar (GNU tar – GNU tape arhiver) – архивтер жасауға арналған бағдарлама. Қазіргі заманғы tar сығуды қамтамасыз етеді, бірақ Линукс пен Юникстің ертерек версияларымен сәкестендіру үшін, сығылған tar архивін қолданған дұрыс, немесе оны сығу утилиттарының біреуін жасаған соң сығуға болады.
Tar архиваторының көптеген параметрлері мен қасиеттері бар. Біз олардың ішіндегі ең көп қолданылатынын қарастырайық:
-c – архив жасау;

-r – файлдарды архивке қосу;

-A – tar-файлдардың құрамын архивке қосу;
--delete – файлдарды архивтен жою (архивтік ленталарда қолдану мүмкін емес);

-t – архивтегі файлдар тізімін шығару;

-x – архивтен файлдар шығарып алу;

-f – ақпарат файлдан шығарылып алынатын болады;


-v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару. Gzip options filename - файлдарды компресстеу (сығу) утилиті. filename
файлын сығуды, декомпресстеуді жүргізу немесе options қасиеттеріне сәйкес басқа да қатар әрекеттер:
тек қана файл атауы – осы файлды сығады; -d – файлды декомпресстеу;

-t – архивтің бүтіндігін тексереді;


-v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару. Көптеген файлдардан сығылған архив жасау үшін бірден осы екі
утилитті каналдар арқылы ақпараттар жіберу арқылы қолданыңыз немесе оларды командалық жолдардан тізбектеп жіберу арқылы.
14.3 Зертханалық жұмысты орындау реті
14.3.1 Резервті көшірме алуды архиваторлар көмегімен орындаймыз.
14.3.2 Резервті көшірмені сақтау жанама мәзір көмегімен жүзеге асады.
14.4 Бақылау сұрақтары
14.4.1 Резервті көшірме дегеніміз не?

14.4.2 Қандай жағдайларда файлдық жүйе зақымдалады?

14.4.3 Резервті көшірме қалай құрылады?

14.4.4 Резервті көшірмені сақтау ережелері.



14.4.5 Файлды декомпресстеу командасын атаңыз.
14.4.6 Архивтің бүтіндігін қалай тексеруге болады?
14.4.7 Орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару қалай жүзеге асады?
14.4.8 Gzip options filename утилитінің атқаратын қызметі қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет