6-тапсырма. Кестенің оң жағы мен сол жағын сәйкестендіріңіз. 1. Қазақстан экономикасының
маңызды
инвесторы
бола
алатын бірден-бір ел – ол
Жапония.
1. Бұл мұнай өндіру саласындағы ынты-
мақтастыққа жол ашады.
2. Қазақстанның Азиядағы рөлі
мен орнын нығайту өте маңыз-
ды.
2. Бұл Түркияның өз аумағында
мұнайды тасымалдау жобаларын іске
асыруға мүдделілігі арқылы жүзеге
асады.
3. Қазақстан өзінің көліктік
коммуникациясын әлемдік ры-
нокқа шығара алады.
3. Сондықтан Жапонияның БҰҰ Қауіп-
сіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өту
талабын Қазақстан қолдайды.
4. Иранның географиялық орна-
ласуы Қазақстан үшін өте
қолайлы.
4. Ол Қазақстан еуропалық жетекші
мемлекеттермен
қарым-қатынас
жасаумен мүмкіндік береді.
5. Қазақстанға Сауд Арабиясы
және Парсы Шығанағындағы
елдермен ынтымақтастықты да-
мыту қажет.
5. Бұл тұрғыда Сингапур, Корея, Малай-
зия, Индонезия сияқты елдердің біздің
еліміз үшін маңызы өте зор.
6. Ұзақ мерзімді перспективада
Еуропалық
Одақтың
орны
бөлек.
6. Өйткені Иран еліміздің әлемдік
коммуникацияға шығуына мүмкіндік
береді.
7-тапсырма. Мәтіннен мына сөз тіркестері кездесетін сөйлемдерді тауып, оқыңыз. Түркі мүдделері, қарқынды дамыған, ынтымақтастық жасасу, елеулі
әлеует, отын-энергетика қоры, құрлықтың атынан, белсенді позиция, саяси
прагматизм, ұлттық мүдделер.
8-тапсырма. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкіндіктер береді деген сұраққа жауап беріңіз. Ресей Федерациясы ......................................................................................
Қытай Халық Республикасы ......................................................................
Жапония ....................................................................................................
Египет Араб Республикасы ........................................................................
Сауд Арабиясы ...........................................................................................
Түркия ..........................................................................................................