А. Амангелді, С. Симбаева


«Тұран-Астана» университеті Ғылыми кеңесімен  баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет2/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
 
«Тұран-Астана» университеті
Ғылыми кеңесімен 
баспаға ұсынылды
 
 
 
ISBN 78-601-7871-58-1
 
 
 
© «Тұран-Астана» университеті 
© Амангелді А., Симбаева С., 2019 



 
 
АЛҒЫСӨЗ 
 
Дүниежүзілік ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен
әлемдік жаханданудың үдерісімен байланысты Қазақстанда білім берудің 
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік кеңістікке енуге бағыт алды. 
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты 
міндеті. Себебі қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйесінде тұлғаны 
жаңа форматта қалыптастыру бағытында саналуан жұмыстар жүргізілуде. 
Оның ең бастысының бірі – білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре 
отырып, білім мен тәрбиені әлемдік жүйеге жақындастыру. 
Қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесінің 
өсуімен, қоғамдық рөлінің артып, әлеуметтік қызметі аясының кеңеюімен 
байланысты болашақ маман иелерін кәсібіне қарай бағыттай отырып білім 
беру басымдылыққа ие. Қазақ тілін ғылым мен білімнің, техниканың тіліне 
айналдыру мәселесі де бүгінде өткір қойылып отыр. Сол сияқты кәсіптік 
қазақ тілін оқытуда тіл үйренушілерге сөйлесім әрекетінің түрлерін 
қатысымдық мақсатта меңгерту – қазіргі заманғы лингводидактикадағы 
өзекті мәселенің бірі. Заман ағымына лайықтап, жаңадан қалыптасып 
жатқан термин-сөздер тасқынын сараптап, саралап, тіл үйренушінің 
деңгейіне лайықтап беру де өте маңызды.
Аталған болашақ мамандық иелеріне көмек көрсету, білім 
алушылардың тілін коммуникативтік тұрғыдан дамыту; сөздік қорларын 
мамандыққа қатысты лексикамен толықтыру; кәсіби тақырыптағы 
мәтіндерді түсініп оқып, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету – тұлғаны 
қалыптастырудың басты шарты. Сол себепті білім алушылар болашақ 
мамандықтары бойынша естігенін, көргенін, оқығанын қазақ тілінде 
әңгімелеп беруге және алған білімдерін тілдік қатынаста қажетіне қарай 
қолдана білуге дағдыландынуы, өздерінің болашақ мамандықтарына 
қатысты неғұрлым көбірек терминдерді меңгеруі тиіс. 
«Кәсіби қазақ тілі» оқулығы халықаралық құқық, халықаралық 
қатынастар мамандықтарына арналған. Бүгінгі таңда білім алушы 
тұлғаның бойында академиялық білім мен қоса белгілі дағды қалыптасуы 
шарт. Тіл сабақтарында негізінен жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым 
дағдыларына көбірек көңіл бөлінеді. Сол себепті де оқулықта осы 
дағдыларды қалыптастыруға негізделген тапсырмалар қамтылған. «Кәсіби 
қазақ тілі» пәні кәсіптік білімді мемлекеттік тілде меңгертуге негізделеді.
Оқулық құрылымы осы мақсат талабы негізінде түзілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет