А. Амангелді, С. Симбаева


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ



Pdf көрінісі
бет6/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 
 
1-тапсырма. Бір елді (өз қалауыңыз бойынша) таңдап алып, сол 
ел туралы реферат дайындаңыз. 
2-тапсырма. Төмендегі мәліметтерді мүмкіндігінше пайдаланып, 2 
кроссворд құрастырыңыз. 
ЕЛДЕР МЕН ХАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ 
«Еуропаның орман цехы» атанған ел – Финляндия. 
«Еуропаның сүт фермасы» атанған ел – Швейцария. 
Швейцарияда орден, медальдар жоқ. 
Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды. 
Ұлыбританияда конституция жоқ. 
Ең суық астана – Улан-Батор. 
Ресми астанасы жоқ мемлекет – Науру. 
Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ. 
Пошталық жөнелтулер тегін болатын жалғыз ел – Андорра. 
Рим атты қала барлық континентте бар. 
Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы жалғыз ел – Ливан. 
Иран туында «Аллах акбар» деген жазу 22 рет жазылған. 
Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Еуропа. 
Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда. 
Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл. 



Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз. 
Қытайлықтар мен корейліктерде фамилия алдымен айтылып, жазылады. 
Чилидің Атакама шөліндегі Калама қаласында мүлде жаңбыр жаумайды. 
Оңтүстік Америкада екі ел ғана мұхитпен шектесіп жатқан жоқ – Боливия 
мен Парагвай. 
Эфиопия ешқашан Еуропалық колония болмаған. 
Барлық мұхиттан қашықта жатқан нүкте – Қытайда. 
Жердегі ең таза теңіз – Антарктидадағы Уэддел теңізі. 
Саясат пен соғыс туралы 
Жүз жылдық соғыс жүз емес, жүз он алты жылға созылған. 
Наполеон армиясында солдаттар генералдарға сен деп айтатын болған. 
Ежелгі Русьте шегірткелерді инелік деп атаған. 
Англияда шыққан бірінші кітап шахмат туралы болған. 
Президент Тафттың салмағы 160 келі болған. 
Телефонды алғаш пайдаланған АҚШ президенті – Джеймс Гарфилд. 
АҚШ президенттерінің ең бәкенесі Джейм Мэдисон (1,62 м), ал ұзын 
бойлысы Абраам Линкольн (1,93 м) болған. 
Он және жүз долларлық банкноттарда бейнеленген Александр Гамильтон 
мен Бенджамин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет