9
2-сабақ
ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕР
1-тапсырма. Мәтінді дауыстап оқыңыз.
2-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аударып,
олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, қай шақта
тұрғанын анықтаңыз.
4-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1 Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзі елдерін неше топқа бөледі?
2 Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзі елдерін қандай принциптерге
сүйене отырып топтайды?
3 Экономикасы дамыған елдердің қатарына қандай елдер кіреді?
4 Жан басына келетін жалпы ішкі
өнім мөлшері дегенді қалай
түсінесіз?
5 “Батыс елдерінің үлкен жетілігіне” қандай елдер енеді?
ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕР
Дүние жүзі елдерін территориясының көлемі мен географиялық
орнына, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық
даму деңгейіне қарай
бір-бірінен ажыратуға болады. Осы тұрғыдан алғанда оларды басты екі
түрге бөледі: 1) экономикасы дамыған елдер; 2) дамушы елдер.
Біріккен
Ұлттар Ұйымы экономикасы дамыған елдердің қатарына
Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австралия мен
Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады.
Олардың бәрінің
экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына
келетін
жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай мол. Алайда бұл елдер
тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі
болып келеді және оның
құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады.
Олардың бірінші топшасын
«Батыс елдерінің үлкен жетілігі»
құрайды. Оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия және
Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі
экономикалық және саяси іс-
әрекетімен көзге түсетін жетекші елдері.
Бұлардан гөрі
орташа елдерді, ең алдымен Еуропа елдерін (Австрия,
Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция және т.б.) екінші топшаға жатқызуға
болады. Жекелей алғанда, әрқайсысының саяси және экономикалық қуаты
үлкен болмаса да, олар үлкен дүниежүзілік
мәселелерде жалпы алғанда
зор, өскелең рөл атқарады. Олардың көпшілігі жалпы ішкі өнімді жан
басына есептегенде «Үлкен жетілік» елдеріндегідей мөлшерде өндіреді.
Дүние жүзінің
дамыған елдерінің арасында, әдетте,
жаңа
Достарыңызбен бөлісу: