32
4 Халықаралық
құқық
нормаларында
мемлекеттің
үстінен
қолданылатын күштеу құралдары бола ма?
5 Халықаралық қатынастар жүйесін қалай түсінесіз?
7-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне қажетті
жалғаулар қосып, сөйлем құраңыз.
1 құқық, халықаралық, пайда болды, даму, қоғам, барысы;
2 халықаралық, адамзат, даму, нәтижесі, құқық, қоғамы;
3 ережелер, белгілі, мемлекеттер, жүріп-тұру, бір, қолданады;
4 сәйкес, дипломатиялық қызмет, құқық, жүргізіледі, сыртқы саясат,
халықаралық, пен.
8-тапсырма. Асты сызылған сөздерге сұрақтар қойыңыз.
1 Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеушілік
қызметін атқарады.
2 Халықаралық құқықтың реттеушілік қызметі мемлекеттердің бұзуға
болмайтын ережелерді қабылдауынан көрінеді.
3 Халықаралық құқық мемлекеттердің заңды құқығы мен мүддесін
қорғайды.
4 Сыртқы саясат мемлекеттің халықаралық істерінің жалпы бағытын
айқындайды.
5 Дипломатия – сыртқы саясатты іске асырудың ең маңызды құралы.
9-тапсырма. Анықтаңыз: шын немесе жалған.
1 Халықаралық құқық ұғымының алғашқы мағынасы халықтар
арасындағы құқықты білдірген. ...
2 Уақыт өткен сайын құқықтың дәстүр түрінде көрінуіне әкелді. ...
3 Халықаралық
құқықтың
даму
заңдылықтары
халықаралық
қатынастардың заңдылықтарына сәйкес болмайды. ...
4 Халықаралық құқықтың реттеушілік қызметі мемлекеттердің бұзуға
болмайтын ережелерді қабылдауынан көрінбейді. ...
5 Халықаралық қатынастарда мемлекеттерге үстемдік ететін күштеу
құралдары халықаралық құқықтың нормаларында болмайды. ...
6 Дипломатия халықаралық құқықтың нормаларын жасаудың
маңызды құралдарының бірі емес. ...
Достарыңызбен бөлісу: